Қазақтың ұлттық ойындарына баулу. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 45 сабақ.


№45 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық

Тақырып: Қазақтың ұлттық ойындарына баулу

МЕКТЕПТЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ӨТКІЗУДІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып, халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі әрі көрінісі болған. Қазақтың ұлттық ойындары жүгіру, секіру элементтеріне бай. Ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас ағзаның дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде  ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты сонымен қатар, мінез-құлық ерекшеліктерін, білек-күшін, дененің сомданып шынығуын қалыптастырады. Сондықтан ұлттық ойындарды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану қоғамымыздың ұлттық идеологиясын нығайтудағы  өзекті мәселелердің бірі.

        Бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі қоғамның басты  міндеттердің бірі. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді.

   Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді,  дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Ұлттық ойындардың қысқаша мазмұнын былай бейнелеуге болады:

 «Ақшамшық» (сақина салу) - қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны халық арасында «Сақина салу», «Сақина тастау» деп те айтады. Ойынға он-он бес адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады.

 «Теңге алу» - жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу - үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені қажет етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі.

 «Қыз қуу» - бұл ұлттық ат спорты ойыны. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюі керек.

 «Көкпар» - ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі қазақ көк бөріні соғып алғанда, өлігін ат үстінде сүйреп, бірінен бірі ала қашып, өздерінше ойынның бір түрін ойлап тапқан. Уақыт өте келе көкпар ұлттық ойынға айналған.

 «Күміс ілу» - бұл ойын ептілікті, атқа жақсы отыруды талап етеді. Келін түсіру, қыз ұзату салтанатында қалыңдық орамалға түйіп, өзінің күміс шолпысын, әйтпесе жүзігін тастайды. Сондықтан да кей аймақта бұл ойынды «жүзік ілу» деп атайды.

 «Бәйге» - бұл жарыстың бірнеше түрі бар. Олар: аламан бәйге, тай жарыс, құнан бәйге, топ бәйге. Бәйге жарысы, негізінен, жазық жерлерде өткізіледі. Көмбеге алғаш озып келген шабандоз жеңімпаз атанып, сыйлыққа ие болады.

 «Асық ойыны» - қыз-бозбалалар ойыны. Жазғы айлы түнде ойнаған. Әдетте, қойдың жілігі немесе жауырыны, жамбасы пайдаланылған. Ойын жүргізуші ойыншыларды екі топқа бөледі. Сөйтіп, алдын ала әзірленген сүйекке белгі салып алған соң, оны алысырақ барып лақтырады. Кейде екі топтың мүшелері кезектесіп те лақтырады.

 «Ақсүйек» - жазғы айлы түнде ойнаған. Әдетте, қойдың жілігі немесе жауырыны, жамбасы пайдаланылған. Ойын жүргізуші ойыншыларды екі топқа бөледі. Сөйтіп, алдын ала әзірленген сүйекке белгі салып алған соң, оны алысырақ барып лақтырады. Кейде екі топтың мүшелері кезектесіп те лақтырады.

Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

  • Жүру жаттығуларын орындау;
  • Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
  • Жылдамдыққа жүгіру;
  • Тынысты қалыпқа келтіру

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.

«Қазақтың ұлттық ойындарына баулу»

Оқушыларға қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін ттаныстыра отырып, аттың үстінде ойналатын ойындарға балама ойын құрастырып ойнату. Яғни, «аударыспақ» ойынын таныстыру. Ойынға балама ойын құрастырып ойнату.

Аударыспақ — спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі (екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады). Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатынаса алады. Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған екендігін оқушыларға түсіндіру.

Аударыспақ ойыны туралы оқушыларға мағлұмат бергеннен кейін, (АКТ арқылы видео көрсетуге де болды) балама ойын ретінде белгіленген сызықта екі-екеуден қарама-қарсы тұрғызып, қолдарынан мықтап ұстап, сызықтан аспай бір қолмен тартыстырып ойнату. Егерде кім де кім сызықтан асып кетсе, жеңілген болып саналады. Жеңген оқушыларды өзара тағы да жарыстырып, мықтыны анықтау.

«Сақина салу» ойыны

Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қусырыңқырап, қолдарын алға соза отырады. Шеңбердін ортасына шыққан адам екі алақанын беттестіріп ойыншылардың алақандарының арасына сұғады. Ол бір шеттен бастап, басқаларға білдірместен отырған ойыншылардың біреуінің қолына сақина немесе сақина орнына алынған затты салып кетеді. Тегіс айналып өткен соң ортаға шығып, «Сақинам кімде?» деп дауыстап сұрайды. Сол уақытта қолында сақина қалған ойыншы жан-жағында отырғандарға білдірместен орнынан атып тұруы керек. Ал оның оң жағындағы адамның міндеті қасынан атып тұрған ойыншыны орнында ұстап қалу болып табылады. Егер ұстап қалса, орнынан тұрушы жаза тартады. Көпшіліктің ұйғаруы бойынша ән, би, күй немес басқа бір білетін өнерін орындап береді. Берілген «жазаны» орындағаннан кейін ол алғашқы ойын бастаған адамның орнына тұрып, ойынды қайта жүргізеді. Ал егер ол ұстатпастан тұрып кетсе, онда ұстай алмай қалған ойыншы жоғарыдағыдай жазаға бұйырылады.

Сабақтың қорытынды бөлімінде

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)

«Аударыспақ».

Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын.

Сақина тастау — бұл ойын көгалды жерде, залда өткізіледі. Ойыншылардың саны 20—25 адамға дейін болады. Олар көгалды жерді қоршалана бір аяғын астына басып, енді бір аяғымен тізерлеп тұруға ыңғайланыш отырысады. Ойыншылардың аралары тым жақын болмауы керек.

Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қусырыңқырап, қолдарын алға соза отырады. Шеңбердін ортасына шыққан адам екі алақанын беттестіріп ойыншылардың алақандарының арасына сұғады. Ол бір шеттен бастап, басқаларға білдірместен отырған ойыншылардың біреуінің қолына сақина немесе сақина орнына алынған затты салып кетеді. Тегіс айналып өткен соң ортаға шығып, «Сақинам кімде?» деп дауыстап сұрайды. Сол уақытта қолында сақина қалған ойыншы жан-жағында отырғандарға білдірместен орнынан атып тұруы керек. Ал оның оң жағындағы адамның міндеті қасынан атып тұрған ойыншыны орнында ұстап қалу болып табылады.

Егер ұстап қалса, орнынан тұрушы жаза тартады. Көпшіліктің ұйғаруы бойынша ән, би, күй немес басқа бір білетін өнерін орындап береді. Берілген «жазаны» орындағаннан кейін ол алғашқы ойын бастаған адамның орнына тұрып, ойынды қайта жүргізеді. Ал егер ол ұстатпастан тұрып кетсе, онда ұстай алмай қалған ойыншы жоғарыдағыдай жазаға бұйырылады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу