Мозаика өнері. Мозаика орындаудың түрлері мен техникалары. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, дидактикалық материал.


https://massaget.kz/blogs/20647/

Мозаика (французша, италянша. – музаларға арналған) – жылтыр тасқыш тақташыны сынықтарынан құрастырылған ою-өрнек, сурет-бейне (инкрустация), байырғы өнер саласы. Ежелгі Мысыр перғауындары заманында патша маскалары, тақ-орындықтар, саркофагтар мозаикамен әшекейленген. Тутанхамон патшаның тағы (б.з.б. 14 ғ.) түрлі асыл тастармен зерленген мозаика өнерінің үздік туындысы. Мозаика Ежелгі ГрекиядаИталияда жақсы дамыған. Помпей, Пергам қалаларында жүргізілген археологиялық, қазбалар нәтижесінде б.з.б. 4 – 1 ғасырларға жататын мозаика шығармаларының тамаша үлгілері табылған. Көне қала үйлері мен әуіздерінің қабырғасы, едені, төбесі өсімдік, жәндік, балық бейнелерімен көркемделген. Вавилонда б.з.б. 6 ғасырда тұрғызылған Иштар қорғанындағы нақыштар мозаика өнерінің бірегей туындысы болып табылады. Қорғанның өзі майоликалық кірпіштермен көмкеріліп, аңдардың кескіні мозаика тәсілімен нақышталған. Б.з. 6 – 9 ғасырларында Византияда (қазіргі Түркия аймағы) мозаика кеңінен өркендеді. Мұндағы көне патша сарайлары, шіркеу үйлері (мысалы, Равенна қаласындағы Равеннад шіркеуі), т.б. құрылыс орындары мозаика үлгілерімен өрнектелген. Византия мозаика мектебінің ықпалы 10 – 11 ғасырларда Киев, Владимир-Суздаль қаласында тұрғызылған шіркеу ғимараттарын безендіруде анық байқалды. Түркістан қаласында тұрғызылған Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде мозаика кеңінен пайдаланылған. Қазақстанда монументті-сән өнерінің қанат жаюымен байланысты 20 ғасырдың 60 – 70 жвлдары мозаика кеңінен қолданыла бастады. Техникалық орындалуы тұрғысынан сәтті туындылар қатарына М.Кенбаев пен Н.В. Цивгинскийдің “Қазақстан кинотеатры фойесі” (1971, Мәскеу), Е.М. Сидоркин мен Г.И. Дандерфердің “Алматы музыкалық колледжі үйіндегі бедерлі мозаика” (1969 – 70), М.Кенбаевтың “Қазақстан” дүкені алдындағы, С.Қаракөзовтың Алматы эстрада-цирк колледжіндегі мозаика туындыларын жатқызуға болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу