Жартылай дайын өнімдерден тағамдар әзірлеу технологиясы. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тамақтану мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жартылай дайын өнімдерден тағамдар әзірлеу технологиясы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.4.3 Жылдам орындалатын тағамдар мен десерт дайындау технологияларын білу және қолдану.

Сабақ мақсаттары

  • Жартылай дайын өнім туралы түсінік қалыптастыру.
  • Олардың адам ағзасына жағымды және жағымсыз жақтарын өзара салыстыру.
  • Жартылай орындалатын тағамдардың жасалу жолдары мен технологияларымен таныстыру.
  • Керекті құралдарды анықтап, суреттеу.
  • Аз мәзірінің жасалу жолдарын суреттеу.

Жетістік критерийлері

  • Жартылай дайын өнімдердің жасау жолдарын түсіндіре алады.
  • Олардың жағымды және жағымсыз жақтарын өзара салыстырады.
  • Білу және түсіну дағыдыларын көрсетеді.
  • Практика кезінде құрал-саймандар мен керек-жарақтарын қолданады.
  • Аз мәзірінің жасалу жолдарын суреттейді.
  • Практика кезінде өзінің жасау/тәжірбиелік дағдыларын көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • академиялық тілдік дағдыларын қолдана отырып, өзінің шығармашылық жұмыстарын орындалу үдерісінің сатылы кезеңдерін түсіндіреді (сөйлеу дағдылары) және сипаттайды;
  • өзінің іс-әрекетіне және сынып ішінде таныстыру кезінде өз ойымен бөлісе алады;

Пәндік терминология

  • Дағын тағамдар, жатрылай дайын өнім, дүмбілзат, дүмбілдәм, пышақ, әрлеу заттары, шанышқы, шыны ыдыстар, дастархан үстіндегі тәртіп т.б;

Тілдік мақсатқа байланысты талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жартылай дайын өнім .... білдім.
  • Тағамдардың дайындалу жолдары туралы ... таныстым.
  • Мен өз суретімде .... бейнелей отырып, жартылай дайын өнімдердің .... жасалу жолдарын көрсеткім келді.
  • Мен үшін бұл елдің ... маңызы зор деп білемін.

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және өзгелерге құрмет

Оқушылар мен мұғалім бір-бірімен амандасады. Негізгі ұғымдарды талдау кезінде мұғалім мен оқушылардың және оқушылардың бір-бірінің пікірімен алмасып құрмет көрсетуі.

Еңбек және шығармашылық

Жұптық және топтық жұмыс жасауда бірігіп еңбек етеді, оқушылар жаңа идея ұсынады.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, География.

АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша қажетті ақпараттарды іздеу, өңдеу.

Презентация жасау барысында АКТ құрылғыларына жүгіну және топта/жұпта бөлісу.

Бастапқы білім

Оқушылар қоғамдық тамақтану орындарында, қазақ халқы мен әлем халықтарының мәдениетіндегі дастарқан басында өзін-өзі ұстау ережелерін салыстыру және сипаттай алады. Әртүрлі іс-шараға арналған дастарханды безендірудегі техникасымен таныстып, практика кезінде қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

3 мин

5 мин

25 мин

5 мин

5 мин

5 мин

Сабақ басында:

  • Оқушылармен амандасу /тексеріс жүргізу/ оқушылардың зейінін шоғырландыру.
  • Сабақ барысында керекті құрал-жабдықтарын тексеру.

Оқушылардың назарына сабақ тақырыбы мен оқу мақсатына көз жүргізу.

Жартылай дайын өнімдерден тағамдар әзірлеу технологиясы.

6.2.4.3 Жылдам орындалатын тағамдар мен десерт дайындау технологияларын білу және қолдану

Сұрақ;

  • Біз бүгін неге қол жеткізуіміз керек?
  • Бүгін біз неге үйренеміз керек?
  • Біз не біліп кетуіміз керек?
  • Дүкен тоңазытқыштарына лық толған осы тамақтардың бәрі бірдей жарамды ма?

