Ойын кезінде көшбасшылық дағдыларды тәрбиелеу. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 14 сабақ.


№14 сабақтың қысқа мерзімді жоспары

2-бөлім: Түрлендірілген командалық ойындар

Мектеп: Орал қ.ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Адиев Д.Т.

Сыныбы: 5 сыныптар

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Ойын кезінде көшбасшылық дағдыларды тәрбиелеу.

Оқыту мақсаттары

5.2.1.1. Өзгеретін мән-жайларға қарай әрекет ету арқылы қимылдауға қатысты білімді меңгеру және түсіну.

Оқу бағдарламасына сілтеме жасау

2.1.Өзгеретін мән-жайларға қарай әрекет ету арқылы қимылдауға қатысты білімді ыңғайластыру.

 Сабақтың мақсаттары

  • Төзімділік, ептілік және зейінділікті дамытуға ықпал ету
  • Командада жұмыс істеу дағдыларын және көшбасшы болу дағдыларын дамытуға септігін тигізу.

 Жетістік критерийлері

  • "Көшбасшылық" сөзінің мағынасын біледі.
  • Көшбасшылық қасиетін дамытады
  • Қозғалмалы ойындарда көшбасшылық қасиетін көрсетеді

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар келесі ұғымдарды біледі және қолдана алады:

  • тактика
  • стратегия
  • алдау қозғалыстары
  • допты лақтыру

 Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерімен өзара пәнаралық байланыс орнатуға болады.

 АКТ пайдалану дағдылары

Интербелсенді тақтада «Аңшы мен үйрек» ойыны туралы презентация көрсету

 Бастапқы білім

Оқушылардың доп лақтыру және орындау техникасы туралы түсініктері бар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезендері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин.

Тақырыпты, сабақ барысын, бағалау критерийлерін, сабақ мақсаттарын жария ету және түсіндіру, сабақ соңындағы рефлексия туралы ескерту.

Жай жүру, жүгіру түрлері

Бір орындағы жалпы дамыту жаттығулары

Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы.

Үлкен бос кеңістік

Сабақтың ортасы

25 мин.

Көшбасшылық қасиеттің не екенін түсіндіру. Ойын туралы бейнекөрініс көрсету. Ойын кезіндегі Қ.Е. түсіндіру.

Аңшы мен үйрек ойыны.

Оқушылар қатарға түрып, бір,екіге саналады 1-ші топ аңшылар ал 2-ші топ үйректер болады. Аңшылардың қолында волейбол добы болады. Аңшылар үйректерді доппен соғады. Доп тиген үйрек ойыннан шығады. Ойын барлық үйректерге доп тигенше жалғасады. Ойыншылар рөлдерін алмастырып отырады. Уақыт есептеледі. Уақыт үнемдеген команда жеңіске жетеді.

Бағалау дескрипторлары: - ойыншыларға қарай жылдам лақтырады.

  • алаңда жылдам қозғалады
  • 2 немесе одан да көп ойыншыға доп тигізеді

Қалыптастырушы бағалау: Фишкалар

Залда фишкалардан алдын ала дайындалған түрлі-түсті фишкалар қойылған. Оқушылар өздерін бағалауда осы шеңберлердің ішіне орналасуы керек. Ақ түсті шеңберге барлығын жақсы орындадым деген оқушылар.

Жасыл түсті шеңберге көбіне жақсы орындадым деген оқушылар.

Көк түсті шеңберге кейбірін жақсы орындадым деген оқушылар.

Үлкен бос кеңістік.

Волейбол добы, ысқырық, конустар.

Сабақтың  соңы

5 мин.

Сабақты қорытындылау:  сабақ соңында нәтижелер қорытындыланып, не білгені, қалай жұмыс жасағандары талқыланады.

«Нысана» рефлексиясы. Оқушылар маркерлермен нысанаға қаншалықты сабақ мазмұнын меңгергендігін білдіріп нүкте қойып кетеді.

Киім ауыстыру орнына кету.

Маркерлер, фломастерлер, стикерлер

Саралау – Көбірек қолдау көрсетуді Сіз қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Дене шынықтыру сабақтарында саралық тәсілдемеге оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай олардың дене саулығының, дене дайындығының оңтайлы деңгейіне, сондай-ақ тиісті білім, біліктер және дағдылар көлеміне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ерекше тәсілдеме жатады.

Дене дайындығының деңгейі төмен оқушыларды қолдау үшін: допты нысанаға лақтыруды қайталау

Қабілетті оқушыларға: нысанаға допты қозғалыста лақтырып тигізу

Бағалау -Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарладыңыз?

Сабақтарда бағалауды мұғалім келесілер арқылы сабақ барысында жүзеге асырады:

Фишкалар

Залда фишкалардан алдын ала дайындалған түрлі-түсті фишкалар қойылған. Оқушылар өздерін бағалауда осы шеңберлердің ішіне орналасуы керек. Ақ түсті шеңберге барлығын жақсы орындадым деген оқушылар.

Жасыл түсті шеңберге көбіне жақсы орындадым деген оқушылар.

Көк түсті шеңберге кейбірін жақсы орындадым деген оқушылар.

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Жалпы бағалау

Сабақтың жақсы екі  аспектісін көрсетіңіз   (оқытуға, үйренуге қатысты)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Сабақ барысында сыныптың немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері /қиындықтары туралы не анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу