Қазақтың ұлттық ойындарына баулу. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 40 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 40
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 бөлім: Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары. | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 3 сынып | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Қазақтың ұлттық ойындарына баулу | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.2.7.7. Патриотизмнің мағынасын түсіндіру, топтық және дербес дене қимылдарында өзара іс қимыл мен адал ойын көрсету 3.3.5.5. Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарап, түсіндіру | |||||||||
Сабақ мақсаттары | 1. Оқушылар бойындағы патриоттық қабілеттілікті ұлттық ойындары арқылы көрсету; 2. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау арқылы дене тәрбиесін жүзеге асыру; 3. Ұлттық құндылықтарымыз, дәстүріміз туралы мәліметтерді ұлттық ойындар арқылы тарату | |||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді: - Олар ұсынылған әрекеттерге жаңа немесе балама шешу идеяларын қолдана алады; - Олар бірқатар іс-әрекеттердің проблемасын шешу барысында, өзінің және өзгелердің дағдылары мен балама идеяларын қолданып сынай және бағалай алады. | |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқудың тілдік мақсаты Оқушылар:
Пәндік лексика және терминология Мыналарды қамтиды:
Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану. Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу; Бір-бірін құрметтеу «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау. Мәдениетаралық түсінікті дамыту Көп жағдайда жалпы ұлттық құндылықтар мен мектеп құндылықтарын дарытамыз. Ұлттық ойындарымыз арқылы ұлттық мәдениетіміздегі құндылықтарды дарытамыз. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ әдебиеті, тарих (қазақ батырларының ұлттық салт-дәстүрді сақтап, елін, жерін қорғап, ұлттық ойындар арқылы атқа мініп, күш, ептілік, шымырлық, батырлық қабілеттерін шыңдаған. ) | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ қолдану арқылы ұлттық ойындардың ойналу ережелерін оқушыларға көрсету. Компьютер, қалта телефондары, дағдыларды талдау үшін компьютер, фотоаппарат, фото карточкалар қолдану | |||||||||
Бастапқы білім | Бұл бөлімде оқушылар әділ ойын мен ынтымақтастық дағдыларын бекітіп, қазақтың ұлттық және қозғалмалы ойындармен танысуды жалғастырады. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 10 мин. | «Тақырып көлеміндегі әрекеттер» Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді. Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру. Қыздырыну үшін қимыл-қозғалыс ойынын ойнату. «Әуе доп» ойыны - бұл ойын спорт аланында ойнатылады, ойынға 10 нан астам оқушылар қатыса алады, мұғалім төрешілік қызметтін атқарады, оқушылар шеңбер болып тұрады. Мұғалім шеңбердін ішінде тұрып волейбол добын жоғары лақтырады да кез келген бір оқушының атын атайды аты аталған оқушы допты қағып алуға жүгіреді ал, қалғандары кері қарай жүгіреді. Допты қағып алған оқушы «тоқта!» деп белгі береді сол кезде кері қарай жүгірген оқушылыр орнынан қимылдамай тоқтап қалу керек. Допты қағып алған оқушы кез келген ойыншыны доппен дәлдеп ұруы керек, егер допты кез келген ойыншыға тигіссе оқушыға бір ұпай беріледі. Ұпай алған ойыншы орныны қайта келеді, мұғалім допты қайта лақтырып ойын осылай жалғаса береді. Бір орында шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау. | Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы. Ысқырық, секундомер т.б | ||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин. | «Қазақтың ұлттық ойындарына баулу» Оқушылар тақырыпқа сай, ұлттық қозғалыс ойындарын шағын топтарда ойнайды. Ойын ережесін түміндіріп, қауіпсіздікті сақтауға үйрету. «Соқыр теке» Сынып екі топқа бөлініп, бір бірінің қолынан ұстап шеңберге тұрады, ал үш-төрт ойыншы шеңбер ішінде, оның бірінің көзін байланады ол жүргізуші. Шеңбер ішіндегі ойыншылар көзі байлаулы жүргізушіні қолымен түртеді. Жүргізушы оны шеңбер ішнде бір ойыншыны ұстап есімін айтып беруі тиіс. Ергер жүргізуші дұрыс тауып есімін айтатын болса сол ұсталған ойыншы көзін байлап ойынды жалғастырады. «Арқан тартыс». Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. (Шанырактар). Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. Арқанның ортасы кішкене лентамен белгіленеді. «Арқанға жақында!» бірінші белгісі бойынша ойыншылар командада жұптарға бөлініп, арқанның оң және сол жақтарына тұрады. «Арқанды ұста!» екінші белгісі бойынша жұптар еңкейіп, арқанды көтереді. Мұғалімнің ысқырығы бойынша командалар арқанды өз жағына тартуға тырысады. Командалардың бірі арқанды тартып, бақылау сызығынан 3 м кейін шегіне алған кезде (арқанның ортасындағы бауымен белгіленген жерінен), ысқырық беріліп, күрес тоқтатылады. Арқанды орнына қойып, ойынды қайталайды. Арқанды өз жағына көп рет тарта алған команда жеңіске жетеді.
«Такия тастамак». Оқушылар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, біреуінің артына білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер біреу сезіп қойса, жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына тұра қалуға тырысады. Ойын осылайша қайталанып барлық оқушылар жүгіріп шыққанша жалғасады. | Әр қызмет түріне арналған үлкен бос кеңістік. Ысқырық, шарф көзді байлау үшін, бор. Интернет ресурстарына сілтеме: «Балаларға арналған қазақтың ұлттық ойындары» http://www.bilu.kz/igry.php «Соқыр теке» ойыны https://www.youtube.com/watch?v=5xRxBxM0I4U Әр қызмет түріне арналған үлкен бос кеңістік. Арқан, кішкене лента, бор. Интернет ресурстарына сілтеме: Арқан тарту ережесі http://kanat-dla-lazaniya.blogspot.com/2011/08/blog-post.html Арқан тартыс ойыны https://www.youtube.com/watch?v=sU47RYbRAhs | ||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | «Сабақты қорытындылау» Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды. Үй тапсырмалары беріледі; Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады). | Бос кеңістік. Әрбір оқушыға «Кері байланыс картасы». | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
| Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз: Сабақтың кез келген кезеңінде берілген тапсырмаларға барысында оқушыларды мақтау мадақтау және ым арқылы бағалау және жаттығуларды орындау | Оқушылар ұлттық ойындардағы қозғалыс дағдыларына арналған қауіпсіздік ережелерді теория жөнінде біліп, практикада қолдана алады. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?