Депутаттыққа үміткерлердің мемлекеттен қанша теңге алатыны белгілі болды

Депутаттыққа үміткерлердің мемлекеттен қанша теңге алатыны белгілі болды

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражаты есебінен жабылатын шығыстарының көлемін бекітті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Орталық сайлау комиссиясы заңнамаға сәйкес қабылдаған қаулы бойынша облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихат депутаттығына кандидатқа бюджеттен үгіт іс-шаралары мен көлік шығындарына 245 мың теңге, ал қалалық және аудандық деңгейдегі кандидатқа 153 мың теңге бөлінеді», - деп мәлімдеді ОСК мүшесі Марат Сәрсенбаев.

Оның айтуынша, сайлауалды бағдарламаны телевизия арқылы насихаттауға облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың әрқайсына 70 мың теңгеден қаржы бөлінсе, қалалық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидатқа 36 мың теңге қарастырылған.

«Сайлауалды бағдарламаны радио арқылы таратуға облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихат депутаттығына тіркелген әрбір кандидатқа 20 мың теңге бөлінсе, қалалық және аудандық деңгейдегі кандидатқа 7 мың теңге қарастырылған. Сондай-ақ, баспа беттерінде 2 мақаладан жариялау мүмкіншілігі беріледі. Бұған облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихат депутаттығына тіркелген әрбір кандидатқа 85 мың теңге бөлінсе, қалалық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидатқа 62 мың теңге қарастырылған», - деп толықтырды Сәрсенбаев.

Оның айтуынша, сайлауалды іс-шаралар мен үгіт-насихат материалдарын басып шығару үшін облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихат депутаттығына тіркелген кандидатқа 25 мың теңге бөлінсе, қалалық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидатқа 20 мың теңге көлемінде беріледі.

ОСК мүшесі сондай-ақ, көлік шығындарына тоқтала кетті. Бұған облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихат депутаттығына кандидатқа 45 мың теңге бөлінсе, қалалық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидатқа 28 мың теңге беріледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!