Сперматогенез бен оогенездің айырмашылықтары. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


Тапсырма дискрипторы:

-жұмыртқа жасушасының құрылым компоненттерін оның қызметімен байланыстырады;

-сперматозоидтың құрылым компоненттерін оның қызметімен байланыстырады;

- құрылым копмоненттерінің қызметінің маңызын түсіндіреді.

Жұмыртқа жасушасының құрылысы.

Аналық жыныс жасушасы (яйцеклетка); (ovocytus; лат. ovum — жүмыртқа; гр. kytos - жасуша) — ядросында хромосомалардың жекеленген жиынтығы болатын, пісіп жетілген ұрғашы жануарлардың жыныс жасушасы. Сперматозоидтармен салыстырғанда аналық жыныс жасушасының (жүмыртқа жасушасының) саны аз, көлемі бірнеше есе үлкен келеді. Оның цитоплазмасында ұрықтың дамып жетілуіне керекті қоректік заттар — сарыуыз қорланады. Жыныс жасушаларының диаметрі, олардың цитоплазмасындағы қорекгік заттар қорының (сарыуыздың) мөлшеріне тікелей байланысты болып келіп, 100 мкм бірнеше см дейін өзгеріп отырады. Сарыуыздың мөлшеріне және жұмыртқа жасушасы цитоплазмасындағы орналасу сипатына сөйкес жұмыртқа жасушасы бірнеше түрге бөлінеді. Пісіп жетілген аналық жыныс жасушасы ядросының ядрошығы ірі болып келеді. Ядрошық рибосомалар мен РНҚ-ның түзілуіне белсенді қатысады. Сүтқоректілер аналық жыныс жасушасын сыртынан біріншілік қабық ша — плазмолемма (сарыуыз қабық шасы) және оның сыртыңдағы екіншілік - фолликулалы қабық ша (аналық жыныс безі — жұмыртқалық жасушаларының туындысы) қаптайды. Бұлардың аралығында мөлдір аймақ болады. Құстардың , бауырымен жорғалаушылардың, жұмыртқа салушы сүтқоректі жануарлардың аналық жыныс жасушасы біріншілік және үшіншілік (жүмыртқа жолының өнімдері - ақуыз , әк қабық асты жұқа қабық , әк қабық ) қабықшалармен қапталған. Аналық жынысжасушасының халықаралық атауы — " овоцит ". Жұмыртқа жасушасының пішіні дөңгелек немесе сопақ болып келеді. Ол дене жасушасына тән құрылымдардан құралған. Бірақ, оның цитоплазмасында центросома (жасуша орталығы) органелласы болмайды, ядросында хромосомалардың гаплоидты жиынтығы болады. Сүтқоректілер жұмыртқа жасушасын сыртынан екі қабық : тікелей біріншілік қабық (плазмолемма) және екіншілік қабық (фолликулалы қабық ) қаптайды. Аналық жыныс жасушасы ұрықтану арқылы жаңа организмнің пайда болуына қатысып, ұрыққа аналық организмнің тұқым қуалаушылық қасиеттерін жеткізеді.

Сперматозоидтың құрылысы.

 Аталық жыныс жасушасы , спермий (грек. spеrma – тұқым) – аналық тұқым жасушасымен қосылып,  жануарлар мен өсімдіктердің жыныстық көбеюіне қатысатын ұрық жасушасы.

 Аталық жыныс жасушасы төменгі сатыдағы өсімдіктер бойында аталық гамета ретінде дамып жетіледі. Олардың аналық гаметаға қарағанда мөлшері ұсақтау келеді, үнемі қимыл-қозғалыста болатын талшықтары болады.

 Сперматозоид сперматогенез процесінің (адам мен жануарлар аталық безінде сперматозоидтардың түзілуі) нәтижесінде пайда болып, аналық жұмыртқа клетканы ұрықтандырады. Адам сперматозоидының орталық көлемі 16 – 19 мкм3.

 Сперматозоидтың талшығы (құйрығы) қозғалу қызметін атқарып, сперматозоидты жылжытады, онда аденозин үш фосфор қышқылын ыдырататын белок, денесінде қысқа басы болады. Басында аталық тұқым қуалайтын материал сақтайтын ядросы бар. Оның алдыңғы жағында акросома (Сперматозоидтың жұмыртқа қабығы арқылы өтуіне жағдай жасайды) орналасқан. Сперматозоидтардың тіршілік ету ұзақтығы да әр түрлі. Мысалы, әйелдің жатырында 3-5 күн.

 

Жұмыртқа жасуша

Аталық жасуша

Құрылысы

Жұмыртқа жасушасы цитоплазмамен қоршалған ядродан және оны мөлдір қабық пен фолликула қорғап тұрады

Сперматозоид бас, орталық және құйрық бөлімдерінен тұрады. Бас бөлімінде хромотин жипшелері тығыз ширатылған ядродан, алдыңғы бөлігі аналық жұмыртқа жасушасына енуге мүмкіндік беретін ферменттер бөлетін акросомадан тұрады. Орталық бөлігі көптеген митохондриядан тұратын шиыршықталған жіпшеден тұрады. Бұл сперматозоидтың жатыр мойынынан, жатырдан және жатыр түтігінен өтуіне қажетті АТФ энергиясын өндіреді. Құйрығы немесе "талшығы" сперматоцитке қозғалуға мүмкіндік береді.

Түзілетін жері

Аналық жыныс безі

Аталық жыныс безі

Өлшемі

Сперматозоидпен салыстырғанда үлкен. Өлшемі 0,15 тен 0,2мм дейн болады.

Жұмыртқа жасушасымен салыстырғанда өте кішкентай. Сонымен қатар, ол ағзадағыда ең кіші жасуша болып саналады.

Пішіні

Жұмыртқа жасушасы - адам ағзасындағы ең үлкен жасушалардың бірі. Ол дөңгелек пішінді және бетік ауданына қатысты ең үлкен көлемге ие. Жасуша цитоплазмасы мол, ядросы ұрықтанбай тұрып ериді.

Сопақ пішінді басы, берік орталық бөлімнен және қозғалуға мүмкіндік беретін құйрығынан тұрады.

Өндірілген саны

бір менструалды кезеңде тек бір жасуша бөлінеді

бір рет бөлінген шәуетте миллион жасуша

Температура

тіршілік әрекетін сақтауға дене температурасына сәйкес болуы қажет

тіршілік әрекетін сақтау үшін дене температурасынан 2 градусқа төмен болуы қажет

Түзілу кезеңі

жұмыртқа жасушалары аналық дараның туылғанға дейін түзіліп, менапауза кезеңіне дейін жалғасады

сперматозоид жыныстық жетілу кезеңінен кейін түзіледі және өмірінің соңына дейін жалғасады

Тіршілігі

Жұмыртқа жасушасының тіршілігі қысқа. Аналық безден бөлініп шықанан кейін 12-24 сағатта ұрықтанбаса ыдырап кетеді.

Сперматозоид тіршілігі қысқа. Жатырға түскенен кейін 3-5 күн тіршілігін жалғастыра алады.

Сақталуы

сақтау мүмкін емес

мұздатып сақтап қоюға мүмкіндік береді

Заттардың алмасуы

белсенді

баяу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу