Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 64 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 64
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: № 6 бөлім. Топтық ойындар элементтері | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 3 сынып | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету. 3.2.8.8 Қарапайым әрекеттерді орындау кезінде айырмашылықтарын түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының рөлін көрсету | |||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқудың тілдік мақсаты Оқушылар:
Пәндік лексика және терминология Мыналарды қамтиды:
Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану. Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу; Бір-бірін құрметтеу «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау. Мәдениетаралық түсінікті дамыту | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ қолдану арқылы оқушыларға видео роликтер көрсету. Дағдыларды талдау үшін компьютер, фотоаппарат, фото карточкалар қолдану | |||||||||
Бастапқы білім | Бұл бөлімде оқушылар командалық ойындар арқылы қозғалыс үйлесімдігін дамытады, дәлдікдағдыларын жақсартады. Түрлі дамытушылық ойындары арқылы командалық жұмыста көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Қозғалыс қызметтері арқылы шығармашылық қабілеттері дағдыларын дамытады. Баскетбол элементтері бар эстафеталарда оқушылар баламалы шешімдерді қимыл идеяларында, стратегиялар мен жоспарларда қолданады. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 10 мин. | «Тақырып көлеміндегі әрекеттер» Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді. Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.
Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары
Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау. Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету. | Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы керек. Мұғалім үшін ысқырық, секундомер т.б | ||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин. | Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын талқылауда, топтық немесе қозғалыс ойындарындағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Сұрақ-жауап арқылы оқушылардан білетін ережелерді сұрау, және толықтыру. Қауіпсіздіктің не үшін керектігін түсіндіру, талқылау. Ойын кезіндегі, сабақ барысындағы қауіпсіздік ережелерін ескерту. Құрал-жабдықтармен жұмыс жасауда қауіпсіздікті мұқият сақтау керектігін айту. «Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар» Тақырып көлемінде оқушыларға тапсырма беру. Яғни, оқушыларды тең екі топқа бөліп, «Жәмпи» ұлттық көше ойынын ойнату. Ойынның мақсаты: мергендік және дәлдік қабілеттерді дамыту. Ойынның шарты: Оқушылар тең екі командаға бөлінеді. Шеңбер сызылады және сол шеңбердің ішіне бос қауашақтар немесе кеглилер тігіледі. Бірінші команда белгіленген жерден жеңіл допты жерлетіп, «боулинг» ойыны сияқты түзу лақтырады. Егер лақтырылған доп кеглилерді құлататын болса, онда топ ойыншылары оны қайта жинап, «жәмпи» деп айлайды. Ал, екінші команданың мақсаты шеңбер ішіне бірінші топтың ойыншыларын кіргізбей, жеңіл доппен ұру арқылы оларды жансыздандыру. Егер бірінші топтың ойыншылары қауашақтарды немесе кеглиді жинаса, онда сол топ қайта допты лақтырады. Егерде барлық ойыншы жансызданып, қауашақтар құрылмаса, онда екінші топ ойыншылар доп лақтырады. Ойын осылай жалғасады. Ойынға барлық ойыншы қатысады және оқушылардың мақсаты ойын арқылы дәлдік, мергендік қабілеттерін дамыту. Допты түзу лақтыру арқылы қауашақтарды көздей отырып, дәл тигізу. Дискриптор:
лақтыру әдісі
Ойынды қорытындылау: Ойынға қатысқан ойыншылардың іс-әрекеттеріне бағалау жүргізу. Жалпы, ойынды қорытындылау. Ойындағы кемшіліктерді, ойыншылардың іс-әрекеттеріне тоқталы. Сұрақ жауап арқылы оқушылардың ойын барысында қандай дағдылары қалыптасқандығын сұрау. Ойын ережесіне сай жүргізілді ме? Қауіпсіздік сақталды ма? Бұл ойынға қандай балама ойын құрастыруға болады? Дәлдік, мергендік, ептілік дағдыларды дамытатын тағы қандай ойындарды білетіндігін сұрау және сол ойындарды ережемен ойнату. |
Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық, кеглилер немесе бос қауашақтар, жеңіл доп, бор т.б. Қозғалыс ойындарына сілтеме: | ||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | «Сабақты қорытындылау» Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті. Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады. Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады. | Ашық сұрап-жауаптар Дайын карточкалар арқылы кері байланыс жүргізу. | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
| Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз: Сабақтың кез келген кезеңінде берілген тапсырмаларға барысында оқушыларды мақтау мадақтау және бармақ арқылы бағалау және жаттығуларды орындау | Оқушылар қозғалыс дене жүктемелері дағдыларына арналған қауіпсіздік ережелерді теория жөнінде біліп, практикада қолдана алады. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?