Кенен Әзірбаев (Балуан Шолақпен кездескенде)

 Кенен Әзірбаев (Балуан Шолақпен кездескенде)

Мен келдім сәлем беріп, батыр аға.
Атағың кең жайылған Сарыарқаға.
Бала едім жаңа талап, іздеп келдім.
Өзіңнен сұрайын деп ақыл, аға.
Атағыңа, ардақты аға, құмар едім,
Нашарға саяң түскен шынар едің,
Қасыңда тоғыз жігіт жолдасың бар,
Жақтырсаң мен де бірге пшғар едім.
Көзіңнің қырын салшы, Балуан аға,
Даңқыңыз талай елге барған. аға,
Бала едім жаңа талап ақын - әнші,
Әніңді үйренейін алуан, аға.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!