Топтық қозғалыс әрекетінің прогресі. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 90 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 90
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: № 7 бөлім. Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 3 сынып | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Топтық қозғалыс әрекетінің прогресі | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.6.6 Қозғалыс қызметін оқытудың түрлі кезеңдерінде тәуекелдердің туындауын қысқарту және қиындықтарды еңсеру шеберлігі мен машықтарын жетілдіру | |||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқудың тілдік мақсаты Оқушылар: Ойын белсенділігі кезінде әлеуметтік дағдыларды түсіну, көрсету және талқылау. Пәндік лексика және терминология Мыналарды қамтиды:
Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика және биология сабақтарымен байланыстыру. | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ қолдану арқылы оқушыларға видео роликтер көрсету. Дағдыларды талдау үшін компьютер, фотоаппарат, фото карточкалар қолдану | |||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар комуникативтік дағдыларды дамыту үшін, қозғалмалы және еріктік қасиеттерін, жеке, жұптық және топтық жаттығулар орындайды. Әртүрлі әлеметтік дағдыларды түсіну үшін, қозғалмалы ойындар, жарыс элеметері бар ойындар ойнап рольдерімен ауысады. Бөлімде оқушыларға топтық қозғалыс белсенділігін дамытуға дамытуға бағытталған. Бұл бөлімде бағдарлама қозғалмалы ойындар арқылы оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Ойын белсенділігін өз табиғаты, ынтымақтастық және бәсекелестік, жарыстарда ынтымақтастық бойынша, әлеуметтік дағдылардың түрлі аспектілерін дамыту. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 10 мин. | «Тақырып көлеміндегі әрекеттер» Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді. Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.
Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары
Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау. Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету. | Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы керек. Мұғалім үшін ысқырық, секундомер т.б | ||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин. | «Топтық қозғалыс әрекетінің прогресі» Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын түсіндіре отырып, қауіпсіздікті ескерту. Тапсырмаларды орындау барысында немесе қимыл-қозғалыс ойындарын ойнау барысында қауіпсіздікті сақтап, бір-біріне көмектесуге шақыру. Оқу мақсатына жету үшін ойнатылатын ойынның ережесін оқушыларға түсіндіру. Оқушылардың ортасынан мұғалім екі оқушыны таңдап алып, көздерін байлайды. Олардың аяқтарының астында бірнеше заттар болады. Жүргізуші көзге байланған ойыншыларға бір минут ішінде барлық "саңырауқұлақтарды"жинауға бұйрық береді. Шеңбер ішіндегі ойыншылар "саңырауқұлақтар"жинай бастайды. Олардың қайсысы белгіленген уақытта "саңырауқұлақтарды" көп жинайды, ол жеңімпаз деп жарияланады. Шеңбердің ішіне басқа ойыншылар кіреді. Бұл ойынды ойыншыларды тең екі топқа бөлу арқылы өткізуге болады. Ойынды қорытындылау. Оқушылардың сезім мүшелерінің дамуын және қозғалыс әрекеттерінің шеберлігін дамыту мақсатында ойнатылғандығын оқушыларға ескерту. Ойын кезінде жылдам әрекет жасаған ойыншыларды мақтау, мадақтау арқылы оқушыларды бағалау. «МЕРГЕН» ойынын ойнату. Бір бірінен 10-15 м қашықтықта екі параллель сызық жүргізіледі. Олардың ортасында диаметрі 2 м шеңбер сызылады. Бір ойыншы мерген болып сайланады. Ол қолындағы доппен шеңбер ішінде болады. Қалған ойыншылар бір жолдан екіншісіне ауыса бастайды. Мергенші оларға допты лақтыру арқылы тигізе бастайды. Кімге доп тисе, сол ойыншы мергенші рөліне ауысады. Ойынның басында мұғалімнің белгісімен «отыр» деген команда кезінде кімде кім қалып қойса, сол ойыншы ортаға мергенші болып сайланады. Мергенші ойыншыларға допты лақтыру кезінде бір ойыншы қағып алатын болса, онда ол ойыншыға бір ұпай беріледі. Ойын осылай жалғасады. Оқушылардың шеберлік, шапшаңдық, жылдамдық қабілеттерін жақарту мақсатында ойналады. | Мұғалім үшін ысқырық, кеглилер, доптар т.б Ойын кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау. Мұғалім үшін ысқырық, кеглилер, доптар т.б Қимылды ойындарға сілтеме: http://allforchildren.ru/games/active_index.php Қозғалмалы ойындарға арналған | ||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | «Сабақты қорытындылау» Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті. Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады. Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады. | Ашық сұрап-жауаптар Дайын карточкалар арқылы кері байланыс жүргізу. | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз: бір оқушыдан күтілетін нәтиже, дербес қолдау көрсету, уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады. Жұптық және топтық жаттығуларды, сонымен қатар қозғалыстың құрамдас элементтеріне сараптау жүргізу, көрсету, талқылау және мәлімдеу | Әр білім алушы өзінің іс-әрекеті туралы класстастарымен талқылай алады; Оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін дайындалып қойылған белгілі бір критерийлермен немесе кері байланыс беру арқылы жүзеге асыруға болады; Нақты бағалау үшін жоғарыда көрсетілген алдын-ала дайындалған критериилерді пайдаланамыз | Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы; Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті; Әр оқушының жүрісін, тұрысын жете назарда ұстау | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?