Оқушылар бүгінгі тақырыпты талқылап, сабақ барысындағы білу және түсіну дағдыларымен қатар, жасау дағдысына керекті құрал-саймандарын анықтайды.

Мұғалім: Технология қарыштап дамыған сайын адамзат баласының өмір сүруіне ыңғайлы жағдайлар көбейе түсуде. Солардың бірі – жартылай дайын фабрикат тағамдары. Бұлар: котлет, құймақ, тұшпара, манты, самса, фаршталған бұрыш, көкөністер, жемістер және тағы басқалар.

Көптеген тағамның сыртқы түрлерінен сапасын білуге болады. Ол үшін орамына мұқият қарап, алдымен әзірлеген мерзімін көріңіз. Содан соң тағамның сапасын зерттеңіз. Мысалы, тұшпара, вареник, самса, мантыларды тасымалдағанда, дүкендерде электр қуаты болмай қалған жағдайда сырты жарылып кетеді. Ал көкөністер мен жемістер пішінін жоғалтады, яғни, тағам пайдалануға жарамсыз болғандықтан, ондайларды алмаңыз. Егер котлет, фрикаделька сияқты жартылай фабрикат тағамдар тым арзан болса, онда олар еттен емес, соядан жасалған деген сөз. Әрине бұған тыйым салынбайды, алайда өндіруші орамның сыртында соядан жасалғаны туралы ақпаратты көрсетуге міндетті..

Оқушылар назарына төмендегі екі бейнероликті ұсыну.

Балмұздақтың жасалу жолдары

https://www.youtube.com/watch?v=87a2_VTU1x8

Тұшпараның жасалу жолдары

https://www.youtube.com/watch?v=JkLz-Ny_CFo

Мұғалім: "Жартылай фабрикат" сөзіне балама ретінде қазақ тілі сөздігінде "дүмбілзат", "дүмбілдәм" деген сөздер ұсынылып жүр. Осы терминнің нағыз қазақша баламасы сіздердің ойыңызша қандай болуы керек?

Мұғалім мен оқушы арасында диалогты оқуту іске асуы қажет.

Тапсырма 1

Оқушыларды топтартырып, назарына төмендегі кесте үлгісін ұсыну.

Кестені толтыра отырып, жартылай дайын өнімнің жағымды және жағымсыз жақтарын анықтау қажет.

Жатрылай дайын өнім жағымды жақтары

Жатрылай дайын өнім жағымсыз жақтары

Оқушылар өзара топтаса шешкен ойларымен/жаңалықтарымен сынып ішінде бөліседі.

Оқушылар өзара сұрақ қойып, білу және түсіну дағдыларын тексере алады.

Қалыптастырушы бағалау:

Әр топ зерттеме жұмыстарын өзара топта бағалау жүргізеді.

Бағалау критерийлері

Жетті

Талпынады

Жартылай тағамдардың әлсіз және мықты тұстарын өзара салыстырады.

Тағамның өзара ерекшеліктерін саралап түсіндіре алады.

Берілген уақытты ұтымды пайдаланады.

Қорытынды жасайды.

Тексеріс журнал

Интерактивті тақта

Презентация 1 бет

Презентация

2 бет

Презентация

3 бет

https://www.youtube.com/watch?v=87a2_VTU1x8

Как Это Сделано - Мороженое

Презентация

4 бет

Кесте парақшалары

Кестемен жұмыс

Презентация

5 бет

Бағалау парақтары

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:

Оқушылардың назарына келесі сурет көрсетіліп, сабақ барысында түсінбеген мағұлматтары болса, сұрақтарын қойып талқылай алады.

Суреттер парақшасы

Презентация

10 бет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар өз жұмыстарын тақтада берілген жетістік критерийлер арқылы бағалайды.

Қауіпсіздік ережелерін оқушыларға сабақ барысында түсіндіріліп, жасау кезінде мұғалімнің назарымен қадағаланады.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз.

Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу