Табиғи материалдардан дайындайтын бұйым нобайын орындау. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Табиғи материалдардан дайындайтын бұйым нобайын орындау

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.5.2

Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау

 Сабақ мақсаттары

  • Табиғи материалдардан жасалатын бұйымның нобайын жоспарлау;
  • Табиғи материалдардан жасалатын шығармашылық жұмыстың нобайын орындау.

 Бағалау критерийлері

  • Табиғи материал туралы білім мен түсінігін көрсетеді;
  • Табиғи материалдардан жасалатын шығармашылық жұмысының кезеңдік жоспарын жасайды;
  • Бұйымды жасау үшін қолданатын материалдары мен құрал-жабдықтарын жоспарлайды;
  • Бұйымның нобайын жасайды.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Оқушылар орындай алады:

Бұйым туралы ауызша және жазбаша түрде баяндама жасап ойын түсіндіріп береді.

Пәндік тіл және терминология:

  • Табиғи материалдар, талдың қабығы,бұтақ, тал түбірі, құм ,жапырақ,гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан, құс қауырсындары, мүйіз, сүйек, тері.

Диалогқа/жазбаға қажетті тіркестер:

  • ............. әшекей бұйым жасауда қандай заңдылықтарды ескерген?
  • Мен бұл.........таңдау себебім, ...
  • Мен бұны ... материалдан жасалғанын білдім.
  • Мен ... ........пайдалы жақтарын білемін.
  • Мен ... материалдар мен құралдарды қолданғанын білдім.
  • Бұйым мынадай ............. тұрады

Құндылықтарды дарыту

Ғаламдық азаматтық жауапкершілік.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылардың жеке ізденіс жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту.

Дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіруде нақты мәліметтерді салыстыра білу .

Бастапқы білім

Дүниетану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин

Сабақтың тақырыбы, сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін анықтау. Оқушыларды таныстыру.

РР 1-3

Сабақтың ортасы

5 мин

20 мин

10 мин

(С) Табиғи материалдардан жасалған бұйымдарды қарастыр.

Талқылау үшін сұрақтар:

    • Бұйым жасау үшін қандай материалдар қолданылған?

«Өз қолыңмен панно»жаса бейнематериал тамашалап, табиғи материалдардан жасалатын бұйымды қалай жасалатындығына мән бер.

Сұрақтарға жауап бер:

  • Табиғи материалдардан қандай бұйымдар жасауға болады?
  • Бөліктерді қандай тәсілдермен біріктіруге болады?
  • Панно дегеніміз не?
  • Декоративті панно жасау үшін қандай материалдар мен құрал-жабдықтар қажет?
  • Декоративті панноны жасау үшін неден бастау қажет?
  • Нобай дегеніміз не?
  • Нобай не үшін жасалады?

Шығармашылық жұмыс ретінде оқушылар:

  • Декоративті панно;
  • 3D бұйым;

Және т.б. бұйымдар жасай алады. Практикалық тапсырма жұпта, жеке, топта орындалады.

Шығармашылық жұмысты орындаудың кезеңдік жоспары:

  • Эскиз дайындау.
  • Материалдар және құрал-жабдықтарды таңдау;
  • Панно/өзге бұйым жасау;
  • Безендіру;
  • Әсемдеу.

Практикалық тапсырма.

Оқушылар шығармашылық жобаларының нобайын жұпта немесе топта/жеке орындайды.

Мұғалім оқушылардың жұмыс істеу барысын қадағалап, шығармашылық жұмысты жақсарту үшін кеңес беріп, бағыт беріп отырады.

Таныстырылым.

Бір-бірін бағалау.

Оқушылар нобайларын таныстырады.

Сыныптастарының жұмыстарына кері байланыс береді.

Табиғи материалдардан жасалған бұйымдар:

https://www.youtube.com/watch?v=0w4d_SR-rhg

Сабақтың соңы

2 минут

Бағалау

Оқушылардың тәжірибелік тапсырмасын тапсырманы орындауға арналған бағалау критерийлеріне сай бағалау жүргізу ұсынылады. Бұл бағалау бірін-бірі немесе өзін-өзі бағалау ретінде де өтуі мүмкін.

Рефлексия:

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Келесі сабаққа қандай құрал-жабдықтар мен материалдар алып келу қажет?
  • Шығармашылық жұмысты қалай әсемдеуді жоспарлап отырсыз?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Сабақ барысында оқушылардың үйренгенін бағалау үшін сұрақтарды пайдалануға болады. Мысалы,

  • қандай тақырып өтіп жатырмыз?
  • сабақтың бағалау критерийлері қандай?

жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;

оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;

құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;

бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;

жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;

жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;

басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;

жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу