Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 56 сабақ.
Дидактикалық материал №56
Спорттық және қозғалмалы ойындар жаттығуларын еңбекті қорғау нұсқаулығы.(футбол, волейбол, баскетбол, теннис және т.б.)
- Еңбекті қорғаудағы жалпы талаптары.
- Спорттық және қозғалмалы ойындар жаттығуларына медициналық байқаудан және еңбекті қорғау нұсқаулығынан өткен адамдарға рұқсат етіледі.
- Жаттығуларды өткізген кезде оқу сабақ кестесі белгіленген оқу тәртібімен демалыс уақыты сақталуы керек.
- Спорттық және қозғалмалы ойындар жаттығуларын өткізгенде оқушыларға қауіпті факторлар әсер етуі мүмкін. Қақтығыстағы жарақаттар; ойын өтілімінің ерережесін бұзу; ылғал немесе сырғанақ еденде және алаңда құлау кезінде.
- Спорттық және қозғалмалы ойындар жаттығулары спорт киім және табаны сырғанамайтын спорттық аяқ киімдерде өткізілуі керек.
- Спорттық және қозғалмалы ойындар жаттығуларын өткізгенде жарақат алғанда алғашқы көмек көрсетілетін қажетті медикаменттері мен тағу өқралдарымен жабдықталған медициналық аптечка болуы керек.
- Жаттығу жетекшісі және оқушылар өрт қауіпсізідігі ережесін, алғашқы өрт сөндіру құрылғыларының орналасқан жерлерін білуге тиісті.
- Жетекші оқушылармен әр бір келеңсіз жағдай туралы мекеме басшыларына дереу хабарлап жарақаттанушыға алғашқы көмек көрсетуге міндетті.
- Жетекші және оқушылар оқу жаттығу кезінде спорттық ойынды өткізу, спорттық киімді және спорттық аяқ киімді киу, гигиеналық тазалық ережесін сақтауы керек.
- Еңбек қорғау ережесін орындамаған және сақтамаған адамдар ішкі еңбек шарты ережесіне сай тәртіптік жауапкершілікке тартылады, және керек болған жағдайда кезектен тыс еңбек қорғау ережесімен білімінің мөлшері тексеріледі.
- Жаттығулар алдында еңбекті қорғау талаптары.
- Табаны сырғанамайтын спорттық аяқ киім мен спорттық киімді киу.
- Құрылғылардың және бағаналардық футбол қақпасының белдеуін, баскетбол қалқанының және басқада спорттық құрылғылардың мықты бекітілуін тексеру.
- Спортық алаңда немесе еденде бөтен заттардың болмау жағдайын тексеру.
- Жаттығу өткізіп, спортзалды мұқият тексеру.
- Оқу жаттығу өткізген кездегі еңбекті қорғау талаптары.
- Ойынды бастау, ойын кезінде тоқтау және ойынды аяқтау тек қана жетекшінің белгісімен орындалуы керек.
- Қозғалмалы ойынды өткізу ережесін қатаң сақтау.
- Ойыншылармен қақтығысып, итеріп және аяқ-қолдарын соғудан қашқақтау керек.
- Жарақат алып қалмас үшін құлаған кезде топталып қалу керек.
- Оқу жаттығу жетекшісін мұқият тыңдап және барлық командаларын орындау керек.
- Апатты жағдайдағы еңбекті қорғау талаптары.
- Спорттық құрылғылармен және құрал-жабдықтардың жарамсыз болған кезінде, жаттығуды дереу доғарып мекеме басшылығына хабар беру керек. Спорттық құрылғы және құрал жабдықты оңдағаннан кейін ғана жаттығуларды жалғастыруға болады.
- Жаттығушы жарақат алған кезде дереу алғашқы көмек көрсетіп, мекеме басшылығына хабарлап, керек болған жағдайда жарақаттанушыны жақын жерде орналасқан емдеу мекемесіне жеткізу керек.
- Спорттық залда өрт шыққан кезде жаттығушыларды дереу эвакуациялық шығу есіктерінен шығару керек, өрт туралы мекеме басшыларына және жақын орналасқан өрт сөндіру бөліміне хабарлап, қолда бар өрт сөндіру құралдарын пайлаланып өртті сөндіруге кірісу керек.
- Жаттығулар аяқталғаннан кейінгі еңбекті қорғау талаптары.
- Спорттық құрал-жабдықтарды өзіне арналған жерге апарып қойып, спорт залды тазалап жуып шығу.
- Спорттық залдың терезелерін ашып ауасын тазартып алу.
- Спорттық киім мен спорттық аяқ киімді шешіп душ қабылдау немесе беті-қолын сабындап жуу.
Жалпы дамыту жаттығулар
Карточка №1
І. Ұйқыдан кейінгі жаттығу түрлері:
Ұйқы ашар жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету. Балалардың жалпы физиологиялық жетілуін жақсарту, қимыл қозғалыс арқылы биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру, жағымды эмоцияналды көңіл күй ортасын жасау.
1. Велосипед жаттығуы. Қол мен аяқты жоғары көтеріп. аяқты кезекпен сермеу.
2. Қайық жаттығуы. Ішпен жату, қолдар иектің астында. Жоғары тартылып, еңкею, тербелу.
3. Ауыр тастар көтеру. Алақанды жұмып, қолды жартылай көтеріп - түсіру
4. Шаңғы жаттығуы. 2 аяқты тізеге бүгіп, кезекпен созып - жинау. Табанды төсек үстіне үйкеу.
5. Ашулы мысық. Тіземен тұрып, белді бүкірейтіп, басты төмен түсіру.
6. Мейірімді мысық. Белді бүгіп, басты жоғары көтеру.
II. Жалпы дене жаттығулары.
Жалпы денеге арналған жаттығу - балалардың денсаулығын нығайтып, дене бітімін жақсы қалыптастырады.
1) Арқаға арналған «Ауа - райы» жаттығуы. Балалар бірінің артына бірі тұрып, алдыңғы тұрған балаланың арқасына әт түрлі массаждар жасайды.
2) Басқа және қолға арналған массажды қолғаптармен жасалатын жаттығулар
3) Мойынға арналған массажды жөкемен жаттығу
III. Алақан мен аяққа арналған жаттығулар.
Ұсақ саусақ маторикасын дамытуға және майтабанның алдын алуға зор әсер етеді.
1) Алақанға арналған «Кірпі» жаттығуы. Тікенек допты алақанға салып, айналдыру.
2) Табанға арналған жаттығу.
3) Бақайға арналған жаттығу
IV. Нүктелі массаж.
Суық тиюге және тұмауға қарсы жаттығулар жасау арқылы балалардың денсаулығын нығайту, дене сымбатын жетілдіру, қимыл - қозғалыс дағдыларын дамыту.
А) Тамағымыз ауырмау үшін, қолымызбен тамағымызды жоғары - төмен уқалаймыз
Б) Түшкіріп, тұмауратпау үшін, нұсқаушы саусағымызбен танауымыздың екі жағын кезектеп үйкейміз.
В) Қолымызды маңдайымызға қойып уқалаймыз.
Г) Құлағымызда ауырмау үшін, нұсқаушы және ортаңғы саусағымызбен құлағымызды алдынан және артынан уқалаймыз.
Керемет балалар, бізге ешқандай суық тию кедергі болмайды (алақанын уқалау)
V. Тыныс алу жаттығулары
Тыныс алу жаттығулары өкпенің жұмысын жетілдіріп, қан айналымын жақсартады. (үрлеу әдісі)
VI. Кедір - бұдыр жолдармен жүріп отыр.
Табанға массаж - өте тиімді пайдалы денені шынықтырудың түрі. Бұл табан бөлігіндегі активті нүктелерге қалыптасу үшін керек, майтабанның алдын алу үшін пайдалы.
Құмды, тасты, сулы жерлермен жүріп өту. Әр түрлі кедергілері бар кілемшелерді басып жүру.
«Қашқындар және қуғыншылар» ойыны.
Дұрыс орындауы | Негізгі қателіктер |
1. «Қашқындар және қуғыншылар» ойыны. | Екі ойыншыны дұрыс таңдамауы. Қалған оқушылар сапқа бесеуден тұрмауы Лабиринтты бейнелемеуі. Қолдарын созып араларын дұрыс алшпауы. Бәрі оңға дұрыс бұрылмауы. Қолдарын айналаға соза отырып тағы араларын алшпауы. Ойыншылардың арасында олардың қай бағытқа бұрылғанына байланысты өзеріп отыратын паралельді дәліздердің қүрылмауы. Дәліздердің бірінде қашқын бар, оны қуғын аңдып жүрмеуі. Олар тек дәліздердің бойымен қозғала алмауы. Қолдың астына кіруге болмайтынын білмеуі. |
2. Мұғалімнің белгісімен бастауы. | Мұғалімнің дабылын ескермеуі. Бәрі бұрылатынын білмеуі. Бағыттарын өзгертетінін оқушыларға айтпауы. Қолдар созылулы күйде қалатынын білмеуі. Осының көмегімен қашқын мен қуғыншы кенеттен әр түрлі дәлізде болмауы мүмкін. Егер қуғыншы қашқынды ұстай алмауы. Онда рөлдерімен алмаспауы. |
3. Соңғы ұсталған қатысушы жеңімпаз болып жарияланады. | Ойынның ережесін дұрыс сақтамауы. Топпен бірігіп жұмыс жасай алмауы Ойыншылар бір –бірінің қимыл-қозғалысын қайталамауы Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланбауы. Оқушылар ойынның шартын дұрыс орындамаулары Ойын алаңыдағы қауіпсіздік ережесін сақтамауы. Қорғаныстағы әдіс-тәсілдерді құрмауы. Оны ойында қолданбауы. |
- Сабақ басталмас бұрын денені қыздыру жаттығуларын жасау керек
- Дене қыздыру жаттығулары
- Жүру түрлері
- Аяқтың өкшесімен
- Сыртқы қырымен
- Аяқтың ұшымен
- Жартылай, толық отырып жүру
- Жүгіру
- Арнаулы жүгіру жаттығулары.
- Тынықтыру жаттығулары
- Орнында жасалатын жаттығулар
- Ойын алаңын мұқият қарап шығу керек
- Жүгіру жолдарын тексеріп шығу
- Басқа заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу
- Ойынды мұғалімнің рухсатымен бастау керек
- Жүгіру алаңына басқа оқушылардың кедергі жасамауын қадағалау
Қорытынды бөлім
Сапқа тұру, жай жүгіру, жүру тыныс алу жаттығуларын жасап бастапқы қалыпқа түсу.
— Сабақты қорытындылау
— Үйге тапсырам беру
— Ұйымдасқан түрде оқушыларды тарату
Оқушылардың бастапқы қалыпқа түсу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау.
Ғаламторға сілтеме: «Балаларға арналған қозғалмалы ойындар»
http://www.ckofr.com/doshkolnoe-vospitanie/256
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?