Портреттік жанр. Портреттің түрлері. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, дидактикалық материал.


«Портрет жанры. Портреттің түрлері» тақырыбының дидактикалық материалдары.

 Портрет (фр. portraіtportraіtе — бейнелеу) — бейнелеу өнерінің жанры, адам бейнесін живопись яки графика түріндегі бейнесі.

Портрет ежелгі МысырҚосөзенГрекРим өнері дәуірінен белгілі. Көне дәуірдегі озық портрет үлгісі мүсінші Тутмес сомдаған Нефертитидің бейнесі (б.з.б. 16 ғ.). Орта ғасырларда портрет өнері ҚытайдаЖапонияда дамып, Орталық АзияӘзірбайжанАуғанстан (Бекзад Камал әд-Дин), Иран (Реза Аббаси) елдерінде миниатюралық портрет қанат жайды. Еуропада портрет өнерін қайта өрлеу дәуірі суретшілері (Б. ди Джотто, Мазаччо, С.Боттичелли, Леонардо да Винчи, С.Рафаэль, Тициан, т.б.) дамытты (15 — 16 ғ-лар). Портреттің нағыз гүлденген кезеңі — Х.Рембрант, Х. ван Рейн, Ф.Хальс, А. ван Дейк және Д.Веласкес, т.б. өмір сүрген дәуір (17 ғ.). Ресейде портрет 18 ғ-да (Ф.Рокотов, Д.Левицкий, В.Боровиковский, т.б.) өркендеп, одан әрі оны И.Репин, В.Серов, М.Сарьян, мүсіншілер В.Мухина, Е.Вучетич, т.б. жалғастырды.

Портрет мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді

1 Салтанатты портрет

2. Камералық портрет.

3. Автопортрет.

4.Топтасқан портрет (жұптық, топтық)

5.Әзіл- сықаққа арналған портрет.

Сонымен қатар, белдік, тұла бойлы деп те жіктеледі.

  Портреттің тағы бір түрі болады, ол – автопортрет, яғни суретшінің өзін - өзі бейнелеуі. 

Мо́на Ли́за (итал. Mona Lisa) — бұл шамамен 1503 жылдары италияндық суретші Леонардо Да Винчи салған суреті. Бұл сурет әлемдегі ең танымалы көркем суреттердің бірі болып табылады. Қайта өрлеу дәуіріне жатады. Париж қаласындағы Лувр мұражайында қойылған.

Суреттің толық атауы итал. Ritratto di Monna Lisa del Giocondo — Лиза Джокондо ханымның суреті.

 Леонардо жұмыстарына әрдайым ғылыми тұрғыдан қарады. Сондықтан оның бірнеше жыл жұмсаған жұмысы «Мона Лиза» әдемі, сонымен қатар қолжетпес және сезімсіз бейнеге айналды. Ол біруақытта жағымды да суық болып көрінеді. Джаконданың назары бізге бағытталғанына қарамастан, біз бен оның арасында визуалды кедергі - өткел секілді әсер ететін столдың тұтқасы бар. біздің назарымыз оның ашық бетіне, түссіз фатаның астында жатқан қара шашына, мойнындағы көлеңкеге және артқы жағындағы қараңғы түтінделген пейзажға еріксіз түседі. Алыстағы таулардың фонында фигура монументалды болып көрінеді, алайда картинаның форматы үлкен емес (77х53 см). Бұл күнде сурет Луврда тұр. 7 миллион АҚШ доллары жұмсалып суретке оқ өтпейтін әйнек пен қазіргі заманға сай қауіпсіздік жүйесі орнатылған.

1887 жылы салынған сурет. Валентин Серовтың картинасы Ресейде мемлекеттік Третьяков галереясында сақтаулы. Картина Абрамцев Савваның үйінде салынған. Суретте үй иесінің қызы Вера суреттелген. Картина жастық албырттықтың, зымырап жатқан уақыттың дәлелі сынды. Суретшіге әлдеқайда танымалдылық әкелген портрет белдік портрет түріне жатады.

Ван Гогтың автопортреті.

Ян ван Эйк, 1385 немесе 1390 жж. дүниеге келген. Фламандық кескіндемеші. Қайта өрлеу дәуірінің өкілі. Портрет, діни тақырыпта картиналар салған белгілі суретші.

"Портрет четы Арнольфини" 1434 жылы салған. 1842 жылдан бері Лондонның ұлттық музейінде сақтаулы. Бұл портрет тұла бойлы әрі топтық және отбасылық портретке жатады.

Аканаев А.А. Поэма о бессмертии. 1985. Холст, масло.254х112

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу