Киім (аяқ киім) күтімі мен оларды сақтау. Сақтау ережелері. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.
Әдістемелік нұсқаулық
4 бөлім: Үй мәдениеті
Сабақ тақырыбы: Киім (аяқ киім) күтімі мен оларды сақтау. Сақтау ережелері.
Оқу мақсаты:
6.2.5.5
Шектеулі қолдауда мезгілдік киім мен аяқ-киімдерді күту мен ұзаққа сақтау ережелерін білу және ұстану.
Сабаққа қажетті фактілі материал
Киімді қалай сақтау қажет
Киімді күн сәулесінен, шаң мен күйе көбелектен қорғайтын классикалық шкафты қолдана отырып, дөңгелегі бар жылжымалы ілгіштерден бас тартыңыз. Бірақ жабық тұрған есіктен күйе көбелек кіріп кетпейді дегенге сеніп жүре бермеңіз. Бұған кішкентай шытқа салынған кептірілген қалампыр көмектеседі және оны кезеңді түрде жаңартуды ұмытпай, шкафқа салып қою қажет. Одан басқа, шкафтағы киімнің таза болуын қадағалаңыз – егер матада майлы дақтар не тер іздері болса, синтетикалық маталардың өзін де күйе көбелек жеп тастайды.
Киімді қалай жуу қажет
Киім ұзақ уақыт жаңа сияқты көріну үшін затбелгілерін мұқият оқып, жалпы қабылданған ережелерді сақтай отырып, оны сақтықпен жуу қажет:
- Қара және ашық түсті киімді бөлек, оның ішін сыртқа қаратып, сыдырма ілгегін жабылған күйде жуу қажет.
- Ашық түсті киімге ағартқыш құрамдас бөліктері бар кір жуатын ұнтақты қолданбаңыз. Егер оған күмәніңіз болса, онда барынша суық суды қолданатын бағдарламаны таңдаңыз.
- Жібек киімді қолмен немесе кір жуатын машинада арнайы бағдарламамен жуған дұрыс. Бұндай киімді жазық көлденең бетте кептіріңіз. Жібек, синтетикалық және жылтыраған маталарды төмен температурада ішінен үтіктеңіз.
- Жүннен тоқылған киімді салқын суда қолмен немесе арнайы бағдарламамен жуу қажет. Оларды өте қатты сықпаңыз, жылу көзінен алыс жерде көлденең бетте кептіріңіз.
- Стразалары бар немесе кестеленген киімді де қолмен немесе кір жуатын машинаға арналған контейнерге салып жуу қажет.
- Былғарыдан тігілген киімді өз бетіңізбен тазалауға тырыспаңыз, оны маманға апарып беріңіз. Былғарыны ылғалдан және кірден сақтау үшін арнайы спрей қолданыңыз.
Аяқ киімге қалай күтім жасау қажет
- Былғары аяқ киімді батареяның және жылудың басқа көздерінің жанында кептірмеңіз.
- Лакталған туфли мен сөмкелерде өткізбейтін қабат бар, сондықтан былғарыға арналған спрей көмектеспейді.
Ашық түсті күдеріні немен тазалау қажет
- Күдеріні тамаша тазалайтын құрал сүт болып табылады. Жай ғана мақта дискісін оған малып алып, ұнататын туфлиіңізді сүртіңіз.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Өткен сабақта біз киімді күтудің ережелерімен таныстық. Мезгілдік киімдерді күтудің қосымша ережелері қажет деп ойлайсыздар ма? Неліктен?
Сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін анықтау.
Сұрақтарға жауап бер:
- Киім таңбашаларында қандай ақпарат көрсетілген?
- Қандай матадан жасалған бұйымдарды қайнатуға болмайды? Неліктен?
- Кір жууға қандай белгілер қатысты?
- Тазартуға қандай белгілер жатады?
Топтық жұмыс.
Жыл мезгілдеріне байланысты топтарға бөлу (қыс, жаз, көктем, жаз)
Практикалық тапсырма.
Мезгілдік киімді күту бойынша постер дайындаңдар.
- Күту мен эксплуатацияның ережелері;
- Жөндеу бойынша ерекшеліктер;
- Сақтау ережелері
Постерлерді таныстыру.
Бір-бірлеріңнің постерлеріңді бағалаңдар.
- Ең эстетикалық постер;
- Ең танымдық постер;
- Ең жақсы презентация.
Сабақты қорытындылау.
Кері байланыс.
- Топ мүшелерінің ішінде белсенді сыныптасыңды анықта. Өз таңдауыңды түсіндір.
- Сен үшін сабақта қандай ақпарат жаңа болды?
Өз киіміңді қалай күтер едің?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?