Шетелде жүрген "қазақтың миын" ел игілігіне қалай жұмсаймыз?

Шетелде жүрген "қазақтың миын" ел игілігіне қалай жұмсаймыз?

Қазір шетелде оқып жатқан Қазақстан жастарының жалпы саны 70 мыңнан асып жығылады. Бұл – үлкен әлеует, ертең өз халқын алға жетелейтін алып күш. Ал осы күшті сақтап қалып, қазірдің өзінде ел игілігіне бағыттау үшін не істеу керек?

Ең бастысы, оның ұлттық болмысын қалайша сақтаймыз?

Шыны керек, бас кезінде қазақстандық жастарды шетел университеттеріне жіберіп оқыту науқанын бастаған кезде біз біраз мәселені аңғармай қалдық. АҚШ пен Еуропаның білімін қуамыз деген студенттеріміздің санасын сол жақтың мәдениеті жаулап, "еркіндігі" тұсаулап тастады. Соның салдарынан Қазақстанның басты капиталы – білімді жастардың біразы шетелде қалып қойды.

Олардың ішінде мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, өз ақшасына барып, өзге елде жұмыс істеп кетуді көздегендер де бар. Жасыратыны жоқ, мұндай бастамаларды ата-аналардың өздері қолдап отырады. Соған қарамастан бүгінде шетелде жүрген "қазақтың миын" сақтауға мүмкіндік бар. Қазір оны сақтап қана қоймай, өз еліне қызмет етуге итермелеу аса қажет.

Былайша айтқанда, қазақстандық жастардың оқуы қашан бітеді деп күтпей, оларды бүгіннен бастап өзара ұйымдастырып, Қазақстанға жаңа ой-идеяларды әкелуге жұмылдырудың маңызы зор. Мұның бәрін жастардың өздері сезген болуы керек, осыдан екі жыл бұрын олар шетелде қазақстандық студенттердің сан алуан ұйымдарын белсене құруға кірісті.

Алайда Қытай сияқты ірі державалар ондай ұйымдардың барлығын бақылауда ұстап, өз мүддесі үшін қолдануға тырысып бағатын сыңайлы.

"Шетелде қазақстандық студенттердің бірлестігін құру бастамасын осыдан екі жыл бұрын бірінші болып АҚШ-та оқып жүрген жерлестеріміз көтерді. Олар сан алуан жағымсыз жағдайларды алға тартып, қазақстандық студенттердің бір ұйымның аясында бірігуін қалады. Содан бері 16 мемлекетте 90-нан астам ұйым құрылды. Ал соңғы уақытта олардың барлығы өзара шоғырланып, 70-ке жуық ұйымның аясында топтасты.

"Соның арқасында қазақстандық студенттер бір-бірін тауып, етене араласа бастады. Мәселен, Қытайда қазір біздің 7 мыңнан астам студентіміз оқып жатыр. Олар үлкен бір қауымдастықты құрды. Алайда Қытайдың да саясаты ықпал еткен болар, оған "бүкілқытайлық жастар ұйымы" деген сияқты айдар тағылды.

АҚШ-та Қазақстан студенттері ұйымдарының альянсы құрылды. Ол да сол елдің саясатына сай келеді. Мәскеуде "Атамекен" бар. Қазақстандық студенттердің басым бөлігі – Ұлыбританияда. Енді ол жақта либерализм ғой. Өкінішке қарай, сол жерде оқып жүрген Қазақстан жастарының басы құралмай жатыр. Деген-мен бір қауымдастық бар", – дейді Халықаралық бағдарламалар орта-лығының президенті С.Нұрбек.

Бүгінде осы іспетті ұйымдардың арқасында шетелде оқып жүрген қазақстандық студенттердің бірлігін ғана емес, олардың ұлттық болмысын барынша сақтап қалуға болады.

Ал өз жеріміздегі жастар бірлестіктері мен қауымдастықтарымен тікелей байланысқа шығу арқылы қазірдің өзінде көптеген тың идея мен жаңа технологияларды тартуға болады. Ол үшін ғаламтордың сан алуан байланыс құралдары толық мүмкіндік беріп отыр.

Әрине, шетелдегі қазақстандық жастардың ұйымдарына мемлекеттің қолдауы да қажет. Себебі онсыз өзге мемлекеттердің саясатына төтеп беру қиын. Ал қалғанына олардың жастық амбициясы жетуі тиіс.

"Біз АҚШ-та Қазақстанның ұлттық мүддесін жан-жақты қорғауды көздей-міз. Ұйымның негізгі мақсаты – шетелдегі Қазақстанның имиджін жақсарту. Мәселен, биыл біз ЕХРО өткізу құқығына ие болдық. Оған Бельгия да таласты. Сөз жоқ, ол – мықты мемлекет. Алайда Қазақстанның да беделі болғаннан кейін ЕХРО конкурсында жеңіске жетті. Біз өз кезегімізде АҚШ-та жүріп, Қазақстанның осы жетістігін жан-жақты наси-хаттауды көздейміз. Сол сияқты бірнеше жобамыз бар. Негізгі мақсат – еліміздің ұлттық мүддесін барынша қорғау. Шетелде оқып, елге оралған жастардың арасында да тұрақты байланыстың жоқтығын мойындау қажет. Қазір олардың басым бөлігі шашырап жүр. Ал ондай азаматтарды жинап, бір мақсатқа жұмылдырса, шешілмейтін мәселе болмайтын сияқты", - дейді АҚШ-тағы Қазақстан студенттері альянсының президент Диас Жорабеков.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі