Бұйымды көркемдеп безендіру. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, дидактикалық материал.
Әдістемелік нұсқаулық
2 бөлім: Сәндік – қолданбалы өнер
Сабақ тақырыбы: Бұйымды көркемдеп безендіру.
Оқу мақсаты:
6.2.1.1
Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін анықтау, таңдау және қолдану.
Қажетті материалдар:
Қатты қағаз, түрлі маржандар, көз моншақтар, газет-журналдар, желім, ыстық клей, түймелер және т.б.
Сабақ барысы
Бұл сабақта оқушылар шығармашылық жұмыстарын қоршаған ортаның визуалды элементтерін қолдана отырып, әсемдеп, безендіреді.
Табиғи материалдарды безендірудің көптеген тәсілдері бар.
Безендірудің оқушылар жасаған шығармашылық бұйымдарының түріне қарай атқарады. Егер де оқушылар шығармашылық жұмыс ретінде панно жасаған болса, онда бұл жұмысты рамкамен әсемдеген дұрыс.
Оқушылармен бірге сабақ басында панноны әсемдеу туралы бейнематериал, иллюстрациялар тамашалау ұсынылады. Әсемдеу барысында қандай материалдар мен техникалар қолданылатындығына мән беріңіз. Қандай желіммен, қандай материалды жабыстыруға болатындығына мән беріңіз.
Оқушылармен бірге желіммен жұмыс істеудің қауіпсіздік техникасымен таныстырып өтіңіз.
Желіммен жұмыс жасау кезінде –
•желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
•желімді керек мөлшерде ғана ал;
•артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
•жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.
Шығармашылық жұмысты безендірмес бұрын оқушылармен бірге топта немесе жұпта жұмыс барысын талқылап алыңыз. Практикалық тапсырманы орындау барысында оқушылар қауіпсіздік техникасына мұқият болуы қажет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?