Роботты дайындау. Нобай. Материалдарды таңдау. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал 2.


Әдістемелік нұсқаулық

3 тарау: Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Роботты дайындау. Нобай. Материалдарды таңдау

Сабақ мақсаты:

6.1.5.1

композицияның негізгі заңдылықтарын сақтай отырып, әр-түрлі нысандардың дизайны бойынша тапсырмалар орындау

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі. Бұл үшінші тоқсанның алтыншы сабағы. Мұғалімге оқушыларды сабаққа ынталандыру үшін сабақтың басында «Бұл не?» атты әдісті қолдану керек. Бұл тапсырманы өткізу үшін мұғалімге роботтардың суреттері пазл тәріздес етіп қию қажет. Оқушылар пазлдарды өзара біріктіру арқылы топтасып, суретте бейнеленген не екенін анықтайды.

Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге анықтап, оқушыларды сабақтың барысына енгізу қажет.

Топтардағы жұмыс

Бұл тапсырманы оқушыларды топтастыру арқылы орындауға болады. Топтастырудың түрлі әдістері бар. Өткен сабақта қолданған «Бұл не?» әдісі арқылы топтастыруға да болады. Пазлдар әдісін де қолдануға болады. Әрбір топқа бір сұраққа жауап беру ұсынылады. Оқушылар сұрақтарға жауап беру үшін ойлану қажет. Ол үшін уақыт бөліңіз. Әрбір топтың оқушылары берілген сұрақтың біріне жауап береді. Жауап беру барысында қысқамерзімді жоспарда көрсетілген терминдік сөздерді оқушылардың қолдануын қадағалаңыз. Сұраққа топ мүшелері түгелі қатысып, жауап тапқанымен, сол жауапты бір оқушы ғана сыныптастарына таныстыра алады. Спикерді оқушылардың өздері таңдауын қадағалаңыз. Сол арқылы оқушыларда өзін өзі реттеу дағдысын дамытуға болады. Төменде сұрақтар берілген. Бұл сұрақтар ұсынылғанын ескертеміз. Сұрақтарды өткен сабақта өткен тақырыптарға сай түрлендіре аласыздар.

  • Роботтардың қандай түрлерінде жүру мүмкіндігі бар?
  • Андроид роботтарға адамның түрлерін анықтап, белгілеу не үшін қажет?
  • Жаңа заманғы роботтарға қолдарына түрлі заттарды ұстай алу қызметі не үшін берілді?
  • Жаңа заманғы роботтарға ауызша командаларды қабылдау не үшін қажет?

Шығармашылық жұмыс

Топтардағы оқушыларға роботтардың эскизді үлгілерін тамашалап, берілген сұрақтарға жауап беру қажет. Тапсырманы орындау үшін үлестірмелі материалдарды қолдану ұсынылады.

Бұл тапсырма оқушыларды шығармашылық жұмысты орындау барысына дайындайды. Роботтардың дизайындарына сәйкес сұраққа жауап беру арқылы оқушылар өздерінің нобайларына идея жинақтайды.

  • Бұл сурет несімен ерекшеленеді?
  • Сурет арқылы автор нені суреттегісі келді?
  • Аталмыш робот дизайнының ерекшеліктерін қалай суреттер едіңіз?

Сұрақтарға жауап бер

Оқушыларға ұсынылған сұрақтарға жауап беру қажет:

  • Роботты жасаудың бастапқы кезеңінде нобайды не үшін орындау қажет?
  • Бұл эскиз қандай мәліметке ие болуы мүмкін?

Оқушылар сұрақтар бойынша ойланып, сыныптастарының алдында сұрақтарға жауаптарын айтады.

Практикалық тапсырма.

Оқушыларға топта роботтарының нобайларын орындайды. Нобай орындау шығармашылық процесс. Сол себепті оқушыларға топта, жұпта идеяларын ортаға салып, талқылауына мән беріңіз. Әдетте топтық жұмыс барысында қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмендеу оқушыдан идеяларын ортаға салып, басым болады. Топтағы оқушылардың барлығы дерлік шығармашылық, креативті тұрғыда біркелкі дамуы үшін топтағы оқушылардың бес минуттай уақыт бөліп, өз идеяларын альбомдарына жазып, салуларына мүмкіндік беріңіз. Сол арқылы оқушылардың барлығына дерлік бірдей идеяларын айтып, ортақ шығармашылық жұмысқа біріктіруге мүмкіндік туады.

Эскиздерін таныстыру.

Оқушыларға топта жасаған нобайларын таныстырып, роботтарын қандай материалдардан жасайтындығын түсіндіру қажет. Бұл тапсырманы орындау үшін сыныптағы оқушылардың санына қарай уақыт бөлу қажет. Сабақтың таныстыру бөлігі оқушылардың бойында коммуникативті дағдыларын дамытуына мүмкіндік береді. Сол себепті таныстыру бөлігіне мән беріңіз. Таныстырылымды оқушылар түрлі үлгіде орындай алады. Таныстыру барысында оқушылар бір бірінің жұмыстарын толықтырып, ойларын ортаға салып, негізді түрде кері байланыс алуына жағдай жасаңыз. Әрбір сабақта таныстырылымды өткізуді дағдылансаңыз оқушылар жүйелі түрде ойларын білдірулеріне мүмкіндік туады.

Таныстырылым:

  • әрбір топ өз постерлерін таныстырады;
  • әрбір топқа 2 минут беріледі;
  • әрбір топ бір сұрақтан дайындайды.

Бағалау:

  • бір-бірінің жұмыстарын таныстырылым барысында сұрақтар қою арқылы бағалайды.

Кері байланыс

Сұраққа жауап беру арқылы оқушылардың аталмыш сабақта өткен тақырыптарды қалайша түсінгендіктерін біле аласыздар.

  • Роботтардың эскиздерінде нені түрлендіру қажет?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу