Натрий-калий сорғысы белсенді тасымал механизмінің мысалы ретінде. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ: | Мектеп: Химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Шажанбаева Сауле Ермаганбетовна | ||||||
Сыныбы: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақ тақырыбы | Натрий-калий сорғысы белсенді тасымал механизмінің мысалы ретінде | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Оқушылар орындай алады: 11.1.3.4 - натрий-калий сорғысы мысалында белсенді тасымалды түсіндіру | ||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар: Белсенді тасымалды анықтай алады; Трансмембраналық фермент ұғымын натрий-калий сорғысы атауымен сипаттай алады; Na-K сорғысының әрекет ету механизмін түсіндіре алады | ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар орындай алады: Жасуша мембранасының сұйық мозаикалы моделді және белсенді, енжар тасымалдануды қорытындылайды. Трансмембраналық фермент ұғымын натрий-калий сорғысы атауымен түсіндіреді. Na-K сорғысының әрекет ету механизмін сипаттайды. Na-K сорғысының әрекет ету механизмінің, тірі ағзадағы (адам мен өсімдіктегі) маңызын түсіндіреді. | ||||||
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: Суреттерді қолдана отырып, натрий-калий сорғысының әрекет ету механизмінің суретін салады және құрастырады. Пәндік лексика мен терминология: Белсенді тасымал, градиент концентрациясы Na/K сорғысы, экзоцитоз, эндоцитоз, диффузия, жеңілдетілген диффузия, Na+/K+-ATФ-aза Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы 1.Натрий-калийі сорғысы белсенді немесе пассивті тасымалданудың қайсысына жатады? 2.Натрий- калий сорғысына энергия көзі болып табылады? 3. Нәруызды –тасымалдаушы сорғысы натрийдің қанша ионын қосып алады? 4.Натрий ионы қай бағытта қарай өтеді? 5. Нәруызды –тасымалдаушы сорғы қанша калий ионы қосып алады? 6. Калий ионы қай бағытқа қарай өтеді? 7.Унипорт, симпорт немесе антипорт белсенді тасымалға жатады ма? 8.Натрий ионы және калий ионы концентрация градиентіне қарсы қозғала алады ма? 9. Тасымалданудың бұл түрі қандай жасуша үшін өте маңызды болып табылады? | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақ оқушылардың бойында келесі құндылықтарды академиялық адалдығын, жауапкершлігі мен көшбасшылығын, ұжымда жұмыс жасау қабілеттерін дамытуға бағытталады. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Химия | ||||||
Алдыңғы білімдер: | Жасушалық биология – 9 – 10 сыныптар Молекулалық биология – 9 – 10 сыныптар Тасымалдау – 7 – 10 сыныптар Координация және регуляция – 10 сынып Қоректену – 9 сынып | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-10 минут 10-20 мин | С) (ҚБ) Оқушылармен «Бомба» ойыны арқылы жасуша мембранасының сұйық мозаикалы моделін қарастырады. «Бомба!» ойынын, қажет болған жағдайда өзгертуге болады, мысалы, жарылатын доп болуы мүмкін – кездейсоқ таймермен анимация құрылады. Бомба ретінде жұмсақ доп оқушыларға лақтырылады. Допты қағып алған оқушы: 1. Тақырып бойынша кез-келген ақпарат айтады. 2. Тақтаға жасуша мембранасының суретін салады. 3. Жасуша қабықшасының әр бөлігінің атауын анықтайды. 4. Жасуша мембранасының құрылысы мен оның қызметін сәйкестендіреді Бағалау критерйі: Оқушыларға дұрыс жауап ұсынылады. Мақсатты тұжырымдауЖаңа тақырып пен оқу мақсаттарын айқындау (2 мин) Оқылым стратегиясы «Талқылау» Оқушыларға активті тасымалданудың анықтамасы мен мысалдарына арналған дұрыс емес сөйлемдер беріледі Тақырып туралы пікірталас жасалады. Мұғалім тақырыптың мазмұны бойынша 4 сөйлем құрастырады, содан кейін оларды сыныптың 4 бұрышына жабыстырады. Оқушылар сөйлемдерді оқып, ең көп келіспейтін сөйлемнің жанында тұрады. Топ тақырып бойынша келіспеушіліктің себебін түсіндіреді. (Т) (ҚБ) Ақпараттық материалды 5 минут көлемінде оқу. Мәтінді оқығаннан кейін «Ақыл-ой» картасын жасау тапсырылады. Активті тасымалдану туралы ақпаратты пайдалана отырып, ақыл-ой картасын жасайды. Картаны құруға қойылатын талаптары: 1.Активті тасымалдануға анықтама беру; 2.Активті тасымалдану түрлерін анықтау; 3.Активті тасымалдануға мысалдар келтіру; | Анимация для игры «Бомба!»: http://www.kscience.co.uk/animations/pass_the_bomb.htm
Тақта, маркер https://www.khanacademy.org/science/biology/membranes-and-transport/active-transport/a/active-transport Қосымша дидактикалық материал | |||||
Сабақтың ортасы 20-27мин 27-35 мин 35- 60 мин 60-65мин 65-75мин | (М) Мұғалім оқушыларға трансмембраналық фермент ұғымын натрий-калий сорғысы атауымен түсіндіреді және оның басқа да балама атаулары бар екенін айтады: Na+/K+-АТФаза / Na+/K+ сорғы. Тыңдалым стратегиясы (2 мин) Оқушылар Na / K сорғысының механизмі туралы бейне материалдарды қарайды. Бейне жазбаны қөргенен кейінгі іс -әрекет (3 мин) Оқушыларға қалдық/іздік (остаточный) потенциалды қосып Na/K сорғысының әрекет ету механизмін жұпта қарастырады. «Сәйкестендіру» / Жеке жұмыс 5мин Na-K сорғысының әрекет ету механизмі суреттеріне сәйкес сипаттамаларды құрастырады. Кейбір оқушыларға Na-K сорғысы жұмысын түсіндіретін суреттер сериясын салу тапсырылады. Қалыптастырушы бағалау Оқушыларға Na-K сорғысының әрекет ету механизмінің дұрыс жауабы беріледі. Топтық жұмыс 25 мин Na/K сорғысының тірі ағзада жүретін үдерістер үшін маңызыдылығын түсіндіру. Gp.1Аш ішектегі Na/K сорғысының жұмысы Gp.2Жүйке жасушасы мен бұлшықеттегі Na/K сорғысының жұмысы Gp.3Бүйректегі Na/K сорғысының жұмысы Оқушылар жұпта/ топта жоғары келтірілген мысалдар негізінде Na/K сорғысының тірі ағзадағы рөлін зерттейді ЗЕРТТЕУГЕ 15 МИНУТ УАҚЫТ БЕРІЛЕДІ. БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ: Әр топқа 3 мин уақыт беріледі. Диаграммалар мен суреттерді өз сөздеріңізбен түсіндіруге болады; Дайын презентацияларды power point түрінде көшіріп қолдануға болмайды; Жұмыстарыңызды постер, плакат түрінде ұсынуларыңызға болады; Қосымша тапсырма ретінде оқушыларға Na-K сорғысын ашылуы туралы (1950 ж. ашылғанына қарамастан Нобель сыйлығы 1997 ж. берілгені, туралы), сорғыны белсендендірудегі цАМФ маңызы, медицинада қолданылатын дигоксин мен уабаиннің жүректің жасушалары мембранасында орналасқан Na-K сорғысына әсері туралы тереңірек қарастыру сұралады. (ҚБ)Оқушыларға блум таксономиясы негізінде төмен ойлау деңгейі және жоғары ойлау деңгейі дағдысын дамытуға арналған тапсырмалар беріледі. | Интернет ресурстар, тапсырмалармен карточкалар Презентация, слайдтар 20-24 http://www.myshared.ru/slide/472109/ https://www.pinterest.co.uk/pin/53269208076624065/ Қосымша ақпараттық материалдар Biology Coursebook https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/21642827 | |||||
Сабақтың соңы 75-80мин | Үйге тапсырма беру: Қосымша тапсырма ретінде оқушыларға Na-K сорғысын ашылуы туралы (1950 ж. ашылғанына қарамастан Нобель сыйлығы 1997 ж. берілгені, туралы), сорғыны белсендендірудегі цАМФ маңызы, медицинада қолданылатын дигоксин мен уабаиннің жүректің жасушалары мембранасында орналасқан Na-K сорғысына әсері туралы тереңірек қарастыру.Сабақты қорытындылау. Рефлексия «ББҮ» кестесі Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді: Мен не білемін Нені білгім келеді Мен не үйрендім | ||||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Оқушылардың білімін бағалау үшін оқушыларға төмен ойлау деңгейі және жоғары ойлау деңгейі тапсырмалары беріледі. | Білімді қайта жаңғырту мақсатында Бомба ойынын қолданамын. Оқушылар өздерінің сыныптастарының жауаптарын мұғалімнің көмегімен өзара бағалайды. Талқылауға арналған тапсырмалар оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамытады және ой бөлісуге көмектеседі. Сәйкестендіру кезінде суреттердің көмегімен Na –K сорғысының әрекет ету механизмін құрастырады және өзін – өзі бағалайды. | Сыныпта қозғалу барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?