Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 65 сабақ.
№65 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.
№ 6 бөлім: Топтық ойындар элементтері
Тақырып: Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар
Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:
Оқушы сабақтың басынан мұғалім айтқан ережелерді ескере отырып, мақсатқа сай тапсырмаларды мұқият орындауы қажет.
Кіріспе бөлімде қауіпсіздік ережелерін мұқият есте сақтап, денені қыздыру жаттығуларын орындайды. Жалпы дамыту жаттығуларын орындауда мұғалім айтан нұсқаулықтарды ескере денені созу жаттығуларын орындайды.
Негізгі бөлімде оқу мақсатына сай іс-әрекеттер жасайды. Мұғалім берген тапсырмалар немесе қимыл-қозғалыс ойынын ережемен ойнау қажет. Құрал-саймандармен жұмыс жасауда мұқият болу керек.
Сабақтың қорытынды бөлімінде өткізілген сабаққа қорытынды жасап, кері байланыс беру қажет.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Негізгі бөлім: «Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар»
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын талқылауда, топтық немесе қозғалыс ойындарындағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Сұрақ-жауап арқылы оқушылардан білетін ережелерді сұрау, және толықтыру. Қауіпсіздіктің не үшін керектігін түсіндіру, талқылау. Ойын кезіндегі, сабақ барысындағы қауіпсіздік ережелерін ескерту. Құрал-жабдықтармен жұмыс жасауда қауіпсіздікті мұқият сақтау керектігін айту.
«Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар»
Тақырып көлемінде оқушыларға тапсырма беру. Топтық ойындар кезіндегі, сабақ барысындағы қауіпсіздік ережелерін ескерту. Құрал-жабдықтармен жұмыс жасауда мұғалімнің рұқсатымен орындау.
Оқушыларды тең үш топқа бөліп, эстафеталық ойындар ойнату арқылы мергендік қабілеттерін дамыту.
- Оқушылар белгіленген жерге дейін жүгіріп барып, сол жерден үш рет дартс атады. Әр оқушы үш реттен (дротик) атып, қайтарда түзу жүгіріп келеді.
- Оқушылар белгіленген жерге дейін түзу жүгіріп барып, сызықты баспай, 150г теннис добын кәрзеңкеге лақтырып түсірулері қажет.
- Оқушылар белгіленген жерге дейін жүгіріп барады да, сол жерден кіші аға аттың үстінде тұрған үш кеглиге бір рет кіші допты латырып, тигулері қажет. Қайтарда түзу жүгіріп келеді.
Дискриптор:
- Ойында қауіпсіздік ережесін сақтау;
- Жылдамдық, ептілік дағдыларын дамыту;
- Мергендік, дәлдік қабілеттерін тапсырмаларды орындау арқылы арттыру.
Қорытынды жасау. Бағалау.
Оқушыларды әр эстафеталық жарыс аяқталғаннан кейін бағалап отыру. Яғни, тапсырманы орындаудағы кемшіліктерді айтып, қызығушылықтарын арттыру мақсатында мақтау, мадақтау сөздері арқылы бағалау. Әр тапсырманы орындауда қандай дағдылар қалыптасып жатқандығын сұрау. Қай тапсырманың орындалуы қиын болғандығын сұрау.
Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.
Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.
Керекті құрал-жабдықтар
ысқырық дартс, дротик
доптар жеңіл доптар
кеглилер кәрзеңке
секіртпе кіші доптар
шығыршықтар
секіртпе қапшығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?