Дәурен Абаев депутаттыққа үміткерлер қатарына Қайрат Нұртас пен Головкиннің енуін түсіндірді

Дәурен Абаев депутаттыққа үміткерлер қатарына Қайрат Нұртас пен Головкиннің енуін түсіндірді

Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев «Нұр Отан» партиясының атынан үміткерлер тізіміне спортшылар мен әртістердің енуіне байланысты тілшілердің сұрағына жауап берді деп хабарлайды nur.kz.

«Әлеуметтік желілердің пайдаланушылары «Нұр Отанның» партиялық тізімінде спортшылар мен әртістердің болуын өзгеше қабылдады. Парламентте халық сүйіктілері емес, дайындалған және тәжірибелі мамандар керек екені туралы пікір айтылды. Осы мәселеге қандай түсініктеме бересіз?» деген сұраққа ол:

«Мен желіде айтылған сөздердің көбі әзіл деп ойлаймын. Егер біреу бұл мәселені шындап көтерсе, онда бүкіл тізімді мұқият қарамаған болар. «Нұр Отан» партиясынан депутаттыққа үміткерлердің саны – 127 адам, соның ішінде спорт пен шоу-бизнес жұлдыздары – небәрі 6-7 адам. Олар тізімде қазақстандықтар үшін ең көп танымалдылығынан ерекшеленген шығар.

Тізімге жалпы алғанда келетін болсақ, менің ойымша, ол максималды түрде үйлестіріліп, жаңа экономикалық жағдайдағы тиімді жұмысқа бағытталған. Онда орындардағы жұмыстың қыр-сырын білетін, әлеуметтік сала, энергетика, бизнес және өзге де салаларда жұмыстың бай тәжірибесі бар аймақтардағы партиялықтар бар.

Бұдан басқа, партиялық тізімге мемлекеттік басқарудың ең жауапты учаскелерінде қызмет атқаратын адамдар кірді», – деп жауап берді Дәурен Абаев Ақорданың Facebook-тегі ресми парақшасында.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?