Көпшілік Қайрат Нұртас депутат болса, Мәжіліске де анасын ертіп баратынына ойланып қалды

Көпшілік Қайрат Нұртас депутат болса, Мәжіліске де анасын ертіп баратынына ойланып қалды

Әлеуметтік желіде танымал әнші Қайрат Нұртастың болашақ депутаттық мансабы елді біраз шулатып, жұрттың ойын сан-саққа жүгірткені рас. Дархан Мұқани есімді қолданушының Facebook желісінде жариялаған сауалын өзгелер бірден іліп әкетті.

Дархан атты ғаламтор қолданушысы көпшілікке “Құрметті, НұрОтандықтар! Қайрат Нұртас депутат болса, мәжіліске де анасын ертіп бара ма?” деген сауал тастады.

Жігіттің ойымен келіскендер Қайраттың сөзіне дейін анасы дайындап беретін шығар деп қағытты. Енді бірі Қайраттың анасы оның көмекшісі болатын шығар деп жорамалын айтты.

Әйтсе де, пікір таластырушылардың ішінде әншінің бастамасын қолдайтындар да бар. Олар сүйікті әртісінің депутат болуына тіпті қарсы емес. Оның анасын сыйлап жүретінін тілге тиек етіп, анасын құрметтеп жүретін үлгі екенін алға тартты.

Танымал ақын Маралтай Райымбекұлы да “Қайратты анасымен бірге сайлау керек. Анасы ғой Қайратты Қайрат қылған”, – деп ойын астыртын мысқылдап жеткізді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?