Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 54 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 54
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім – Денсаулық және физикалық белсенділік | Мектеп: | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару | |||||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.3.1.1 Дене жаттығуларының, сауықтыру пайдасы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін көрсете білу және түсіну | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Жаттығулардың сауықтыру пайдасын, денсаулықты нығайтуға ықпал ететіндігін көрсетеді және түсінеді | |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология: Мыналарды қамтиды:
қалыпқа келуі
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар
| |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Дене жаттығуларын орындау барысында өзін-өзі басқару қызметін түсінеді). | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Тақырып бойынша дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару қызметін көрсету (АКТ қолданған жағдайда) | |||||||||||||
Бастапқы білім | Білім алушылар алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс уақыттан алған дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару бойынша білімдері мен дағдылары бар. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. (П) «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді Оқушылар бір-бірін бағалайды Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды. Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз? | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин.
| (С, Т, ҚБ) «Балықшы және балықтар». Бастаушы екі жұп таңдалынады. Дабыл бойынша бастаушылар қолдарынан ұстап, алаңдағы ойыншыларды аулап бастайды. Біреуін ұстап алғанда ұсталынған ойыншы шеңберде қалатындай етіп қолдарын жалғауы керек. Енді үшеуі бірге қалған ойыншыларды аулайды. Өздерінің «ауына » көп ойыншы аулаған жұп жеңеді. Ойын таза ауада немесе спорт залында өткізіледі. Ойын кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы оқушылардың есіне салу. Сұраңыз: Осы ойын арқылы қандай дене қасиеттерін дамытуға болады? Ойыннан кейін шаршаудың қандай белгілерін сезіндіңіз? Дескриптор:
ҚБ: бірін-бірі бағалау. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді. | Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, ысқырық Қозғалмалы ойындары интернет ресурстарының сілтемесі: https://sozdik.kz/kk/dictionary/translate/ru/kk/%D1%80%D1%8B%D0%B1%D0%B0%D0%BA/ | ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин. | Сабақты қорытындылау.
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. Рефлексия: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? бәрін жақсы түсіндім. Енді түсініп келемін Түсінбедім Барлығын түсіндім | Құрал-жабдықтарды жинау. Кері байланыс үшін парақ | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
|
| Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу; Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету; Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау. Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу. | ||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?