Ынтымақтастық және әділ ойын. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәні

CАБАҚ ЖОСПАРЫ №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім: Қазақ ұлттық ойындары.

Ортақ тақырып: Сәулет өнері.

Мектеп: ФМБ НЗМ Талдықорған қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Б.С. Ахметов

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Ынтымақтастық және әділ ойын.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.1 Жүйелі жаттығулар жинағын жақсарту және орындау.

3.2.3.1 Әділ ойында тактика мен стратегияны көрсету.

Сабақ мақсаттары

Дене сапасын дамытатын жаттығулар жинағын анықтау, көрсету және әділ ойнауға баулу, ойын барысында тактика мен стратегияны пайдалану.

Бағалау критерийлері

Дене сапасын дамытатын жаттығулар жинағын жүйелі орындайды және тактика мен стратегияны, әділ ойынды іске асырады.

Тілдік мақсаттар

Ұлттық ойындарда әлеуметтік және когнитивтік дағдылар туралы түсінігін талқылап, ортаға салады:

  • рөл, адал ойын, ереже;
  • тактикалар, стратегиялар, идея, жағдайдың образы;
  • әңгімелесу, қарсыластық, ынтымақтастық;

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық ойындарымыздың мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық мәні тым асқақ. Әрі тәрбие үрдісінде пайдаланылу өзектілігі басым. Халқымыз ойынды тәрбие құралы деп таныған. Жас балаларға арналған ойындарда ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуына ерекше мән берілген. Маңызды ойлау операцияларының (талдау, салыстыру, қорыту) жетілуіне ықпал ету.

Мектеп миссиясын, пайымдауын және жаһандық азаматтықты жүзеге асыру

Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сағаттарында пайдалану нәтижесінде ынтымақтастық және әділ ойын, рухани -адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімді және көшбасшылық қасиеттерді дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, дүние тану.

АКТ қолдану дағдылары

Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану;

Бастапқы білім

Бұл бөлімде оқытушының және оқушылардың басшылығымен өтетін, ынтымақтастық және сайыс негізіне құрылған ойындар арқылы оқушылардың әлеуметтік және когнитивтік дағдыларын дамытуға назар аударылады.

Жоспарлардағы әрекеттер

Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі

ф = формативтік бағалауды қолдайды Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

15 минут

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Адымның ұзындығына көңіл бөу. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Арнайы жүгіру жаттығуларын, аяқтың бұлшық еттерін созу, жиыру дағдыларын, ұқалау жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату.

Үлкен, бос ойын кеңістігі.

Мұғалімге ысқырық, секундомер.

Сабақтың ортасы

(Б, К, Тәж) «Көмбе алу» ойыны

Алаңның қарама-қарсы беттеріне сөре және мәре сызықтары сызылады.

Алаңға бірнеше теңге (тастар) тасталады.

Ойыншылар сөре сызығының бойына тізіліп тұрады. Белгі берілген сәтте олар атпен шауып келе жатқандай секіріп мәре сызығына қарай беттейді. Шабандоздар шауып келе жатып тоқтап қалмай, жердегі теңгені көтеруі тиіс. Теңгені кім көп жинаса сол жеңімпаз болады.

(Б, К, Ф) Қазақтың ұлттық ойыны – Бөрік-телпек

Қазақтың ұлттық ойыны «Бөрік-телпек» ойынын ересектер де, балалар да ойнауға болады. Бұл ойында доптарды немесе тастар неғұрлым алысқа лақтыру қажет.

Ойыншылар тізіліп тұрып, түрлі түсті орамалдарға оралған доптарды немесе тастарды алысқа лақтырады. Кімнің добы немесе тасы жақынға түссе, сол ойыншы оларды жинап, кімнің алысқаны лақтырғанын хабарлайды. Ойын үш жеңімпаз анықталғанша жалғасады.

Барынша кең ойын алаңы, ойын алаңын белгілеу үшін конустар, теңгелер немесе тастар қажет.

Қажетсіз мүліктен босатылған кең ойын алаңы, лақтыратын доптар (150гр) немесе салмағы бірдей тастар, орамалдар (немесе түрлі түсті матаның қиындылары)

Сабақтың соңы 5 минут

Рефлексия. Кері байланыс.Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Қазақтың ұлттық ойындарында бірлескен және жеке жұмыс кезінде ынтымақтастық және әділ ойын шарттарына назар аударады, анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі ойын нұсқаларына балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, оңтайлы қозғалыс дағдыларына әдістемелік нұсқаулық беру.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Ұлттық ойындардағы дағдыларға мән беру. Ұлттық ойындар барысында ынтымақтастық және әділ ойынды ұстану, барынша ойын мағынасын ашу, дағдыларыды дамыту. Ұлттық ойындар бойынша жалпылау. Қабілеті жоғары оқушылар ұлттық ойындардың жалпы ережесін қайталап, сынып алдында ұстанымын өз бетінше көрсету, қозғалыстың үйлесімділігіне көңіл бөлу. Ойын шарттарын күрделендіру, баламалы нұсқаларын ұсыну.

Оқушылардың өз бетінше ұлттық ойындарында белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу, өзіне тән тәсілдерін байқап көру, орындау амалдары. Ынтымақтастық және әділ ойын әрекеттері. Ойындар барысында күшті дұрыс жұмсауына, дұрыс тыныс алуына баса назар аудару. Ұлттық ойындарында барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. Өзін-өзі бағалау, басқа орындаушылардың сапасына баға беру.

Ұлттық ойындар барысында тәуекелдер мен қиындықтарға жете назар аудару.

Спорттық құралдардың дұрыс орналасуына аса кең көлемде көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу. Демді ретке келтіру тәсілдері.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі ойынның нұсқаларын орындалуына, күрделендіруге байланысты қойылған.

Оқу мақсаты оқушыларға түсінікті, белсенді түрде ынталанып, ынтымақтастық және әділ ойын нұсқаларын ұстану, қателерді түзету, қайталау арқылы қол жеткізді.

Әр ойынның нүсқасына бөлінген уақыт жеткілікті болды.

Әр түрлі деңгейдегі ойындардың орындалу нұсқаларын бақылау, саралау, қозғалыс үйлесімділігін, ойын ережесін назарда ұстау.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген оқушыларға дағдысын қалыптастыруға, дағдылануға тапсырмалар берілді, әр түрлі деңгейдегі қимыл-қозғалыстар қарастырылды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Бірлескен және жеке жұмыстағы ойынның ережесіне, шартына, мағынасына, сапасына көңіл бөлу. Топтың деңгейін, ынтымақтастық белсенділігін анықтау.

2: Ойын барысындағы амал-тәсілдердің орындалу үйлесімділігінің сақталуы. Өзін-өзі бағалау. Ойындағы белсенділік.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Қозғалыстың айырмашылығы.

2: Ойындағы қозғалыстарға ықпал ететін факторлар. Тапсырманың, рольдік ойындардың мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив)

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың белсенділігі, ынтымағын және әділдігін ұстану, бірлескен және жеке жұмыстарда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Ынтымақтастық және әділ ойындарға байланысты сұрақтар қою. Танымдылығын дамыту. Қимыл-қозғалыстарды бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу