Дәстүрлі емес материалдардан портрет жасау. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

«Дәстүрлі емес материалдардан портрет жасау" тақырыбына арналған сабақ «Визуалды өнер» бөлімінің кезекті тақырыбының бірі.

Оқу мақсаты:

6.1.6.2-Бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, оларды өңдеу мен пайдаланудың тиімді жолдарын (немесе әдістерін) анықтау

Оқушылар тақырыппен танысу үшін фотосуреттер арқылы фотомазайка жасау туралы бейнематериал көрсетіңіз. Қысқамерзімді жоспарда көрсетілген сұрақтарға жауап беру қажет. Автордың қандай материалдарды қолданғанына мән беріңіз. Қазіргі таңда көптеген материалдарды істен шыққан соң, қоқысқа лақтыру үрдісі дендеп барады. Олар табиғатты ластайтыны туралы сөйлесіңіз. Істен шыққан материалдарға екінші өмір сыйлаудың амалын қарастырыңыз. Портрет жасау үшін тағы қандай материалдарды қолдануға болады?

Практикалық тапсырма

Коллаж техникасында портрет жасау. Ол үшін қажетті материалдар газет-журналдар, түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы. Тапсырманы орындау барысында критерийлерге мән беріңіз. Оқушылар портрет жасау барысында кейіпкердің мимикасына, көңіл-күйіне ден қоюлары қажет. Тапсырманы орындау үшін уақытты белгілеңіз. Бұл тапсырмаға 25 минут бөлу ұсынылады. Практикалық жұмыс А4 форматында топта орындауға болады.

Бағалау

Оқушылар жұмыстарын тапсырманың критерийлері бойынша бағалайды. Тапсырманы орындалу сапасына мән беру ұсынылады.

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  •  жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  •  қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  •  қайшыны ашық тастама;
  •  сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  •  қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  •  қайшыны керек уақытында пайдалан.

 Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  •  желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  •  желімді керек мөлшерде ғана ал;
  •  артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  •  жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу