Роботты дайындау. Нобай. Материалдарды таңдау. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 Бөлім: Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Роботты дайындау. Нобай. Материалдарды таңдау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.5.1

композицияның негізгі заңдылықтарын сақтай отырып, әр-түрлі нысандардың дизайны бойынша тапсырмалар орындау

 Сабақ мақсаттары

  • робототехниканы түсінетіндігін көрсету;
  • өткен сабақта алған біліміне сәйкес роботтың эскизін орындайды.

 Жетістік критерийлері

  • роботтардың тұрмыста қолдануының және қызметінің ерекшелігін түсінеді;
  • шығармашылық эскиз жасау барысында роботтың функционалдық қызметін біледі.

 Тілдік мақсаттар

 

Әртүрлі роботтардың өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттайды.

Оқушылар келесі сұраққа жауап береді:

  • Роботтың шығу тарихы немен байланысты?
  • Роботты жасаудың қандай ерекшеліктері бар?
  • Робот түрлерінің жасалуындағы әдіс-тәсілдерді сипатта?

 Құндылықтарды дарыту

  • Бір-бірімен жұмыс істей алу;
  • Топта жұмыс істеуде шыншылдықты дәріптеу.

 Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта пәнаралық байланыст қарастырылмаған.

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім

Информатика немесе робототехника үйірмелерінде робот түсінігімен таныс болуы мүмкін

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

1-2 мин

1-2 мин

Мотивацияны көтеру.

  • Мұғалім оқушыларды позитивті білім алуына ынталандырады.
  • «Бұл не?» әдісі арқылы оқу үдерісінде жағдай туғызады.

Оқушыларға таңдау бойынша роботтардың элементтері бейнеленген карточкалар таратылады. Белгілі бір уақыт кезеңінде оқушыларға біркелкі суретті құрастыру қажет. Сол арқылы топтасып, әрі қарай жұмыс істеулеріне мүмкіндік алады.

Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру.

Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін айту.

Дидактикалық материал 1

(карточкалар)

Электрондық

презентация

Сабақтың ортасы

2-3 мин

2-3 мин

15-20 мин

Өткен сабақтың материалын еске түсіру.

Оқушылар «Бұл не?» әдісі бойынша топтасқан топтарымен жұмысты жалғастырады. Әрбір топқа берілген сұрақтарды таңдап, жауап беру қажет болады.

  • Роботтардың қандай түрлерінде жүру мүмкіндігі бар?
  • Андроид роботтарға адамның түрлерін анықтап, белгілеу не үшін қажет?
  • Жаңа заманғы роботтарға қолдарына түрлі заттарды ұстай алу қызметі не үшін берілді?
  • Жаңа заманғы роботтарға ауызша командаларды қабылдау не үшін қажет?

Шығармашылық жұмыс

Топтардағы оқушыларға роботтардың эскизді үлгілерін тамашалап, берілген сұрақтарға жауап беру қажет:

  • Бұл сурет несімен ерекшеленеді?
  • Сурет арқылы автор нені суреттегісі келді?
  • Аталмыш робот дизайнының ерекшеліктерін қалай суреттер едіңіз?

Сұрақтарға жауап бер

Оқушыларға ұсынылған сұрақтарға жауап беру қажет:

  • Роботты жасаудың бастапқы кезеңінде нобайды не үшін орындау қажет?
  • Бұл эскиз қандай мәліметке ие болуы мүмкін?

Оқушылар сұрақтар бойынша ойланып, сыныптастарының алдында сұрақтарға жауаптарын айтады.

Практикалық тапсырма.

Оқушыларға топта роботтарының нобайларын орындайды.

Эскиздерін таныстыру.

Оқушыларға топта жасаған нобайларын таныстырып, роботтарын қандай материалдардан жасайтындығын түсіндіру қажет.

NAO

Андроид туралы ақпарат

http://dmirix.ru/technology/android-novogo-pokoleniya-video/

Түрлі роботтардың эсиздері бар приложение

Сабақтың соңы

1-2 мин

Таныстырылым:

  • әрбір топ өз постерлерін таныстырады;
  • әрбір топқа 2 минут беріледі;
  • әрбір топ бір сұрақтан дайындайды.

Бағалау:

  • бір-бірінің жұмыстарын таныстырылым барысында сұрақтар қою арқылы бағалайды.

Кері байланыс

  • Роботтардың эскиздерінде нені түрлендіру қажет?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

  • Бірін – бірі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу