Көркемдеп аралау. Идеяларды құру. Материалды таңдау және дайындау. Көркем еңбек (ұлдар), 5 сынып, сабақ жоспары, 3 сабақ.


III тоқсан Қысқа мерзімді жоспар

Сабақты жоспарлаудан бұрын орта мерзімді жоспарды қараңыз. Сабақ жоспарын ұсынылған үлгі негізінде әзірлеуге болады.

Ұзақ мерзімді жоспар

3 А-бөлім: Дизайн және технология

Мектеп: Назарбаев зияткерлік мектебі

Күні: ____________________

Мұғалімнің аты-жөні: ___________________

Сынып: 5 ________

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

3. Сабақ тақырыбы

Көркемдеп аралау. Идеяларды құру. Материалды таңдау және дайындау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.5.1

Өзінің және өзгенің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) тәжірибесіне сүйене отырып және композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау.

5.1.5.2

Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар мен сұлбалар орындау.

5.1.4.1

Шығамашылық жұмысты орындау кезеңдерін анықтай отырып, жоспар дайындау.

 Сабақ мақсаттары

  • Өзінің және өзгенің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) тәжірибесіне сүйене отырып және композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау;
  • Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар мен сұлбалар орындау;
  • Шығамашылық жұмысты орындау кезеңдерін анықтай отырып, жоспар дайындау.

 Бағалау

 критерийлері

  • Өзінің және өзгенің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) тәжірибесіне сүйене отырып және композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындайды;
  • Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар мен сұлбалар орындайды;
  • Шығамашылық жұмысты орындау кезеңдерін анықтай отырып, жоспар дайындайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

зерттеу жұмыстарын жасай отырып музыкалық аспаптардың сыртқы келбетін талдайды және оларды орындалу материалдарын айқындайды. Талқылау сұрақтары:

Бұл аспап қандай материалдардан және қалай жасалынған?

Жасалған аспаптың дыбысының сапасына материалдың қандай әсері болады?

Басқа аспаптардан ерекшелігі мен маңызылығы қандай?

Диалог:

Мен ..... аспабын зерттеу барысында ....... айқындадым.

Мен қалдық материалдардың ішінен ..... таңдадым, себебі ...... аспабын орындауға ыңғайлы деп ойлаймын.

Менің дәстүрлі аспабымды дайындауға ...... шеберлердің .....туындылары әсер етті

Терминология:

Қазақ халқының дәстүрлі музыка аспаптары:

соқпалы, ішекті, ыспалы, шулы аспаптар және т.б.

 Құндылықтарды

 дарыту

Оқушылар ұлттық құндылықтар өнерді, тарихты, мәдениетті, соның ішінде сәндік қолданбалы өнер және музыка нысандарын, сипаттамаларын зерттей отырып, дәстүрлі мәдениет саласындағы құндылықтарды бойына сіңіреді

 Пәнаралық

 байланыстар

Информатикада алған білімдерін қолданады, тарих, экономика математика.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Компьютерді колдана отырып тақырыпқа байланысты түрлі ақпарат жинау және дұрыс қолдану арқылы білім дағдыларын көтереді.

Бастапқы білім

Алдыңғы білімдерден оқушылар қолөнер бұйымдарының негізгі технологияларымен материалдардың қасиеттерін біледі. Оқушылар алдыңғы сыныптарды дәстүрлі сәндік қолданбалы өнерге байланысты білімдерін және көркемөнер жұмыстарында шығармашылық идеяларын қолдана біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

1. Сыныппен амандасу. Сыныптағы оқушыларды түгендеу.

2. Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру, яғни сабаққа оқушыларды бейімдеп бағдар беріледі. Сыныпты сабаққа дайындау.

3. Cабақ тақырыбымен, мақсатымен және

критерийлермен танысады.

4. Бағалау;

5. Талдау;

6. Рефлесия.

Стикер, флипчарт, скечбуктар (жұмыс дәптерлері), формат А4,A3 т.б.

Сабақтың ортасы

Сабақ барысы.

(МК) Ағаштан жасалған бұйымдардың, материалдардың өңдеу тәсілдеріне оқушылардың назарын аударыңыз. Оқушыларға бұйым жасаудағы жұмыстың бірізділігін айтып түсіңдіріңіз (идея, нобай, материалдар мен құралдар, туынды жасау).

1. тапсырма жеке орындалады

(Ж)(Т)

а) Алдағы жасайтын бұйымдарының ерекшеліктері мен дизайн үлгілерін анықтап, өз альбомдарына нобайлар (эскиз) орындайды.

ә)Сонымен қатар бұйымның масштабын, пропорциясын және өлшемін ескере отырып сызбасын орындайды.

Таратпа материал кесте

б)Оқушылар өздігінен жұмыс кезеңдерін жоспарлайды, бұйым жасау технологиялық картасын құрастырады.

Технологиялық карта үлгісі

Жұмыс жасау реттілігі

Қолданатын құрал-саймандар мен материалдар

Графикалық көрінісі

2.тапсырма

(Ө) (Т) Оқушылар өз идеяларын іске асыру үшін фанер және қол құралдарын пайдаланады.

Алдыңғы тапсырмада орындалған нобай, сызбаларға байланысты сарамандық жұмыс жасайды.

Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Қыларамен кесу. SCROLL SAW, DeWALT DW – 788

https://www.youtube.com/watch?v=Q0agA0TcwzE

ttps://www.youtube.com/watch?v=XELvhdZrVYo

https://www.youtube.com/watch?v=XELvhdZrVYo

Скечбук, жұмыс дәптері, сызғыш, қалам, сызу құралдары

Ағаш, фанер, көшірме қағаз, шаблон, ара, қылара, зімпара, егеу

Сабақтың соңы

Оқушылардан бұйымды жақсартуға арналған идеялары мен бағалау критерийлерімен бөлісуді сұраңыз.

Оқушылар өз жұмыстарын таныстыруда бір- бірлеріне пікірлер мен жақсарту ұсыныстарын айта отырып, бағалайды.

Содан кейін талқылау мен рефлексия жүргізіледі.

Екі жұлдыз, бір тілектерін білдіреді.

Электронды журналда бағаланады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу