Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.3.1

Тігін машинасы және қол құралдарымен қайып тігу, сырып тігу тігіс түрлерін қолдана отырып, тоқыма материалдарын пішу және өңдеу.

 Сабақ мақсаттары

  • Машина және қол тігістерін қолдану;
  • ЫЖӨ режимдерін сипаттау, қолдану;
  • Түрлі көнструкцияларды қолданып өнім дайындау.

Бағалау критерийлері

  • Қол тігістерін біледі және орынды қолданады;
  • ЫЖӨ барысында техника қауіпсіздігін ұстанады;
  • Бөлшектерді ЫЖӨ-ден өткізе алады және оны сипаттай алады;
  • Түрлі материалдарды дұрсы таңдап, өнім дайындай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қол тігістері – ручные швы – hand welds

Сырып тігу – стачать – stitching

Тоқыма материалдары – текстильные материалы - textile materials

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мен бөлшектерді біріктіруде ... қолдандым.

Бұл материалдың ... қасиетіне байланысты ... бұйым жасауды жөн көрдім.

ЫЖӨ барысында ... техника қауіпсіздігін ұстану керек.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек пен шығармашылық, бір-бірен құрмет, патриотизм құндылықтарды дарыту практикалық тапсырмалар орындау арқылы жүзеге асады

Пәнаралық байланыстар

Геометрия – мата бетінде дұрыс орналастыру

Математика – есеп жүргізу

АКТ қолдану дағдылары

Виеороликтер мен презентациялар арқылы

Бастапқы білім

Оқушылар мата түрлері мен қасиеттерін талқылады, танысты.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1-сабақ

Сабақтың басы

3 мин

Сәлемдесу. Сабақ мақсатын анықтау, талқылау.

1 слайд

Сабақтың ортасы

35 мин

Мұғалім көрсетілімі.

Мұғалім әртүрлі қуыршақтардың схемасы мен лекалосын қарастыруды ұсынады. Дайын эскиз бойынша өз қуыршақтарының барлық бөліктерінің лекалосын жасауды ұсыну.

(Ө) Тапсырма 1: Өз қуыршағының лекалын дайындау, пішу.

Оқушылар матадан қуыршақ жасау үшін қалың қатырма қағаздан лекало қиып алады. Лекалды матаға орналастырып, контуры бойымен сызып шығады. Оқушылар матадан бұйымды пішуді орындайды.

Дескрипторлар:

  • Қағаздан қуыршақ детальдарын қырқу;
  • Матаны стол бетіне негізгі жібін ескеріп, қабаттап орналастыру;
  • Сабынмен лекалды басып шығу;
  • Пішу.

Оқушыларға қуыршақтың қандай бөлшектерден тұратынын көзге елестете алу қажеттігін түсіндіру.

Жұмыс барысында мұғалім қолдау көрсетіп, қажеттілігіне қарай бөлшектерді пішу тәсілін көрсетеді.

Жұмыстың бұл кезеңінде қуыршақ элементтерінің эскизі мен пішімнің сәйкестігіне назар аудару.

Тәжірибелік жұмысты орындау барысында қауіпсіздік техникасы мен санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуына назар аудару.

Техника қауіпсіздігі ережесі

1. Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсу керек.

2. Отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болу керек.

3. Тігін машинасының айналатын бөлшектеріне тым жақындамаңдар.

4. Іске шашты жинап, женді қайырып немесе түймелеп кірісу қажет.

5. Жұмысқа кірісуден бұрын машина платформасындағы қажет емес заттарды тазалап, оның аяғының нық тұрғанына, инелерінің дұрыс орналасқандығына көз жеткізу керек.

6. Машина жұмыс істеп тұрғанда, машинаның қозғалып тұрған бөлшектеріне жақын еңкеюге болмайды.

7. Қол саусақтарын машинаның табанымен инеге жақындатпау керек.

8. Тігін машинасымен жұмыс істегенде машинаның қозғалысынан және айналып тұрған бөлшектерінен сақтан.

9. Жұмыс кезінде арнайы киім: алжапқыш, басқа орамал тарту керек.

10. Аяқтаған соң жұмыс орнын тазалау.

https://www.youtube.com/watch?v=99dbgxZ-HAs

https://www.youtube.com/watch?v=oXjb0EsyuFs

https://www.youtube.com/watch?v=CBqxYw1UT84

Мата, сабын, қайшы, қағаз (лекал дайындау үшін)

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау - оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып қуыршақ тігу мен конструкциясына байланысты қарапайымнан күрделі пішінді дайындау.

Оқушылардың орындаған практикалық тапсырмалары мен сұрақ-жауап негізінде бағалау жүргізу.

1. Жұмысқа кірісуден бұрын машина платформасындағы қажет емес заттарды тазалап, оның аяғының нық тұрғанына, инелерінің дұрыс орналасқандығына көз жеткізу керек.

2. Машина жұмыс істеп тұрғанда, машинаның қозғалып тұрған бөлшектеріне жақын еңкеюге болмайды.

3. Қол саусақтарын машинаның табанымен инеге жақындатпау керек.

4. Тігін машинасымен жұмыс істегенде машинаның қозғалысынан және айналып тұрған бөлшектерінен сақтан.

5. Жұмыс кезінде арнайы киім: алжапқыш, басқа орамал тарту керек.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу