Ынтымақтастық және әділ ойын. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 48 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

Сабақтың әдістемелік нұсқаулығы

Дене тәрбиесінің әр түрлі ұйымдық формаларында бастауыщ мектеп оқушыларымен қозғалмалы ойындар өткізу әдісі.

Дене тәрбиесінің спорттық-ойындық әдісі мектепке дейінгі жастағы балалармен, жалпы білім беретін мектептер мен лицейлердің оқушыларымен, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерімен, әскери қызметшілермен және ересектермен дене шынықтыру және спорт бойынша жұмыс тәжірибесінде кеңінен қолданылды.

Ойын балалар мен жасөспірімдерде жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар дене шынықтырумен айналысады, өйткені олар қозғалыс дағдысын жетілдіреді, денсаулығының қалыпты дамуына, денсаулықты нығайтуға және сақтауға көмектеседі.

 Қозғалмалы ойындардың ауқымы кең:

  • Олар сабақтың ажырамас бөлігі болуы мүмкін және үйретуге, жаттықтыруға және оқушылардың дайындығын тексеру үшін қызмет етеді;
  • Сабақтан тыс мезгілде қолданылуы (үзілісте, спорттық мейрамдарда, экскурсияда, жорықтарда, спорттық лагерьлерде);

Бастауыш сыныптарда қозғалмалы ойныдар мен ойынға ұқсас жаттығулардың үлесі барлық сабақтың уақытының 70%-ын құрайды. 1-4 сыныптардағы оқу материалының негізі сюжетті ойындар.

Төменгі сыныптарда қозғалмалы ойындарының көмегімен шешілетін педагогикалық мәселелер:

Ептілікті, жылдамдықты, иілгіштікті дамыту.

Қозғалыс әрекеттерін дамыту және нығайту.

Жұпта, үштікте, командада келісімді әрекеттерге үйрету.

 Дене шынықтыру сабағының классикалық құрылысы оның құрамында үш негізгі бөліктің, дайындық, негізгі және соңғы құрамның болуын білдіреді. Бастапқы сыныптарда физикалық дамудың негізгі құралы ретінде ойын материалын қалаған іріктеу сабақтың әрбір бөлігінде оқыту және тәрбиелік тапсырмаларды тиімді шешуге көмектеседі. Сабақтың дайындық бөлімі үшін материалының негізі орташа және төмен қарқындылық ойындары болып табылады. Олардың ұзақтығы 5-7 минут, жаттығу мазмұны жалпы даму және саптық жаттығуларын қамтиды.

 Ойынның максималды ұзақтығы - 10-15 минут, олар сабақтың негізгі бөлігінде және орташа және жоғары қарқынды ойындарға қатысты әсер дәрежесі бойынша жүргізіледі. Ойын жоспарлау кезінде мұғалім жүйені жеңімпазды анықтау үшін жүйені ойластыруы керек: олардың біреуі ойыншыларды соғып шығаруға, екіншісі – айып ұпайлары бар. Бірінші әдіс қарапайым және көрнекті. Бірақ екіншісі - физикалық даму деңгейіне қарамастан, оқушылардың барлық ойын уақытында жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады. Сабақта ойындарды басқарудағы басты рөл мұғалімге тиесілі. Ол ойынның барысын қадағалайды, жеңімпазды анықтайды.

«Мен – өз елімнің патриотымын!»

Патриотизм дегеніміз не? Менің түсінігімде патриотизм деген – бұл өз Отанына және халқына сүйіспеншілік, адалдық және қиын кезде Отанын қорғауға құлшыныс, өз елінің әлеуметтік және мәдени жетістіктеріне мақтаныш, Отанының өткен тарихын ұмытпай, мұралыққа қалдырған дәстүрлерді сақтау және жарқын болашаққа ұмытылу. Бұл сезім адамның туып өскен жерлеріне байланыс, өз халқының қайғы-мұңдарына жаны ашуы, Республиканың мемлекеттік рәміздеріне және ана-тіліне құрметпен қарау. Патриотизм отбасынан басталады. Өз еліне құрметпен сүйіспеншілік көрсететін ата-аналар, ұлттық мәдениет пен дәстүрге қызығушылық танытып, бұл сезімді балаларына айта отырып, сонымен қатар балаларды патриот қылып тәрбиелейді. Бала жұрттың істегенін қайталап, көргенін істейді. Ата-ана тек қана сөзбен айтып қоймай, өзінің іс-әрекеті мен балаға үлгі болуы тиіс. Әкесі мен анасының еңбекқорлығын, кішіпейілдігін және батылдығын көрген бала өз елінің патриоты осындай болу керек екен деген ойда болады, бұны дұрыс деп, бұл өз Республикасының шыншыл азамат деп санайды. Сондықтан балалар тәрбиесі және бұл процестің қоғамға басты маңыздылығын түсіну керек. өз отбасының патриоты, мектептің, университеттің патриоты болады, ал ол өз кезегімен өз Отанының көркейуі үшін өмір сүріп жұмыс жасайды. Дені сау отбасы қалыптасуы үшін, қоғам барлық жағдай жасауы керек, ал дені сау отбасы дені сау азаматтардың бастауы болуы керек. баланың тәрбиесіне айналаны қоршаған қоғам үлкен маңызды үлес қосады. Ол халықтың тарихымен таныстыра отырып патриотизм сезімін, өзінің көңілін аудартады.

Әдістемелік нұсқаулық

4 бөлім: Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары

Сабақ тақырыбы: Ынтымақтастық және әділ ойын.

Оқу мақсаттары:

3.2.6.6. Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жасау үшін композициялық идеялармен эксперимент жасау

3.2.5.5. Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдалану және қолдану Сабақтың мақсаты:

Өздерінің шығармашылық қабілеттерін және композициялық идеяларын эксперемент жасайды.

Қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады, конструктивті ұсыныстарды қолданады.

Бағалау критерийлері:

  • өздерінің шығармашылық қабілеттерін және композициялық идеяларын эксперемент жасай біледі;
        • қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады;
        • қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың конструктивті ұсыныстарды қолданады.

1.Сабақтың басы.

Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды иез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .

1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.

2. Жеңіл жүгіріске көшу .

3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.

4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде

5. Жылдамдыққа жүгіру

6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру.

Сергіту сәті.

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Бой сергіту жаттығулар

Әдістемелік нұсқаулық

Гимнастика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері

  • Мұғалімге сабақта қауіп қатерді ескерту үшін төмендегі іс-әрекеттерді қолдану керек:
  • Гимнастикалық жабдықта белгілі бір уақытта бірнеше адамның жаттығу орындауына болмайды;
  • Тіреліп секіру кезінде спортшының жүгіретін жолында және секіріп түсетін жерінде тұруға болмайды;
  • Қандай да болсын құрал-жабдықта орындалатын жаттығуларды мұғалімнің рұқсатынсыз бастауға болмайды;
  • Спорт құралдарында мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегенсіз күрделі жаттығулар орындауға болмайды;
  • Спорт құралдарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың жарамдығы тексеріледі.
  • Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды.
  • Сабақ үстінде және басқа да орындарда мұғалімнің ақыл-кеңесін мұқият тыңдап алмай күрделі жаттығулар орындауға болмайды;
  • Спорт құралдарында жаттығу орындаған ккезде әріптесіне көмек көрсету тиіс;

10. Жаттығуларды орындаған кезде қауіпсіздік техникасын және залдағы жаттығулардың жүріс-тұрыс ережелерімен таныстыру;

11. Оқушылардың сырт келбетін тексеру (әсіресе салқын немесе ыссы мезгілде);

12. Снарядтардың, мүліктің бүтіндігін, дұрыс дайындығын және орналасуын тексеру;

13. Жаттығуларды орындағанда көмек пен сақтықты қадағалау;

14. Жаттығулардың дұрыс орналасуын және тәртібін бақылау;

15. Жаттығулардың психофизиологиялық жағдайын бақылауға алу;

16. Оқытудың түп-нұсқасын сақтау және т.б.

2.Сабақтың ортасы.

«Түйілген орамал».

  • Сыныпты екі топқа бөлу.
  • Әр топта біреуі «жүргізуші» болып, шеңбердің ортасына, ал қалғандары оны қоршап тұрады.
  • Жүргізушінің «Бір, екі, үш!» деген белгісінен кейін ойыншылар алаңда бір-біріне орамалды лақтырып, жүргізушіге ұстатпауға тырысады.
  • Ал жүргізушінің міндеті – ойыншыны қуып жетіп, иығына қолын тигізіп орамалды алу.
  • Жүргізуші қай ойыншыдан орамалды алса, сол ойыншы жүргізуші болады.
  • Ойын осылай жалғасады.
  • Кез келген орамалды алып, допқа ұқсайтындай түйіп байлаңыз.
  • Ойыншылар орамалды тек жоғарыдан береді.
  • Осы ережені бұзған ойыншы, жүргізушімен ауысады.
  • Ойын кезінде ойыншылар шеңберден шықпауы керек, ол үшін ойын алаңын белгілеңіз.
  • Орамалды лақтырып беруге болады.
  • Берілген ойында мұғалім қауіпсіздік ережелерінің сақталуына назар аударуы қажет.

3.Сабақтың соңы.

Сабақты қорытындылау.

Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары 48

Дене шынықтыру

Сынып: ____3_____ Күні: ___________

4 бөлім: Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары

Сабақ тақырыбы: Ынтымақтастық және әділ ойын.

Оқу мақсаттары:

3.2.6.6. Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жасау үшін композициялық идеялармен эксперимент жасау

3.2.5.5. Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдалану және қолдану Сабақтың мақсаты:

Өздерінің шығармашылық қабілеттерін және композициялық идеяларын эксперемент жасайды.

Қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады, конструктивті ұсыныстарды қолданады.

Бағалау критерийлері:

  • өздерінің шығармашылық қабілеттерін және композициялық идеяларын эксперемент жасай біледі;
        • қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады;
        • қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың конструктивті ұсыныстарды қолданады.

Ойлау деңгейінің дағдысы: түсінеді, қолданады

№ 1 Тапсырма: Жүргізушіні сайлау.

№ 2 Тапсырма: «Түйілген орамалды» неғұрлым алысқа лақтыру.

№ п/п

Аты-жөні

оқушының

Дескрипторлар

Тапсырма № 1

Қауіпсздік ережесін біледі

-Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланады

Ойында әдіс-тәсілдерді қолданады.

Өз-өзінің іс-әрекетін бағалайды, жіберген қателерін анықтайды, ілгерідегі әрекетін түзетеді

1

2

  • Қорытындыны белгілеу үшін мына белгідерді пайдалануға болады:
  • V - (өте жақсы)
  • Z – (жақсы)
  • S - (әліде жұмыстану керек)


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу