Қауіпсіздік ережесі. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын үйрету. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары 1
Ұзақ мерзімді жоспардың 5.1 Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын қалыптастыру. | Мектеп: Шымкент қаласы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. | |||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалім аты жөні: Байтуов Т.Т. | |||||||||||||||||||||||
СЫНЫП: 5 | Қатысқандар | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қауіпсіздік ережесі. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын үйрету. | |||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары | Денсаулықты нығайту бағытындағы орындалатын физикалық жаттығулар барысында техникалық қауіпсіздік сұрақтарымен хабардар болу. | |||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: |
| |||||||||||||||||||||||
Сабақтың тілдік мақсаты | ||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | 4 сынып – Жеңіл атлетика. | |||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||
0-5минут 6-13 минут | Ынтымақтастыру атмосферасын орнату. Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу.Сергіту. “Шаттық шеңбері” оқушыларға жылы сөздер жазылған смайликтер таратып беру. (Оқушылар шеңберге тұрып, смайликтердегі сөздерді оқып, бір біріне жақсы көңіл сыйлайды). Жалпы жетілдіру жаттығулары: 1. Бір орында: Оңға,солға,кері бұрылу. 2.Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру. Жартылай отырып, толық отырып жүру. 3.Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру, аяқты артқа сермеп жүгіру. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау. Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындау. Жаңа тақырыпты игеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру. Техника қауіпсіздігін түсіндіру және қауіпсіздіктің алдын алу шараларын оқушыларға таныстыру. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы: - Оқушыларды екіге бөліп спорт алаңын айналдыра жүгірту; - «Сөреге!», «Дайындалыңдар!», «Жүгір!» командаларын түсіндіру және орындау; - Кеудені дұрыс ұстап, қолдың дұрыс сілтеу және дұрыс тыныс алу жаттығуларын жасау; - Қол мен аяқты айқастыра кең адымдап және қысқа адымдап жүгірту; Төменгі сөреден шығу техникасын үйрету. «Сөреге» деген бұйрық берілгенде сөре сызығына келіп бір жарым табан санап алып, қолды сөре сызығынының үстіне қойып, итеілетін аяқты алдыға қойып, екінші аяқтың тізесі итеретін аяқтың табанының орта тұсында тұрады, салмақ қолға түсіп тұрады | Смайликтер. Ысқырық, секундамер | ||||||||||||||||||||||
Ортасы 14-35 |
«Дайындал» деген бұйрықта аяқтар жартылай жазылып, денені алға қарай ұсындырамыз. «Жүгір» деген бұйрықта бар екпіні мен аяқты жылдам қолды алға артқа сермеп, 20 метрге максимальді қарқын алғанша жиі-жиі басып жүгіреді. Машықтық жұмыс: Қысқа қашықтыққа 60 метірге жүгіруді, уақыт есептей орындау.Мұғалім оқушыларды өзінің төмендегі бағалау парақшасына бағалайды. Қысқа қашықтыққа жүгіруді бағалау парақшасы
| |||||||||||||||||||||||
Соңы 36- 40 | Ой-толғаныс. «Синкуейн» әдісі – «Қашықтық». ( Оқушылар «қашықтық» тақырыбына 5 жолды өлең құрастырады.) | |||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? дамытуды қалай жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ сілтемелері Құндылықтар | ||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар; Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын біледі. Оқушылардың көбісі; Қысқа қашықтыққа жүгіруде 60м орындай алады. Оқушылардың кейбірі: Өздерінің және өзгелердің орындаған жаттығуларын бағалайды. |
| |||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуді) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйретуді)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?