Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар). Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

«Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар)» тақырыбына арналған сабақ «Визуалды өнер» бөлімінің кезекті тақырыбының бірі. Сол себепті осы бөлім тақырыптарын бастамас бұрын сынып бөлмесінде анимация, мультфильмге қатысты фото, бейнефильмдерді жинақтаңыз. Сабақ алдында теледидар немесе ноутбуктен мультфильм қосып қойыңыз. Сабақ басталғанша дейін оқушылардың көңілін осылайша тақырыпқа ойыстыруға болады.

«Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар)» тақырыбына арналған сабақта 6.1.2.1

Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету оқу мақсаты қарастырылады. Аталған оқу мақсатын жүзеге асыру үшін екі мәселеге аса көңіл аудару қажет. Біріншісі,анимация өнерімен танысу, сонымен қатар қазақ мультипликация өнерінің қалыптасу тарихын қарастыру.

Анимация (Animation) - ол қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі.

 Сабақ барысы

 1-тапсырма

 Сабақты оқушылармен мультипликация тақырыбына қатысты сұрақтарды талқылаудан бастаңыз. Мультфильмді бала кезден көріп өскен оқушылар үшін бұл сабақ тақырыбы аса қызықты болуы керек. Сол себепті сабақтың оқу мақсатын оқушылардың өмірлік тәжірибесінен білімдері мен дағдыларын қарастырудан бастау ұсынылады. Оқушылардан қандай мультфильмдерді көретіндіктерін, олардың қалай жасалатындығы жөнінде сұрастырыңыз. Сұрақтар сан қилы болуы керек. Әсіресе, отандық мультфильмдер жайында сұрастырып көріңіз. Қазіргі таңдағы мультфильмдердің ішінен "Алдар көсе", "Мақтаншақ қыз", "Ертөстік", "Көксерек" сынды мультфильдерді білуі мүмкін.

 

 2-тапсырма

 Анимацияның тарихы туралы бейнематериал көрсетіп, визуалды өнердің бір түрі - мультипликацияның пайда болу тарихымен таныстырыңыз. Бейнематериалды тамашалаудың өзіндік дискрипторларын оқушылармен бірге қарастыру маңызды. Оқушылар бейнематериалдан қажетті ақпаратты алуы қажет. Бұл орайда "Білемін. Білгім келеді. Білдім"(ЗХУ) әдістемесін қолданған жөн. Мысалы төмендегі таблицада көрсетілген.

Білемін(Знаю)

Білгім келеді(Хочу узнат)

Білдім(Узнал)

Мультипликация, анимация, мультфильмдер бір сала.

Мультфильм жасалу техникасына қарай бірнеше түрге бөлінеді.....

Кейіпкерлерді қимыл-қозғалысқа келтіретін тәсілін?

Ең алғашқы мультфильмді?

Бұл тармаққа зерттегеннен кейін білген ақпаратын жинақтап жазады.

 

 Қосымша ақпарат

 Бұл сабақта анмацияның шығу тарихымен қоса бұл өнердің әдебиет, кинематограф, фотография, бейнелеу өнері, музыка және ақпараттық коммуникациялық технологияның негізінде пайда болғанын түсіндіру маңызды. Мультфильмнің сценарийінен бастап, кейіпкерлерді таңдау, оларды жасау, фильмді түсіру, оны дыбыстау, монтаждау еңбекқорлықты талап етеді. Әсіресе, қазақ мультипликациясының қалыптасу тарихын таныстыру үшін тұңғыш отандық мультфильм "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?" көрсетіп, мультфильм оқиғасының желісі халық ертегісінің желісі бойынша жасалғанына тоқталыңыз. Қазақ мультипликациясының атасы Әмен Хайдаровтың шығармашылығына тоқталып, мультфильмнің орындалу техникасына қарай пластилинді, суреті салынған, компьютерлі, қуыршақты және т.б. болып бөлінсе, жанрына қарай да жіктелетіндігіне тоқталып өтіңіз.

 

 Тәжірибелік жұмыс

 Бұл сабақтың негізгі тапсырмасы ақпаратты өздігінен іздеп, зерттеуге негізделген. Оқушыларды бірнеше топқа бөлу қажет. Тапсырма түрлі дереккөздерді зерделеуге негізделген. Топтық жұмысты бірізділендіру үшін оқушыларға тапсырманы өзара бірігіп істеудің жолдарын қарастырыңыз. Топ ішіндегі оқушылардың біреуі постерді әсемдесе, екіншісі дискрипторлар бойынша тапсырманың сұрақтарына жауап іздесе, үшіншісі таныстырылымға дайындалуы қажет. Ақпараттың қызықты болуы қадағалаңыз. Оқушыларға дереккөздерден қажетті ақпаратты іздестіру қажеттілігін түсіндіріңіз.

 

 Таныстырылым

 Оқушылар зерттеу жұмысын таныстырады. Таныстыру үшін әр топқа 2 минут уақыт беріледі.

 

 Бағалау

 Бағалау тапсырманың дискрипторларына сай жасалады. Бір топ зерттеу жұмысын таныстыру барысында екінші топ эксперт болып, тапсырманың дискрипторларға сай орындалуына баға береді. Сол арқылы оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын бағалайды.

 

 Рефлексия

 Оқушыларға қысқамерзімді жоспара көрсетілген сұрақтарды қойып, сабақтың оқу мақсатына қол жеткізу деңгейін анықтауға болады.



Толық нұсқасын 27 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу