Назарбаев халық ақшасына «жауындай» қарайтын шенеуніктерді сынға алды

Назарбаев халық ақшасына «жауындай» қарайтын шенеуніктерді сынға алды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халық ақшасына «жауынікіндей» қарайтын шенеуніктерді сынға алды, деп хабарлады ҚазТАГ.

«Кейде біздің кейбір шенеуніктер мемлекеттік қаржыға жауының ақшасындай қарайды. Қаланы басып алып, ақшасын алып, тез жұмсауға асыққандай», - деді Назарбаев жұма күні «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде.

«Жобалар жасамайды, ештеме жасамайды, сосын жыл аяғына қарай игерілмеген қаржылар жиналып қалады, содан келер жылы одан да көбін алу үшін оны оңға, солға шашуды бастайды. Қалай солай істеуге болады? Бұл біздің ел ғой, бұл халықтың ақшасы, азаматтардың, мемлекеттің салығы!», - деп толықтырды ол.

Мемлекет басшысы мемлекеттік шығындардың барлық жүйесі қатаң экономика қағидасына негізделетін болатынын айтты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?