Иса Байзақов (Бауырым Ахметжан!)

 Иса Байзақов (Бауырым Ахметжан!)

Бауырым, денің сау ма, Ахметжан!
Халқыңды жауынгерім мақтандырған.
Жарың жайнап, бауырлар гүлдей күліп,
Жас қырандай түледі алтын анаң.
Ту тігіп, туған жерің Баянаула,
Шаттанып ер ұлына, аспандауда.
Масатпен жігерленед қазақ халқы
Оғыңның үнін естіп атқан жауға.
Жауынан жасқанған жан ер бола ма,
Еріне сүйінбеген ел бола ма,
Отан үшін, келешек бақыт үшін,
Отты бол, ер жүрек бол, қорғалама!
Орденің Жұлдыз, айға шағылысқан,
Сәулесі келіп түсед - бізге алыстан.
Сендерді қамтамасыз ету үшін,
Еңбекті үдетеміз жалықпастан.
Ақындар қаламынан бал тамызып,
Айтысып, шаруа, өндіріс күшін жазып,
Тылда да, майданда да шабыт беріп,
Кербез ән, күй сайрауда жаныңа азық.
Көп сәлем достарыңа ақын жаннан,
Шертілді жүрек қылы қуанғаннан,
Ерлерім! Жауды құртып, сау қайтыңдар,
Баса бер сағат сайын алға таман.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?