file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ынтымақтастық және әділ ойын. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 46 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 46

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 бөлім: Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ынтымақтастық және әділ ойын.

Оқу мақсаттары

3.2.5.5. Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдалану және қолдану

 Сабақ мақсаттары

Қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады, конструктивті ұсыныстарды қолданады.

 Бағалау критерийлері

        • қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады;
  • қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың конструктивті ұсыныстарды қолданады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • қазақтың ұ лттық ойындары білімдерін талқылап көрсету

Пәнге тән лексика мен терминология:

Мыналарды қамтиды:

  • «Соқыр теке», «Қазан», «Арқан тартыс», «Жапалақтар мен қарлығаштар», «Айгөлек», «Ақсақ тырна», «Тоқта»
  • қозғалыс дағдылары;
  • әділ ойын ереже;
  • шабуыл, қорғаныс

Диалог пен жазу үшін п айдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

  • Қандай физикалық қасиеттер бұл ойында байқалады?
  • Бұл ойынға қандай өзгеріс енгізер едіңіз?
  • Бұл ойында өзіңіздің жеке қабілеттеріңізді қалай қолдандыңыз?
  • Өз командаңыздың ойыншыларына ойын бойынша қандай ұсыныстар жасадыңыздар?

Құндылықтарды

дарыту

 

 

  • ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс;
  • оқушының төзімділік, жылдамдық, ептілік және икемділік, ойлау қабілтін арттыруға, күштілік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады;
  • ұлттық ойындарды насихаттап, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Пәнаралық

байланыстар

Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Қазақтың қозғалмалы ойындары кезінде адам ағзасына тигізетін пайдасын біледі).

АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша қозғалмалы ойындардың тапсырмаларын көрсету немесе басқа елдердің ұлттық ойындарының ережелерін қалай сақтау керектігін АКТ арқылы көрсету.

Бастапқы білім

Оқушылар бұл бөлімде, дене шынықтыру сабақтарында алдыңғы сыныптарда немесе сабақтан тыс уақытта алған әділ ойындардың ережелерін қалай сақтау керектігінен білімдері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен.

Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз»

Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(П) «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

  • ин.

(Т, Ж, ҚБ) «Айгөлек» ойынын оқушылар екі топқа бөлініп, екі топтың арақашықтығы 15-20 адым, қаз-қатар тұрып, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топ ойынды бастайды:

«Айгөлек –ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Бізден сізге кім керек?», деп сұрайды.

Екінші топтың ойын бастаушысы:

«Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Сізден бізге Ақерке (қарсылас топтың есімін айтады) керек!», -деп, бір адамның атын атап шақырады да, аты аталған адам бар пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалаған адамын алып кетеді, үзе алмаса, сол топта қалып қояды. Ойын екі жақтаң бірінің адамдары таусылғанша жалғаса береді, сол топ жеңімпаз саналады. Ойын алдында ойын ережесімен қауіпсіздік ережесімен танытырыңыз. Ойын мүмкіндігінше қатты ойын бетінде емес, жұмсақ орында жүзеге асырылады.

Оқушыға ескертіңіз жүгірген кезде алдымен қолымен ұстап содан денесімен соғп шынжырды үзіп кету керек. Егер шынжырды үзетін болса сол топтың бір ойыншысын өз тобына алады, егер үзе алмаса сол топта қалып қояды.

Сұраңыз: Қандай физикалық қасиеттер бұл ойында байқалады? Бұл ойынға қандай өзгеріс енгізер едіңіз? Бұл ойында өзіңіздің жеке қабілеттеріңізді қалай қолдандыңыз? Өз командаңыздың ойыншыларына ойын бойынша қандай ұсыныстар жасадыңыздар?

  • Дескриптор:
  • ойынның қауіпсіздік ережесін біледі;
  • ойын кезінде шыншыл әділдікті ұстанады;
  • ойын кезінде кеңістікті сезінеді.
  • ҚБ: бірін-бірі бағалау, бақылау.

Әр қызмет түріне арналған үлкен бос кеңістік. Фишкалар, бор.

«Айгөлек» ойыны

http://www.kazakhistory.ru/post7.php

https://www.youtube.com/watch?v=HZO8y7D7mhQ

Сабақтың соңы

5 мин.

Сабақты қорытындылау.

  • Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
  • Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
  • Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
  • Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

бәрін жақсы түсіндім.

Енді түсініп келемін

Түсінбедім

Барлығын түсіндім

Құрал-жабдықтарды жинау.

Кері байланыс үшін парақ

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап береді
  • Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.
  • Қозғалыс ойын және эстафета ойын ойнаған кезде мықты дарынды оқушылар өз креативтік ойларын және қимыл қозғалыстарын көрсете алады «Көңілді кенгуру»
  • Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы
  • Оқушылармен тақырып бойынша әңгімелесу
  • Керек кезінде оқушылар тоқтай ала ма?
  • Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?
  • Бақылау, тыңдау, сұрақтар
  • Оқушылардың қалай жүргендерін бақылау
  • Оқушылар өз-өздерін бағалау, орындаған тапсырманы талқылайды
  • Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу;

Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу

Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету;

Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау.

Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді? Оқыту/оқу, Сәтті; Сәтсіз; Болашаққа жоспар.Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойылған.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу