Қазақтың ұлттық ойындарына баулу. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 42 сабақ.
№42 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық
Тақырып: Қазақтың ұлттық ойындарына баулу
Қазақтың ұлттық ойындарының маңыздылығы
Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор. Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі - мәдениеті мен өнерінің де ешкімнен кем болмағанын байқатады. Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай халық. Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып жатыр. Ата – бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына келсек өмір сүруімізде ұлттық ойындардың атқаратын міндеті айрықша. Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Ұлттық ойындар екі топқа бөлінеді, спорттық және ақыл ойға арналған ойындар болып. Спорттық ойындарға: қыз қуу, көкпар, ақсүйек, арқан тартыс т. б жатса, ақыл ойға арналған ойындарға тоғызқұмалақ, асық ойындары жатады. Ұлттық ойындарға мына ойын түрлері жатады: «Тоғызқұмалақ», «Бәйге», «Асық», «Ақсүйек», «Арқан тарту», «Қыз қуу», «Көкпар», «Күміс алу», «Жамбы ату». бұл ойындар баланың еңбекке деген қарым - қатынасы мен ойлау қабілеттерін арттырады және баланы шымыр да епті, зерек те алғыр, тапқыр да парасатты болып өсуге тәрбиелейді. Ұлтымыздың асыл қазынасы болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай, ұрпақтан - ұрпаққа жетуін насихаттау, халқымыздың, баршамыздың міндетіміз деп білейік.
Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
- Жүру жаттығуларын орындау;
- Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
- Жылдамдыққа жүгіру;
- Тынысты қалыпқа келтіру
Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.
«Қазақтың ұлттық ойындарына баулу»
Оқушыларға қазақтың түрлі ұлттық қозғалмалы ойындарын білетіндігін сұрақ жауап арқылы талқылау. Ұлттық ойындардың ерекшеліктерін, ережелерін ортаға салу. Қандай ойын білетіндерін сұрау.
Тапсырма
Ақсүйек ойынын ережесімен ойнау. Мақсаты: ептілік, жылдамдық және зеректікті арттыру.Ойын барысы: Балалар екі топқа бөлініп, көздерін жауып тұрады. Тәрбиеші немесе ойынды жүргізуші бала ақсүйекті лақтырып: «Ал, табыңдар!» - дейді. Балалар көздерін ашып, жан – жаққа іздеуге аттанады. Қай топтың баласы тауып алып келсе, сол топқа бір ұпай беріледі. Ұпайды неғұрлым көп жинаған топ жеңімпаз атанады.
Тапсырма
Көше ойыны «Қызыл жалау» ойыны ойнату
Сыныпты екі топқа бөлеміз. Алаңнын ортасы бөлінеді. Әр топ оз туларын тігеді. Белгі берілген уақытта әр топ қарсы топтың туын өз алаңына жеткізуі тиіс. Осылай ұпай жинайды. Қарсыластың алаңына өткен жағдайда, қарсылас қол тигізіп ,қатырып тастайды. Тек, өз командасындағы адам қол беру арқылы жан береді.
Дискрипторлар:
- Оқушылар ұлттық қозғалыс ойынын ережесімен ойнайды;
- Топта белсенділік танытады
- Қауіпсіздік ережесін сақтайды
Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәніҚазіргі кезде қазақтың қимыл – қозғалыс, тапқырлық, ептілік, төзімділік, ой - қиял ұшқырлығына, бірлесіп атқаратын қимылдар үйлестігіне баулитын ойындары тәрбие жүйесіне енгізілген. Олар тек дене шынықтыруға ғана емес, жас ұрпақтың туған халқының өткен жолын, тарихын, тілін, әдет - ғұрпын жақынырақ білуге де жақсы көмектеседі. Қазақтың ұлттық ойындары баланы ұстамдылыққа, белгілі тәртіпті сақтай білуге жаттықтырады және өмірдің жеке ерекшеліктерін күнделікті өмірімен ұштастырады. Сондықтан да қазақтың халық педагогикасы бала неғұрлым жастайынан әдепке, дәстүрлік танымдарға машықтандырылса, ол болашағына жалғаса кететін көрегендік деп тұжырым жасайды. Осы орайда «ана көрген тон пішеді, ата көрген оқ жонады» деуінің сыры осында. Балалар ойнайтын ұлттық ойындарда мұның барлық көріністері бірден байқалып тұрады. Егер мұны қай кезде болса да, ретті тұтынып, жол - жосығын дұрыс нұсқап, тиісті бағдарда пайдалана білсе, өзінің игілікті нәтижесін берері хақ.Ұлттық ойындармен таныстырып, оларды үйрету барысында бір ескерелік жағдай – ұлттық ойындардың толық түрінде пайдаланылмауы. Бөбектерге арналған ойындар, негізінен, жас, психологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты анықталатындықтан, балаларды қазақтың ұлттық ойындарына үйреткенде ойынның негізгі мазмұнын сақтай отырып, баланың жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне лайықтап өндеу қажет.Бала қаншалық ойынның қызығына түсіп кетті деген күннің өзінде де, өмір шындығынан мүлде қол үзіп кетпейді, сондықтан тәрбиеші баланың мінез – құлқы үшін қажетті тәртіпті ескерте отыруы, әсіресе, мінезі тиянақсыз тым шапшаң, ұшқалақ, шыдамсыздарды басынқырап, ұстамдылыққа шақырып, реттеп отыру тәлімгерлік парыз. Дәлірек айтқанда, тиісті тәлім - тәрбиені бала бойына дарытудың педагогикалық, психологиялық кілті. «Шыдамды еңбек, алғыр ой, анық досың біліп қой» деген даналық сөзі бейне бір тәрбиешілер үшін айтылғандай көрінеді. Өйткені балаларға шын мағынасында адамгершілік, мейірімділік әдептерін сіңіру ұстаздың өнегелі әрекеті мен еңбегіне, ақыл – парасатына байланысты.
Ұлттық ойындар1 Ақсүйек ойынының ережеіМақсаты: ептілік, жылдамдық және зеректікті арттыру.Ойын барысы: Балалар екі топқа бөлініп, көздерін жауып тұрады. Тәрбиеші немесе ойынды жүргізуші бала ақсүйекті лақтырып: «Ал, табыңдар!» - дейді. Балалар көздерін ашып, жан – жаққа іздеуге аттанады. Қай топтың баласы тауып алып келсе, сол топқа бір ұпай беріледі. Ұпайды неғұрлым көп жинаған топ жеңімпаз атанады.
Ақсүйек ойыныңда да малдың сүйегін, жілігін қолданады. Біздің мақаламыз осы ойынға арналады. Ақсүйек - қазақ халқының ұлттық ойыны. Бұл ойын жаздың немесе көктемнің жылы, ашық түнінде ойналады. Түндердің ішінде ай жарық болған түн таңдалады. Себебі қараңғы түнде сүйекті табу қиын соғуы мүмкін. Ақсүйек ойынына он шақты адам қатыса алады. Жиналған адамдар екі топқа бөлінеді. Алдын ала сүйекті лақтыратын адам таңдалады. Кейін ол сүйекті алыс жаққа лақтырады. Лақтырған соң екі топ оны іздеуге кіріседі. Сүйекті тауып алған топ, бір-біріне сүйекті беріп, арнайы сөреге жеткізуі керек. Қарсыластар болса оны тартып алуға тырысады. Сөреге сүйекті апарған топ, жеңген болып есептеледі. Жеңілген топ болса ән айтып, жеңген топтың көңілін көтеруі тиіс. Бұл ойын жылдамдыққа, шапшандыққа және қараңғылықта жол табуды үйретеді. Ақсүйек – көбінесе жастардың ойыны болып есептеледі. Бұл спорттық және өнерлік ойынды, жас жігіттер мен қыздар далалы жерге жиналып, бір бірімен қалжындасып, әзіл айтып ойнаған. Ақсүйек бірін-бірі ұнатқан жастардың оңаша кездесуіне дәнекер де болған.
«Қызыл ту» ойынының ережесі
Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Алаңда екі шаршы сызылады. Олардың екі шетіне жалаушылар қадап қойылады. Екі топ ойыншылары жеребе бойынша екі шаршыға барып орналасып, араларынан «шабуылшылар» мен «қорғаушылар» сайланады. Ойын бастаушынының берген белгісінен соң әр топтың шабуылшылары қарсыластарының алаңына еніп, олардың жалаушасын қорғаушыларға ұстатпай, өз алаңына алып келуге тырысады. Қай топ қарсыласының жалаушасын бұрын алып келсе, сол топ жеңіске жеткен болып есептеледі.
Сабақтың қорытынды бөлімінде
Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)
Ұлттық ойындарға сілтеме:
https://baq.kz/kk/news/ruhaniyat/kazaktin-ulttik-oiindari-55964
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?