Ағайын, туыс, жұрт

 Ағайын, туыс, жұрт

Ағайынағайынның айнасы.

Ағайын ала болса ауыздағысынан айрылар.

Ағайын — алтау, ана — біреу.

Ағайын — ащы, мал — тұщы.

Ағайын бар болса көре алмайды, жоқ болса бере алмайды.

Ағайын бірде араз, бірде тату.

Ағайын бір өліде, бір тіріде керек.

Ағайынға карап бала өсер,
Қарағайға карап тал өсер.

Ағайынға менменсу ағат емей немене,
Ақылдылар айтқан сөз сағат емей немене.

Ағайында өкпе бар да кек жоқ.

Ағайынды алтау болса адам тимейді, тура жүрсең лебізің күймейді.

Ағайынды жамандап туғанды кайдан табасың?
Арғымақты жамандап тұлпарды қайдан табасың?

Ағайынды іске шақырма, асқа шақыр.

Ағайын жақында отырып тістескен, алыста отырып кісінескен.

Ағайын жауға керек,
Мал дауға керек.

Ағайын қадірін білмесең жалғыздық берсін сазанды.

Ағайынмен жауласпа — басың азаяды,
Көршіңмен дауласпа — асың азаяды.

Ағайынның аразы болса да азары болмайды.

Ағайынның азары болса да безері жоқ.

Ағайынның жаманы:
алдыңда жүріп бас болмайды, артыңнан еріп дос болмайды (Қаратау би Отарбайұлы)

Ағайынның қадірін жалалы болсаң білерсің,
Ата-анаңның кадірін балалы болсаң білерсің.

Ағайынның ұрысы — торқаның жыртысы.

Ағайын тату болса — ат көп,
Абысын тату болса — ас көп.

Ағайын-туған кімде жоқ, сыйласпаса жат жуық.

Ағайын-туғанның қызығы — алыс-беріс,
Құдалыктың қызығы — барып-келіс.

Ағайының бай болса,
Асағаның май болар.

Ағайының барда "дұшпаным жоқ" деме,
Абысының барда "күндесім жоқ" деме.

Ағайының көп болса қоғам бол, бірің оған, бірің бұған бол.

Ағайының көп болса
ұлы шерік қолмен тең.
Білімді туған жақсылар
аз да болса көппен тең (Ақтамберді)

Ағайыныңмен алыстан сыйлас.

Ақша қарда көп жүрсең көзің бір күн қарығар.
Ағайыннан шет жүрсең көңілің бір күн тарығар.


Алты малта ас болмас,
Өзіңмен туған жат болмас.

Алыстағыңа сиын,
Жақындағыңа сүйін.

Араласпаса ағайын жат.

"Артқы айылым берік болса атым тулап не етерсің?
Ағайында бірлік болса жатым маған не етерсің?"

Ат арқасына ер батса аяңшыл,
Ерге жаттың тізесі батса ағайыншыл.

Ат үйірін сағынса, артқы аяғын қағынар.
Ер үйірін сағынса, айыл-тұрман тағынар.

Ауыр жүкті бөлісу —ақ атанның парызы (Майқы би)

Бажаны бажа көрсе басы қышиды.

Бала белде, бауырды маған кім береді?

Балдыз — балдан шырын.

Бар қарындас жақында болмасын,
Жоқ қарындас алыста болмасын.

Бауыр шырын, бас тәтті,
Ағайынмен ішкен ас тәтті.

Бедері жоқ қамқадан бек тоқыған бөз жақсы.
Бейкемі жоқ туғаннан бек сөйлескен сөз жақсы.

Бетің қисық болса айнаға өкпелеме.
Ниетің қисық болса ағайынға өкпелеме.

Бөлемісің, бөлені көре тұра өлемісің.

Бір ауылда мың туысың болғанша,
Әр ауылда әр туысың болсын.

Бір көрген — біліс, екі көрген — таныс.

Емшек берген әрі жат, еңсе берген бері жат.

Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.

Жайыңды білген карындас, ол қарындас һәм жолдас.
Жайынды білмес қарындас, өзі дұшпан, өзі қас (Шалкиіз).

Жақын жерден шөп жесе, жердің сәнін кетірер.

Ағайынның аразы елдің сәнін кетірер,
Абысынның аразы ауыл сәнін кетірер (Бұқар жырау).

Жаман ағайын күншіл,
Жақсы ағайын сыншыл.

Жаман ағайыннан жақсы жекжат артық.

Жаман болса туысың туыспай-ақ құрысын.

Жаман туғаның болғанша, жақсы жолдасың болсын.

Жаман туыс бір масыл арқалаған құммен тең, жақсылығың істеген елекке құйған сумен тең.

Жаман туыстан жақсы жолдас артық.

Жанашыры жоқ адам жал құйрықсыз атпен тең.

Жаныс кетсе орнына жаппас қалар.


Жездеге қараған жерге қарайды,
Жиенге қараған желге қарайды,
Күйеуге қараған күлге қарайды,
Бұл үшеуі жақсы болса — халқым күнге қарайды.

Өмілдірік, шаптартпа құйысқанға жетпейді.
Қанша жақын болса да туысқанға жетпейді.

Өткелім саяз деме, таяғынды салып бойлат.
Ісім макұл деме, ағайынға салып ойлат.

Сара жолдың кадірін адасқанда білерсің,
Қарындастың кадірін қарасқанда білерсің.

Сарт садағам, өзбек өз ағам.

Сұрастыра келе қарындас бөле болдық

Таудың басын көр де қасына барма,
Туысқанның ықыласын көр де асына барма.

Тобылғылы шұбардан панасыз таудың несі артық?

Қадір білмес туғаннан құныңды білер дос артық.

Төркінге сенгеннің төбесі тесік.

Төркін десе қыз төзбейді,
Көкпек десе түйе төзбейді.

Төркініне келген қыз төрге секірер.

Төс айылдың батканын,
иесі білмес, ат білер.

Ер жігіттің қадірін,
ағайын емес, жат білер (Бұқар жырау).

Туасы жаман туғанын жамандайды.

Туғанмен туған табысар,

Тумағанға таудай пәле жабысар.

Туғаннан сала ма, тумағаннан сала ма?

Туғаным — туырлығым, қарыңдасым — казынам.

Туғаныңмен туыспасаң кең дүниеге сыйыспассың.

Тумағанның түбі шикі.

Тумаң бар, туысқандай болмайды,
Тұрман бар, құйысқандай болмайды.

Туысқан бар болсаң іздеседі, тіпті "сіз" деседі.
Жоқ болса қашады, тіпті артынды ашады
(Нақысбек шешен).

Туысқан өкпеге тепсе де өлімге қимайды.

Туысы бірге түспейді,
Түбі бірге кетпейді.

Туысы бірдің қонысы бір,
Туысы бірдің уысы бір.

Туысы жақын жақын емес, қонысы жақын жақын.

Тұз десе түйеде тағат жоқ,
Төркін десе қызда тағат жоқ.

Түбі бірге тебісер де табысар.
Түбі бірге түнекте де табысар.

Түбін білмеген түгін білмейді.

Тіріде сыйласпаған ағайын
құм құйылсын көзіңе (Махамбет)

Үйірінен айрылған айғыр ат болады,
Көңілді қалдырған ағайын жат болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?