"Instagram-дағы ең бай балалар" тізіміне енген қазақ жігіті шетелдіктерді таң қалдырды (видео)

"Instagram-дағы ең бай балалар" тізіміне енген қазақ жігіті шетелдіктерді таң қалдырды (видео)

Алматылық Димаш Әділет Instagram-дағы ең бай балалар тізіміне еніп, ағылшындардың назарын аудартты. Жақында желіге қазақстандықты басты кейіпкерлердің біріне айналдырған британиялық деректі фильм жүктелді деп хабарлайды nur.kz порталы.

Алматылық Димаш Әділет Ұлыбританиядан Instagram әлеуметтік желісі туралы деректі фильмге түсуге шақырту алғаны туралы бұған дейін хабарланған болатын.

"Instagram-дағы ең бай балалар" тізіміне енген қазақ жігіті шетелдіктерді таң қалдырды (видео)

Фильмде желі арқылы танымал болған адамдар жайлы баяндалады.



Instagram-дағы ең бай жастарды көрсетуге тырысқан деректі фильмде жерлесіміз өзінің дүниесін ашық көрсетеді.





Ол алдымен өзінің қымбат сағаттарын көрсетіп, тіпті Софи есімді итімен де таныстырады.





Фильмнен алматылықтың үйінде джакузиден бастап барлық игіліктер бары, ал еденінде жолбарыстың терісі жайылғанын көруге болады.



Димаш досы Асқармен бірге шетелдік түсіруші топты Шымбұлаққа ертіп апарды.



Сол жерде 24 мың жазылушысына арнайы фотоға түсетін қалталы жігіт бір мезетте мыңдаған адаммен әлеуметтік желі арқылы байланысқа шығудан ләззат алатынын жасырмады.



Фильмде алматылықтан өзге суперяхталарда селфиге түсіп, ақша толы ваннаға шомылатынымен мақтанатын өзге елдің жастары да баршылық.



Мәселен, Монакодағы 20 жасар Лана есімді қалталы бойжеткен кей кездері іші пысса тікұшаққа отырып қыдырғанды ұнатады екен.



Димаш Instagram-ға осыдан 4 жыл бұрын тіркелген. Бастапқыда күнделікті сурет­­терін жүктеп, өміріндегі қызық­тар мен алған әсерлерін ортаға салып отырған. Уақыт өткен сайын жазылушылары көбейіп, танымалдығы арта түседі.



"Танымал болуды мүлдем ойлаған жоқпын. "Көппен көрген - ұлы той" демекші, елмен бірге тіркелдім. Ал парақ­шама жазылушылардың саны артқан кезде желіні мүлдем басқа мақсаттарда пайдалануға болатынын түсініп, белсенділік таныттым. Атап айтқанда, жарты жыл бұрын жазбаларымның форматын өзгерттім. Енді тек суреттер ғана емес, әр түрлі та­қырыпта шағын әңгімелер жа­зып, жариялай бастадым. Нә­тижесінде, оқырмандарымның саны бұрынғыдан да еселене түсті", - дейді Димаш.



Бүгінде ол Швейцарияда білім алып жүр. Сондықтан оған жазылушылардың қатарында ағылшын тілділер өте көп. Соны ескеріп өзі де жазбаларын орыс және ағылшын тілдерінде жария­лайды.



[media=https://www.youtube.com/watch?v=e8EeyEbvK6s]

Фото: Инстаграм, дереккөзі

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі