Портреттік жанр. Портреттің түрлері. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 «Портрет. Портреттің түрлері» тақырыбына арналған сабақ «Визуалды өнер» бөлімінің алғашқы тақырыбы. Сол себепті осы бөлім тақырыптарын бастамас бұрын сынып бөлмесінде портрет тақырыбына қатысты материалдарды жинақтаңыз. Ол үшін сынып бөлмесін аталған тақырыпта безендіріңіз. Сабақтың басында оқушыларға түрлі сергітетін ойын түрлерін өткізуге болады. Алғашқы сабақ болғандықтан демалыстан келген оқушыларды сабақ тақырыбына бірден енгізу үшін «Өз сыныптасыңды портреті бойынша анықта» атты активити өткізуге болады. Ол үшін оқушылар шеңберге тұрып, жұптарға бөлінеді. Әрбір жұпқа бір-бірін тану үшін 30 секунд беріледі. Тапсырма аяқталған соң, оқушылар көршісінің портретін салу қажет. Суретте 30 секундта білген ақпараты болуы тиіс. Тапсырма орындалған соң, оқушылар жұмыстарын сыныптастарына таныстырады.

 Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:

  •  портрет жанры туралы білімдерін жетілдіреді;
  •  Отандық суретшілердің портрет жанрындаы картиналарымен танысады, зерттеуді;
  •  портретті бейнелеудің әртүрлі тәсілдерімен танысады;
  •  өздері зерттеген ақпараттарға сүйене отырып портрет жанрында түрлі техникада және түрлі материалардарды қолданып, сурет салады;
  •  фотоөнер, анимация, көлеңкелі театр, қуыршақ театры туралы білімдерін толықтырады;
  •  сценарий дайындап, көлеңкелі театр қойылымын сахналайды;
  •  жасалған жұмыстарды талдайды, жұмыстарын жақсарту үшін ұсыныстар айтады, дайындалған критерийлер бойынша жұмыстарды бағалайды;
  •  өз жұмыстарын таныстыру үшін көрме ұйымдастырады.

 

«Портерт жанры. Портрет түрлері» тақырыбына арналған сабақта 6.1.3.1 - Ақпарат көздерінен шығармашылық ойларын дамыту және зерттеу үшін өзбетінше таңдалған ақпарат көздерін пайдаланады оқу мақсаты қаралады. Аталған оқу мақсатын жүзеге асыру үшін екі мәселеге аса көңіл аудару қажет. Біріншісі, портрет жанрының ерекшеліктерімен таныстыру керек. Екінші мәселе ол портреттің түрлерін түрлі ақпарат көздерін қолдана отырып, зерттеу. Оқушылар бұл сабақ мақсатына орай портреттің түрлерімен танысады.

 Сабақ барысы

 1-тапсырма

 Сабақты сұрақтан бастау ұсынылады. Оқушылар презентацияда көрсетілген портреттерді қарастырып, сұрақтарға жауап беруін сұраңыз. Портрет бейнелеу өнерінің барлық түрімен: сұңғат (живопись), мүсінграфикамозаика, т.б. жазыла береді. Портреттің негізгі міндеті — адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсетіп, дәуірлік-тарихи ұлттық тұлғасын шынайылықпен бейнелеу. Портрет кейіпкерге қарап отырып салынады, кейде көмекші материалдарға (көркем, ауыз әдебиетітүрлі тарихи деректерге, т.б.), естеліктерге сүйене отырып та ойдан туындайды. Портрет жасалу ерекшелігіне қарай қондырғылы (сұңғат-кескіндемебюстграфикамонументтімозайка, т.б.), салтанаттыминиатюралы, т.б. болып бөлінеді. Портретте жеке немесе топтама адамдар бейнеленеді.

 Оқушыларға танымал суретшілердің жұмыстарын көрсетіңіз. Мысалы, Леонардо Да Винчидің "Мона Лиза", Ван Гогтің "Портрет доктора Гаше" 1890 ж. Аканаев А.А. Поэма о бессмертии. 1985.

 Қосымша ақпарат

 Түрлі техникада орындалған портреттердің түрін көрсетіңіз. Мысалы, поп-арт стиліндегі Энди Уорхолдың, экспрессионизм бағытындағы Эдвард Мунктің "Автопортреті", коллаж, графика, кескіндеме, мүсін, көкөністер және т.б. материалдардан жасалған портреттерді көрсету ұсынылады.

 

 Тәжірибелік жұмыс

 Валенитин Серовтің "Девушка с персиками", Ян ван Эйктің "Портрет четы Арнольфини" және Ван Гогтың автопортретін қарастыруды ұсынамыз. Бұл портреттер әртүрлі дәуірде орындалып, түрлі стильдерге жататын картиналар. Мысалы, "Девушка с персиками" импрессионизм, Ван Гог постимпрессионизмнің өкілі, ал Ян ван Эйктің картиналары Қайта өрлеу дәуіріне жатады. Оқушылар тапсырманың критерийлеріне сүйеніп, постер дайындайды. Картиналарды алдын ала түрлі түсті етіп басып шығару ұсынылады. Оқушылардың топтық жұмысты дұрыс ұйымдастырылуын қадағалаңыз. Топ мүшелеріне тапсырма критерийлерін өзара бөліп алуын қамтамасыз етіңіз. Тапсырманы орындау үшін қажетті ақпаратты оқушылар кітаптардан, газет-журналдар мен ғаламторды қолдана отырып, жасай алады. Постер А3 форматындағы ақ қағазда орындалу мүмкін. Постерді орындау үшін түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер, желім және т.б. құрал-жабдықтар қажет болуы мүмкін. Топтың ішінен уақытты санап отыратын оқушыны тағайындаңыз. Бұл тайм-менеджментті сақтауға және оқушыларды тапсырманы уақытында орындауға итермелейді.

 

 Таныстырылым

 Оқушылар постерлерін таныстырады. Таныстыру үшін әр топтқа 2 минуттан беріледі. Оқушылардың ішінен уақытты қадағалайтын оқушыны анықтаңыз. Оқушылар бір - бірінің постерлерін таныстыру барысында тапсырманың критерийлерін еске салып, бір-бірінің жұмыстарын бағалау үшін сұрақтар қоюға талпындырыңыз.

 

 Бағалау

 Бағалау бір-бірін бірі бағалауға негізделген "Галерияға саяхат" тәсіліне негізделеді. Оқушыларға алдын ала стикерлер, болмаса дауыс беруге арналған өзге материалдарды қарастыруға болады. Алдымен тақтаға постерлерді ілу қажет. Содан кейін оқушылар тапсырманың түгел критерийлері орындалып, постерді жасауда криативтілік көзқарас танытқан топтың постеріне дауыс береді.

 

 Рефлексия

 Бүгінгі тақырыпты оқу мақсатына сай түсіну, білу деңгейін анықтау үшін қажет. Оқушылар бұл сұрақтарға жазбаша не болмаса, ауызша да жауап берсе болады.

 

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 

 

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  •  жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  •  қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  •  қайшыны ашық тастама;
  •  сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  •  қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  •  қайшыны керек уақытында пайдалан.

 

 Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -

  •  жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
  •  арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
  •  жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
  •  ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.

 

 Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  •  желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  •  желімді керек мөлшерде ғана ал;
  •  артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  •  жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

 

 Бізбен жұмыс жасау кезінде –

  •  бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
  •  жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
  •  тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу