Қазақтың ұлттық ойындарына баулу. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәні

CАБАҚ ЖОСПАРЫ №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім: Қазақ ұлттық ойындары.

Ортақ тақырып: Сәулет өнері.

Мектеп: ФМБ НЗМ Талдықорған қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Б.С. Ахметов

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қазақтың ұлттық ойындарына баулу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.4.1 Рухани -адамгершілік құндылықтар және патриоттық сезімді салыстыру.

3.2.2.1 Бірлескен жұмыста көшбасшылық дағдыларды қолдану.

Сабақ мақсаттары

Қазақ ұлттық ойындарындағы адамгершілік құндылықтарды анықтау, ойындарға баулу және топтық бірлескен жұмыста көшбасшылық дағдыларды пайдалану.

Бағалау критерийлері

Қазақ ұлттық ойындарындағы рухани тәрбиені анықтайды және бірлескен жұмыста көшбасшылық дағдыларды дамытады.

Тілдік мақсаттар

Топтық ойындарда әлеуметтік және когнитивтік дағдылар туралы түсінігін талқылап, ортаға салады:

  • рөл, адал ойын, ереже;
  • қағып әкету, тосқауыл қою, тоқтату;
  • әңгімелесу, қарсыластық, ынтымақтастық;

Құндылықтарды дарыту

Осы мақсатқа жетуге қажет дағдыларды дамыту, коммуникация әртүрлі нысанда ынталандырылатын және бағаланатын және оқушылар өздерін көрсету үшін сенімді сезінетін ортаның ынталандыруымен және қолдауымен сүйемелденуі тиіс.

Мектеп миссиясын, пайымдауын және жаһандық азаматтықты жүзеге асыру

Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сағаттарында пайдалану нәтижесінде рухани -адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімді және көшбасшылық қасиеттерді көрсету.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, дүние тану.

АКТ қолдану дағдылары

Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану;

Бастапқы білім

Ол дағдыларды оқушылар құпия және ашық сұрақтар арқылы, түрлі топтық ойындарды ойнау және тұтас сынып болып ойналатын ойындар кезінде дамытады. Оқушылар өз қиялына жүгінеді, өйткені олар өз ойындарында мысалы: аттар, қырандар, сұңқарлар, тырналар және қарғалар секілді белгілі бір рөлдерді орындайды. Олар патриотизм дегеннің не екенін талқылап, содан соң қазақтың бірқатар ұлттық ойындарын ойнайды.

Жоспарлардағы әрекеттер

Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі

ф = формативтік бағалауды қолдайды Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

15 минут

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Адымның ұзындығына көңіл бөу. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Арнайы жүгіру жаттығуларын, аяқтың бұлшық еттерін созу, жиыру дағдыларын, ұқалау жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату.

Үлкен, бос ойын кеңістігі.

Мұғалімге ысқырық, секундомер.

Сабақтың ортасы

(Б, К, Ф) «Теңге алу». Бұл ойын ат үстінде ойналады. Шабандоз орамалға түйілген теңгені шауып келіп іліп әкетуі тиіс.

Оқушылар жүгіріп келіп текшені көтеріп алып, бағананы айналып, өз тобына қайтып оралуы тиіс.

(Б, К, Тәж) «Арқан тартыс». Арқанның ұшынан ұстаған оқушылар қарсыластарын өздеріне қарай тартып әкетуге тырысады.

(К, И, П, Ф)«Әуе таяқ» ойыны. Ойын үшін қатысушылардың санына сәйкес тегіс таяқтар қажет (ұзындығы 80 см., диаметрі 2-3 см.). Қатысушылар жұптарға не топтарға бөлінеді. Мұғалім алғашқы жұпты не топтан екі оқушыны шақырады. Шақырылғандардың біреуі белгіленген сызықтан 3-4 м. кейін кетеді де, жүгіру бойымен қолындағы таяқты алға қарай жоғары лақтырады. Одан соң екінші ойыншы да өз таяғын алғашқы ойыншының таяғына тигізуге тырысып, лақтырады. Егер таяққа тисе, оған ұпай беріледі. Одан соң екінші жұп шығады және т.с. с. Ойынның екінші айналымында жұптағы ойыншылардың рольдері ауысады. Ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

Таңдап алынған ойын түріне барынша кең ойын алаңы, тартуға қажетті құрал ретінде 5-7 метрлік арқан, конустар, іліп әкету үшін текшелер, мұғалімге – ысқырық, және қажеттілікке қарай гимнастикалық шеңбер керек.

Құралдар:

секундомер, бор, фишкалар, түрлі доптар, гимнастикалық таяқтар

Ресурс ойын «Әуе таяк»:

http://kk.convdocs.org/docs/index-321365.html?page=2

Сабақтың соңы 5 минут

Рефлексия. Кері байланыс.Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Қазақтың ұлттық ойындарында бірлескен және жеке жұмыс кезінде әдеттегі қателерге назар аударады, анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі ойын нұсқаларына балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, оңтайлы қозғалыс дағдыларына әдістемелік нұсқаулық беру.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Ұлттық ойындардағы дағдыларға мән беру. Ұлттық ойындарында барысында реттілікті ұстану, барынша мағынасын ашу, дағдыларыды дамыту. Ұлттық ойындар бойынша жалпылау. Қабілеті жоғары оқушылар ұлттық ойындардың жалпы ережесін қайталап, сынып алдында ұстанымын өз бетінше көрсету, қозғалыстың үйлесімділігіне көңіл бөлу. Ойын шарттарын күрделендіру, баламалы нұсқаларын ұсыну.

Оқушылардың өз бетінше ұлттық ойындарында белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу, өзіне тән тәсілдерін байқап көру, орындау амалдары. Белсенді қозғалыс әрекеттері. Ойындар барысында күшті дұрыс жұмсауына, дұрыс тыныс алуына баса назар аудару. Ұлттық ойындарында барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. Өзін-өзі бағалау, басқа орындаушылардың сапасына баға беру.

Ұлттық ойындар барысында тәуекелдер мен қиындықтарға жете назар аудару.

Спорттық құралдардың дұрыс орналасуына аса кең көлемде көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу. Демді ретке келтіру тәсілдері.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі ойынның нұсқаларын орындалуына, күрделендіруге байланысты қойылған.

Оқу мақсаты оқушыларға түсінікті, белсенді түрде ынталанып, ойын нұсқаларын қайталау, қателерді түзету, қайталау арқылы қол жеткізді.

Әр ойынның нүсқасына бөлінген уақыт жеткілікті болды.

Әр түрлі деңгейдегі ойындардың орындалу нұсқаларын бақылау, саралау, қозғалыс үйлесімділігін, ойын ережесін назарда ұстау.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген оқушыларға дағдысын қалыптастыруға, дағдылануға тапсырмалар берілді, әр түрлі деңгейдегі қимыл-қозғалыстар қарастырылды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Бірлескен және жеке жұмыстағы ойынның ережесіне,шартына, мағынасына, сапасына көңіл бөлу. Топтың деңгейін, белсенділігін анықтау.

2: Ойын барысындағы амал-тәсілдердің орындалу үйлесімділігінің сақталуы. Өзін-өзі бағалау. Ойындағы белсенділік.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Қозғалыстың айырмашылығы.

2: Ойындағы қозғалыстарға ықпал ететін факторлар. Тапсырманың, рольдік ойындардың мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив)

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың белсенділігі, бірлескен және жеке жұмыстарда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Рольдік ойындарға байланысты сұрақтар қою. Танымдылығын дамыту. Қимыл-қозғалыстарды бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу