Жеңіл атлетика элементтері бар эстафета. Дене шынықтыру, 4 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәні

CАБАҚ ЖОСПАРЫ №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:1-бөлім: Жүгіру, секіру және лақтыру.

Ортақ тақырып: Менің Отаным – Қазақстан.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Жеңіл атлетика элементтері бар эстафета.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1 Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде негізгі қозғалыс машықтарын түсіну және көрсету.

4. 3.5.1 Дене қимылдарына қатысудың түрлі мүмкіндіктерін зерттеу және салыстыру, оларға қатысу мүмкіндіктерін алу жолдары.

Сабақ мақсаттары

Эстафеталық жарыстарда негізгі жеңіл атлетикалық элементтерді анықтау және түрлі мүмкіндіктерді, қозғалыстарды пайдалану, эстафеталарға қатысу.

Бағалау критерийлері

  • Дене жаттығуларын орындағанда қозғалыс машықтарын анықтайды, реттілігін ұстанады, үйлесімді көрсетеді.
  • Эстафеталық жарыстарда қимылдарды салыстырады және қатысуға мүмкіндік алады.

Тілдік мақсаттар

Сыныптағы оқушыларға түсінікпен, пәннің мазмұнымен жұмыс істеуге қажетті тілді қамтамасыз ету, талдау жасауға қажетті фразалар;

  • күш, координация, тепе-теңдік;
  • бақылау, талқылау, қарау, бағалау.

Құндылықтарды дарыту

Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптастыру, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамыту. Мейірімділікке, ізгілікке шақыру;

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, дүние тану.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану.Әр түрлі жастағы балаларға арналған эстафеталар: http://kidportal.ru/konkursi-i-estafeti/estafeti/

Бастапқы білім

Оқушылар жеке, жұпта, шағын топтарда жүгіру, секіру, лақтыру бойынша жаттығуларды жасау үшін жұмыс істейді. Жеңіл атлетика элементтері бар әртүрлі эстафетаны орындайды.

Жоспарлардағы әрекеттер

Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі

ҚБ = қалыптастырушы бағалау Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

15 минут

(Б) Оқытушы сыныпта жарақаттанудың алдын алу мақсатында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізеді.

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Адымның ұзындығына көңіл бөу. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Жаттығуларды барынша біркелкі реттілікті сақтап орындау, қандай да бір бұлшық еттің, буынның қозғалысына тиімді әсер ету. Жаттығуларды негізгі бөлім бойынша арнайы бағытта орындату. Арнайы қозғалыстар үшін әр түрлі бұлшық еттерді дайындау жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату.

Үлкен, бос ойын кеңістігі.

Мұғалімге ысқырық, секундомер.

Сабақтың ортасы

20 мин

«Жүгіру сергіту» эстафетасы

(Б,Т,ҚБ) Командалар бір-бірден бағанға тұрғызылған. «Алға!» пәрменімен капитан бұрылыс жалаушасына дейін (15 м) жүгіреді, оны айналады және өз командасына қарай жүгіреді, эстафетаны эстафеталық таяқшамен екінші ойыншыға береді және т.б. Ұпайды ең тез жүгірген команда иеленеді.

Кедегілер жолағы

(Б,Т,ҚБ) Оқушылар екі командаға бөлінеді және сөре сызығында тұрады. Жетекшінің пәрмені бойынша команданың бірінші қатысушысы қолына допты ұстап, қозғалыс бағытына қатар еденде жатқан гимнастикалық секірмекке жүгіріп барады және секірмектен 7 рет секіреді. Еденде жатқан секірмекті басып кетпей, екі жаққа секіру керек. Одан кейін еденден сызылған сызыққа дейін 5 метр жүгіреді (ол спорт зал қабырғасынан 5-7 метр қашықтықта орналасқан) және қабырғаға лақтырып, допты қағып алады және жүгіріп сапқа қайта оралады.

Ойынды екі кезеңге бөлуге болады: біріншісі – еденде жатқан секірмек арқылы жай ғана секіру, екінші кезең жүгіріп барып, допты қабырғаға лақтыру, оны қағып алып, сапқа қайта оралу. Және үшінші кезеңде осы екі эстафетаны біріктіреді.

(ЖЖ,Т,ҚБ) «Өткел». Сынып екі командаға бөлінеді, сөре сығынан 15-20 метр қашықтықта гимнастикалық шеңбер жатады. Оқушылар пәрмен бойынша екеуден қолдарынан ұстап, шеңберге дейін жүгіреді, оқушының біреуі шеңберде қалады, екіншісі тағы бір оқушыны алып келеді, екінші ойыншы үшінші оқушымен шеңберге жүгіріп келгенде, екінші ойынша шеңберде қалады, эстафетаны үшінші ойыншы, одан кейін төртінші ойыншы және әрі қарай жалғаса береді. Барлық оқушы шеңберге келгеннен кейін, сол әдіспен жұптасып кері қайтады. Командадағы соңғы қатысушыға дейін жалғаса береді.

Үлкен бос кеңістік.

Мұғалімнің ысқырығы, эстафета таяқтары, фишкалар, жалаулар, бор.

Үлкен бос ойын кеңістігі, мұғалім үшін ысқырық, бор, кегли, баскетбол доптары, теннис доптары, волейбол доптары. Нұсқалары ретінде 10-10 см өшемді нысана, кегли немесе қорап.

Үлкен бос кеңістік.

Мұғалімнің ысқырығы, кілемшелер, гимнастикалық төсеніштер.

Сабақтың соңы 5 минут

Рефлексия. Кері байланыс. Сабақ соңында білім алушылар рефлексия жүргізіледі:

Эстафеталық жарыстарда бірлескен, жекелеген тапсырмалар кезінде, әдеттегі қателерге назар аударады анықтамалар береді. Білім алушылар таңдаған белгілі жаттығуларда балалардың қызығушылықтарын қолдап, оңтайлы қозғалыс дағдыларына әдістер ұсынылады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Бірлескен іс- әрекеттегі қозғалмалы эстафеталар бойынша жалпылау. Жеңіл атлетика элементтері бар эстафеталарды жүйелей білуге негізделеді. Дене қасиетін дамытуға негізделген жаттығулардың мағынасын ашу. Баламалы нұсқаларының әзірлеу, орындалуын анықтау. Бірлескен, жеке жұмыста эстафетаға қатысу мүмкіндіктерін анықтау, ұстану.

Оқушылардың өз бетінше демді ретке келтіру әдістерін белсенді орындау. Өз бетінше қателерін түзеу. Үйлесімділікті, реттілікті дамытуға ынталану. Бірлескен іс әрекетте ойындардағы жаттығулар элементтерінің орындалу маңыздылығына көңіл бөлу. Бірлескен, жеке тапсырмалар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Сабақ барысында ойында, бірлескен іс әрекетте, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтап, еңсеру, техника қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау. Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі тапсырмалардың орындалуына, күрделендіруге байланысты қойылған.

Оқушылар оқу мақсатының мағынасын анықтап, белсенді түрде ынталанып, эстафеталардың баламалы нұсқаларын әзірлеу және әр түрлі деңгейлі тапсырмалардың орындалуына қол жеткізу.

Әр тапсырмаға бөлінген уақыт жеткілікті болды.

Әр түрлі деңгейдегі жеңіл атлетикалық элементтердің орындалу нұсқаларын бақылау, саралау, қозғалыс үйлесімділігін назарда ұстау.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген оқушыларға үйлесімділігін, дағдысын қалыптастыруға тапсырмалар берілді, әр түрлі деңгейдегі қимыл-қозғалыстар қарастырылды.

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Эстафеталық жарыстардың элементтеріне, қозғалыс әрекеттерінің шартына, жарыстың мағынасына, сапасына көңіл бөлу. Топтың деңгейін, ынтымақтастық белсенділігін анықтау.

2: Әр-түрлі қозғалыс дағдыларының орындалу үйлесімділігінің сақталуы. Өзін-өзі, дене өзгерістерін бақылау.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап, деңгейлі тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Тапсырмалардың, элементтердің және жаттығулардың айырмашылығы, нұсқаларының күрделілігі.

2: Негізгі дене жаттығуларының орындалу үйлесімділігі. Әр-түрлі қозғалыс дағдыларының мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив)

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың белсенділігін, ынтымағын ұстану. Негізгі дене жаттығуларын орындалуына, әр-түрлі қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға тапсырмалар беру, ұсыну, әдістерін қарастыру. Жеңіл атлетика элементтері бойынша сұрақтар қою. Танымдылығын дамыту.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу