Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар). Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар)» тақырыбына арналған сабақ «Визуалды өнер» бөлімінің кезекті тақырыбының бірі. Бұл сабақ практикалық тапсырмаға негізделген. Оқушылар бұдан алдындағы сабақта жаңа тақырыпты зерттеп, анимация өнерімен танысты
«Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар)» тақырыбына арналған сабақта 6.1.2.1
Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету оқу мақсаты қарастырылады. Аталған оқу мақсатын жүзеге асыру үшін екі мәселеге аса көңіл аудару қажет. Бұл сабақта оқушылар практикалық тапсырмаға көңіл бөледі. Динамикалық бейнелерді зерттеп, флипбук жасаудың әдісімен танысып, флипбук жасап үйренеді.
Флипбук (ағылшыннан англ. flip — аудару, book — кітап) —«аудару үшін арналған кітап» деп тура аударылады. Қимыл-қозғалысты келтіретін суреттері бар кішкентай кітапша.
Сабақ барысы
1-тапсырма
Сабақты оқушылармен мультфильмді түсіру тақырыбына қатысты сұрақтарды талқылаудан бастаңыз. Мультфильмдердегі кейіпкерлерді қимыл-қозғалысқа келтірудің мысалдарын талқылаңыз. Қимыл-қозғалысқа келтіретін тәсілдерді қарастырып шығыңыз. Кейіпкердің ар қимыл жасау үшін кем дегенде қанша уақыт, дағдының қажет екенін әңгімелеңіз. Өткен сабақта өткен тауматроптың жұмыс істеу принципін еске салыңыз.
2-тапсырма
Зерттеушілік дағдыларды дамытуға бағытталған аталмыш тапсырманы оқушылар жұптасып орындай алады. Тапсырманың мақсаты визуалды бейнелерді қимыл-қозғалысқа әкелетін әдістерін зерттеу. Анимацияны жасаудың фотографиялық процеске жанастыруға болады. Кейіпкердің әр қимылын жаңадан фотоға түсіргендей бірнеше қағазға сурет етіп салған. Тапсырманы орындауға 10 минут беріледі. Алдын ала дайындалған материалдарды қолданып, осы тақырыпқа қатысты мақалаларды, бейнематериалды қолдану ұсынылады. Оқушылар зерттеу жұмысын жүргізіп болған соң, кішігірім эксперимент жасап көріңіз. Фотоаппараттың көмегімен стоп-кадр түсіру ұсынылады. Ол үшін бір не екі оқушыны сынып бойынша жүргізіп, оның әр қадамын фотоға түсіріп болған соң, оқушылармен бірге жылдамдатылған режимде түсірген фотоларды қарап, кейіпкердің қимыл-қозғалысын көруге болатындығына назар аударыңыз.
Бейнематериалды тамашала
Флипбук жасау туралы бенематериал тамашалыңыз. Оқушыларға кейіпкерлердің немесе элементтердің қозғалу үрдісін кадр бойынша қалай құрылатынына назар аудару қажет. Флипбуктар жасалу деңгейіне қарай әртүрлі болатындығын көрсетіңіз. Кейбір флипбуктер бір не элементтен тұрады. Кейбірінде қимыл-қозғалысқа келтіріп жатқан визуалды бейнелері күрделі, әрі артқы фоны мен өзге де бейнелерден тұруы мүмкін. Бейнефильмді тамашалап болған соң, сұрақтара жауап беру ұсынылады.
Тәжірибелік тапсырма
Практикалық тапсырма жеке не жұпта орындалады. Оқушылардың қарым-қабілетіне қарай флипбукте салынатын бейнелерді күрделендіруге болады. Мысалы, сурет салуға қабілеті жоғары оқушыға күрделі суретті тапсыруға болады. Визуалды бейнелер ретінде доп, сызықтан тұратын баланың бейнесі. Құс, мысық, ит және т.б. Тапсырманы орындауға уақыт белгілеңіз. Оқушылар 20 минуттай беру ұсынылады. Тапсырмаға кірісіпес бұрын міндетті түрде тапсырманың дискрипторларын оқушылармен талқылау қажет. Бағалау кезінде осы дискрипторларға сүйену қажет.
Таныстырылым
Оқушылар бір-біріне жұмыстарын таныстырады.
Бағалау
Бағалау тапсырманың дискрипторларына сай жасалады. Бағалауды "екі жұлдыз, бір тілек" әдісімен өткізуге болады.
Рефлексия
Оқушыларға қысқамерзімді жоспара көрсетілген сұрақтарды қойып, сабақтың оқу мақсатына қол жеткізу деңгейін анықтауға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды