Зергерлік бұйым нобайын орындау. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Көркем еңбек пәнінің сабақ жоспары.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім. А : Сәндік- қолданбалы өнер.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дуйсембаев Б.Ш.

Сынып: 6-сынып (ұлдар).

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Зергерлік бұйым нобайын орындау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.5.2-Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау

 Сабақ мақсаттары

  • Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобай орындау;

 Бағалау критерийлері

  • Бұйымның нобайы мен сызбаларын сызады.
  • Заманауи қолда бар материалдардың ерекшеліктерімен таныс.
  • Көркемдік материалдармен экперимент жүргізеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

Бұйым туралы ауызша және жазбаша түрде баяндама жасап ойын түсіндіріп береді.

Пәндік тіл және терминология:

Зергерлік, білезік, жүзік, сақина, сырға, өңір жиек, алқа, бойтұмар, шашбау, шолпы.

Диалогқа/жазбаға қажетті тіркестер:

............. әшекей бұйым жасауда қандай заңдылықтарды ескерген?

Мен бұл.........таңдау себебім, ...

Мен бұны ... материалдан жасалғанын білдім.

Мен ... ........пайдалы жақтарын білемін.

Мен ... материалдар мен құралдарды қолданғанын білдім.

Бұйым мынадай ............. тұрады

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Басқа адамдарды, олардың мәдениетін, пікірлерін құрметтеу.

Мектеп және қоғам ережелерін, заңдылықтарын және құндылықтарын құрметтеу.

Қарым-қатынастағы адалдық, әділдік және ашықтық.

 Пәнаралық байланыстар

Салт, дәстүр, ғұрыпқа байланысты тарих, сызу сияқты пәндермен тығыз байланыста болады.

 АКТ қолдану дағдылары

Зергерлік өнер бұйымдарының ерекшеліктері мен құралдарын зерттеуде АКТ қолданады .

Бастапқы білім

Әлемдік және қазақтың ұлттық қолөнері мен өнер туындыларының ерекшеліктерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды орналастыру, амандасу.

Бейнематериал тамашалау.

Зергер жұмысы туралы видео көрсету.

Сұрақтарға жауап беру:

  • Зергер қалай жұмыс істейді?
  • Зергер үшін не маңызды?
  • Зергер бұйым жасау барысында неге назар аударады?
  • Қалай ойлайсыңдар, зергер болу үшін қандай болу керек?
  • Зергерлер идеяны қайдан алады?

Қажетті материалдар:

Альбом, қарындаш, түрлі бояулар.

https://www.youtube.com/watch?v=GFLJcap3VKw

Сабақтың ортасы

5 мин

5 мин

20 мин

Бұйымды жасаудың кезеңдерін талқылау.

  • Нобай құрастыру;
  • Материалдарды таңдау;
  • Бұйым жасау;
  • Бұйымды әсемдеу.

Ой қозғау сұрағы:

  • Қандай ою-өрнек түрлерін білесіңдер?
  • Композицияның қандай заңдылықтары бар?
  • Зергерлер әшекей бұйым жасауда қандай заңдылықтарды ескерген?
  • Зергерлік бұйым жасауда қандай металл түрлері қолданылады, неліктен?
  • Қандай асыл тастарды пайдалануға болады және адам ағзасына қандай пайдасы бар?
  • Сен өзің қандай қолайлы материалдарды қолданып зергерлік бұйым жасар едің?

Практикалық тапсырма.

Оқушылар сұрақтарға жауап бергеннен кейін нобай орындауға кіріседі. Нобай альбомда орындалады.

Қойылған сұрақтардың жауаптарын сараптап, оқушылар зергерлік бұйымдарға қолайлы материалдар таңдайды және бірнеше нобай үлгілерін жасайды. Нобай жасау барысында, таңдалған материалдарын ескеру қажет. Мысалы; фольга, сым түрлері, картон,түрлі түсті тастар, бисер, жіп түрлері т.б. Жұмыс барысында ұлттық нақыштар көрініс табуы қажет.Әр оқушы жасаған нобайларын іске асыру жоспарын құрастырады.

Жасаған нобайлары мен жоспарын жұпта талқылайды.

Голландтық өнертапқыш ластанған ауадан зергерлік бұйымдар жасап шығармақ https://www.youtube.com/watch?v=PSouWmG20XA

Сабақтың соңы

5 мин

Оқушылар жеке және топта орындаған жұмыстарының нәтижелерін, түрлі әдістер арқылы (жазбаша немесе ауызша түрде, көрнекі бейне құралдары арқылы) көрсетеді. Жұмыстар критерийлер бойынша бағаланады.

Рефлексия

«Үш минуттық пауза»

  • Мен өз ойымды ..... өзгерттім
  • Мен көптеген мәлімет білдім....
  • Мені таңқалдырғаны....
  • Мен сезіндім.....

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар жұмыстың қиын немесе барынша жеңіл түрлерін қарым-қабілетіне қарай таңдай алады. Берілген ресурс бойынша талдап, сұрақтарға жауап береді.

  • Өздерінің және басқалардың жұмыстарын талдайды.

«Үш минуттық пауза»

  • Мен өз ойымды ..... өзгерттім
  • Мен көптеген мәлімет білдім....
  • Мені таңқалдырғаны....
  • Мен сезіндім.....

Қайшы, түрлі формадағы шеку немесе із түсіру құралдары т.б. заттар мен материалдарды қолданып жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын міндеттеу қажет.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу