Статистикалық мәліметтер. Информатика, 8 сынып, дидактикалық материал.
Таратпа материал
Карточка 1
Excel электрондық кестесінде пайдаланылатын мәліметтер типін жікте және мысалдар келтір
Дескрипторы:
1б. Кем дегенде 3 типті толтырды
1б. Әрбір тип үшін мысал келтірді
1б. Барлық типтерді толтырды, әрқайсына кем дегенде 2 мысал келтірлді.
Карточка 2
- Microsoft Excel электрондық кестесін аш
- В бағанын айрықшала (бүкіл бағанды айрықшалау үшін оның атына шерту қажет), және бағанды сары түске боя.
- 3 жолды айрықшала (жолды айрықшалау үшін оның номеріне шерту қажет) және осы жолды қызыл түске боя.
- Жаңа бет жаса. Оған келесі кестені құрастыр:
№ | Дата | Тауардың аты | Саны | Теңгемен бағамы | % үлесі |
1 | 25.02.02 | Кітаптар | 25 | Т 2558 | 35% |
Ұяшықтарға келесі форматтарды орналастыр (ПКМ-Формат ячеек):
№ - жалпы формат
Дата - формат Дата
Тауардың аты – мәтіндік формат
Саны – сандық формат
Бағасы – ақшалай формат
% үлесі - пайыздық формат.
Дескрипторы
Жалпы форматты дұрыс қолданды
Дата форматын дұрыс қолданды
Мәтіндік форматты дұрыс қолданды
Сандық форматты дұрыс қолданды
Ақшалай форматты дұрыс қолданды
Пайыздық форматты дұрыс қолданды
Карточка 3
Келесі ақпаратты құрылымға келтіріңіз:
Сыныпта 5 оқушы бар. Ақылов Арнур баскетбол секциясына барады және оның жасы 12-де. Алтынай Омарова биге қатысады және оның жасы 14. Дима Уваров – футболшы және ол 15 толып қойды. Белов Алексей де баскетболшы, жасы 14, ал Сергазин Болат футболға барады жасы – 13 те.
Дескриптор
Оқушы:
- қажетті жол және баған санын анықтай алады;
- кестеде баған аттары анықтай алады;
- оқушылардың ең үлкен, ең кіші және орта жастарын анықтай алады;
- жалпы қосынды жастарын анықтай алады.
Карточка 4
Келесі ақпаратты пайдалана отырып, электрондық кесте жасаңыз:
Мараттың бойы 1 м 70 см, көзінің түсі жасыл. Жасы 18-де. Салмағы 65 кг. Ол университеттің 1 курсында оқиды. Апайы 21 жаста. Оның бойы ұзын емес, небәрі 1 м 55см. Салмағы 56 кг. Көзінің түсі – қоңыр. Ол университеттің 3 курс студенті.
Анықтаңыз:
- кестенің бағанының аттарын
- Марат және оның апайының орта, максималды және минималды жастарын
- Марат және оның апайының жалпы бойларының ұзындығын
- әрбір бағанның мәліметтер типін
Дескриптор:
- оқушы ақпаратты кесте түрінде көрсете алады
- кестенің бағандарының атын анықтай алады
- орта жасты анықтау үшін формула пайдалана алады
- жалпы бойды анықтайтын формула құрастыра алады
- әрбір бағанның мәліметтер типін анықтай алады
Карточка 5
- Мәліметтер форматы және оған сәйкес мысалдарды сызықпен қос
- Кестені құрастырып, тауар және саны үшін сәйкес форматтарды анықта
Дескриптор:
- оқушы мәліметті сәйкес мысалымен қосады
- электрондық кесте құрайды
- мәліметтер форматын нақтылайды
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?