Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 74 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 74

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6 бөлім: Топтық ойындар элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар

Оқу мақсаттары

3.2.5.5 Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдалану және қолдану.

 Сабақ мақсаттары

Қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады, конструктивті ұсыныстарды қолданады.

 Бағалау критерийлері

  • қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады;
  • қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың конструктивті ұсыныстарды қолданады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • командалық ойындарда физикалық қасиеттерінің дамуымен қозғалыс дағдыларын көрсетеді және талқылайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Мыналарды қамтиды:

  • жарақат алу, ереже, қауіпсіздік
  • дәлдік
  • жүгіру, жүру
  • допты алып жүру, допты қайтару, допты лақтыру
  • команда, көшбасшы, бір-біріне көмектесу
  • шығармашылық, қабілет
  • эстафеталар, қозғалыс идеялары
  • баламалы шешімдер, стратегия, жоспарлар
  • Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

• Сіз қандай идеялар, тактика мен стратегияларды бұл ойында қолдандыңыз?

  • Қандай қозғалыс дағдылары осы ойында дамыды?

• Командада жұмыс істеу дағдысын қалай жақсарта аласыз?

Құндылықтарды

дарыту

 

 

  • оқушының төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады;
  • ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс;
  • оқушыларды өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттай отырып, алынған дағдыларды қолдануға ынталандырады;

Пәнаралық

байланыстар

Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар қызметін түсінеді).

АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар қызметін көрсету (АКТ қолданған жағдайда)

Бастапқы білім

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс уақыттан алған командалық ойындар дағдылары мен білімдеріне ие.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен.

Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз»

Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(П) «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

25 мин.

(Т, Ж, ҚБ) Сынып кіші топтарға бөлінеді. Еденде сызылған кіші шеңбердің ішіне фишка қойылады. Шеңбердің жанына доп ұстаған қорғаушы тұрады. Қалған ойыншылар қолдарынан ұстап оның сыртынан шеңбер жасап тұрады. Одан кейін олар қолдарын төмен түсіріп, ойыншылардың біреуі қорғаушыдан волейбол добын алады. Шеңбер жасап тұрған ойыншылар бір-біріне допты лақтырып тұрады. Ыңғайлы кезде әрбір ойыншы допты фишкаға лақтырып құлатуға тырысады. Қорғаушы допты аяқпен ұрмай, кез келген әдіспен фишкаға тигізбеуге тырысады. Кім фишканы құлатса, сол қорғаушымен ауысады. Ойында орын алуы мүмкін, қорғаушы өзі епсіз қозғалысымен фишканы құлатуы мүмкін, онда ол өз орнын бұл сәтте қолында доп болған адамға береді. Шеңбер ортасына бірнеше фишка қоюға болады.

Дескриптор:

  • Шеңбердің ішінде қауіпсіздік ережесін сақтайды.
  • Допты лақтыру сәті мен көздеп лақтыру үйлесімділігін сәйкестендіреді
  • Спорттық құралдарды тиімді пайдаланады.
  • Әдістерді қандай жағдайда қабылдауға қолайлы екенін анықтайды.

ҚБ: бірін-бірі бағалау.

Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

Үлкен, бос кеңістік.

Мұғалімге ысқырық, фишкалар, бор, булава, волейбол добы.

Шығармашылық ойындарға сілтеме:

http://www.trepsy.net/play/?p=3

Сабақтың соңы

5 мин.

Сабақты қорытындылау.

  • Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
  • Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
  • Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
  • Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

бәрін жақсы түсіндім.

Енді түсініп келемін

Түсінбедім

Барлығын түсіндім

Құрал-жабдықтарды жинау.

Кері байланыс үшін парақ

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап береді
  • Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.
  • Қозғалыс ойын және эстафета ойын ойнаған кезде мықты дарынды оқушылар өз креативтік ойларын және қимыл қозғалыстарын көрсете алады «Көңілді кенгуру »
  • Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы
  • Оқушылармен тақырып бойынша әңгімелесу
  • Керек кезінде оқушылар тоқтай ала ма?
  • Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?
  • Бақылау, тыңдау, сұрақтар
  • Оқушылардың қалай жүргендерін бақылау
  • Оқушылар өз-өздерін бағалау, орындаған тапсырманы талқылайды
  • Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу;

Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу

Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету;

Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау.

Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді? Оқыту/оқу, Сәтті; Сәтсіз; Болашаққа жоспар.Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойылған.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу