Шытырман және бірлескен тапсырмалар арқылы оқыту. Дене шынықтыру, 4 сынып, дидактикалық материал.
«Екі аяз» ойыны.
Ойын алаңының қарама-қарсы жағында арасы 10-20 м. «үй» мен
«мектепті» белгілеу қажет. Екі жетекші - «аяз», қалған ойыншылар - «балалар». Балалар үйдің жанындағы сызыққа орналасады, ал алаңның ортасында көшеде «екі аяз» тұрады. Аяздар балаларға мынандай сөздермен өлеңдетеді: «Біз екі жас ағайын, екі аяз мықтымыз». Бір аяз, өзін көрсетіп: «Мен аяз - қызыл мұрын», екіншісі «мен аяз - көк мұрын». Екеуі: «Біздерден қорықпай, кім жолға шығады?». Барлық балалар жауап береді:
«Біз қорықпаймыз, бізге аяз қорқынышты емес!». Осы сөздерден кейін балалар үйден мектепке дейін қашады. Аяздар оларды ұстап алуға тырысады, яғни оларды «қатырады». Ұсталғандар сол жерде тоқтайды. Сонан соң аяздар балаларға жаңағы сөздерді қайталайды, балалар да жауап береді де, үйге жүгіреді. Жолда ұсталып қалған балаларға көмектеседі, яғни оларға қолдарын тигізеді, сөйтіп оларды ойынға қосады. Аяздар балаларды тағы ұстайды, тұрған балаларға көмектесуге бөгет жасайды. Екінші рет аяздар өлеңді толық айтпайды, тек соңғы шумақтарын айтады. Екі айналымнан кейін қолға түскен балалар жаңа аяздарды таңдайды. Қолға түскендерді санайды және жіберіп қояды. Ойын қайтадан басталады. Жетекшілер де ауыстырылады. Ойынның соңында «аяз» қатыра алмаған «балалар» және ең жақсы жүргізуші сыңарлар анықтала Мұғалім ойын барысында келесідей ережелердің сақталуына назар аударуы қажет
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?