Заттар тасымалдануының симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдары және олардың маңызы. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Школа: | ||||
Күні | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақ тақырыбы | Заттар тасымалдануының симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдары және олардың маңызы | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.3.2 - заттар тасымалданудың симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдарының мәнін түсіндіру | ||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология: Жаппай ағын гипотезасы,жылжу, флоэма, сахароза, ерітінді, сүзгілі түтік, дереккөз (жапырақтар), акцепторлық мүше, (өсу және жинақталу орталықтары), жылдық сақина, біте, стилектомия, бізтұмсық, балтамша , тургорлық қысым, сүзгілі түтік пластинкалары, цитоплазма, жүктеме, босату қабық (ағаштың) Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Жаппай ағын гипотезасына сәйкес… Жылдық сақинамен жүргізілетін эксперименттен алынған гипотезаны негіздейтін деректер: Қабық сегменті ағаштан сылынып алынған кезде, ағаштың жоғарғы бөлігінде ағаш безі (буылтығы) түзіледі | ||||
Құндылықтарды дарыту
| Бәсекеге қабілетті ұрпақтарды үштілде білім алуға итермелеу. Оқушыларды патриотты сезімге тәрбиелеу. Болашақ ұрпақтарды өмір бойы білім алуға бағыттау. Салауатты өмір салтын сақтау. | ||||
Пән аралық байланыстар | Химия, физика. | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, флипчарт, ғаламтор, ноутбуктер | ||||
Ұсынылатын бастапқы білім
| Оқушылар: Оқушыларға осы тарауды игеруге қажетті білім, дағды немесе тәжірибе. Бұл тарауда алдыңғы өтілген жасуша, жасуша мембраналары мен жасуша мембраналары арқылы тасымал механизмі пайдалы болады. Игеруге арналған алдыңғы тараулар: Жасушалық биология: 9, 10 Молекулалық биология: 9, 10, Тасымал: 6, 7, 8, 10, 11. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы (үндеу)
1-3мин | Амандасу. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жақсы көңіл-күй қалыптастыру. Оқушылардың түгелдігін, сабаққа даярлығын қадағалау. Шартты белгілер: С = барлық сыныпты оқыту Т = топтық жұмыс Ж = жұппен жұмыс Жж = жеке жұмыс Э = эксперимент К/Д =көрсетілім/Демонстрация М = мұғалімнің түсіндіруі Қ = қалыптастырушы бағалауды қолдау @= қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер (С) Оқушылармен сабақ мақсаты бағалау критерилері және қалыптастырушы бағалау шарттары айтылады. | MS PowerPoint презентация таратпа материал | |||
3-8мин 8-13мин
13-30мин 30-33мин 33-38 мин | (С) Оқушыларға өсімдік жасушасының суретін дұрыс салуды және құрылысын жазуды тапсырыңыз. Оқушылар үшін тақтаға өсімдік жасушасының суретін құрылымдық бөліктерімен бірге салыңыз, келесі тақтаға қателіктерін түзете отырып салыңыз. Салған жасуша қабырғасынан Каспари белдемшесін бояп көрсетіңіз және Каспари белдемшесі су жолын бөгейтін өткізбейтін барьер екендігін түсіндіріңіз. (М) Оқушыларға өсімдік тамырының анатомиялық құрылысын түсіндіріңіз. (Т)(ҚБ) Оқушылардан өсімдік жасушалары арқылы қоректік заттардың өтуінің 3 жолын әр түрлі түсті пайдалану арқылы сурет салуды сұраңыз.
(Т)Тасымалдау жолдарының ерекшеліктері туралы кластер құруды ұсыну Бағалау критерийлері: * суретте симпласттық, апопласттық, вакуолярлық су тасымалдау жолдарын белгілейді; * кластерде өсімдіктердегі су тасымалдануының әрбір жолының мәнін көрсету керек. Сонымен қоса заттарды тасымалдау жолдарын сіріңке қорапшасына сұйықты қапшықтар салу (вакуольді түсіндіру үшін) арқылы модельдеуге болады. Бағалау: өзара топтық бағалау (С) Тасымалдау жолдарының атауларын есте сақтау үшін анимация көрсетіледі. Оқушылардан өздеріне берілген жолдарды толық түсіндіруді сұраңыз, мысалы осмос/жеңілдетілген диффузия болса анықтамасын айтуды ұсыныңыз. (Жж) (ҚБ) Оқушыларға «ыстық орындық» ойынын ойнауды ұсыныңыз. "Ыстық орындық" ойынында оқушылар орындыққа кезекпен отырады (оған интербелсенді тақтадағы жасырынған сөздерді қарамау тиіс!!!) және тақтада тақырып бойынша сөздер немесе сурет бейнеленеді, қалған балалар «крокодил» ойынында сияқты, бұл сөзді айтпай түсіндірулері керек, бірақ синонимдер және біртүбірлі сөздерді пайдаланбау керек. | MS PowerPoint презентация Өсімдіктердегі заттардың тасымалы жөнінде теориялық материалдар мен суреттер: 1)http://www.ebio.ru/org12.html 2)http://biologylib.ru/books/item/f00/s00/z0000018/st176.shtml апопласт симпласт вакуолярлық жолдар
Тамырдың құрылысы жөнінде видеоматериал: https://www.youtube.com/watch?v=vbgId5p14EM Судың қозғалысы жөнінде видеоматериал: https://www.youtube.com/watch?v=JFb-CWlz7kE (1мин 20с) А3, маркерлер Макет үшін (сіріңке қорапшасы, сұйықты қапшықтар) тасмалдаудың үш жолын да көрсететін интерактивті анимация (өзіңіз қарағыңыз келетінін таңдап алыңыз): http://www.kscience.co.uk/animations/transpiration.htm
| |||
Сабақтың соңы (рефлексия) 38-40 мин. | Үй тапсырмасы Параграф оқу(қажет болған жағдайда презентацияны қайта қарау). Терминдердің анықтамаларын білу. Апопласт, вакуолярлы, симпластты транспорт түрлері. Рефлексивті экран Әрбір оқушы экрандағы сөздерді бір сөзбен кезегімен жалғастырады. : 1.Мен бүгін білдім… 2.Қызықты болды… 3.Қиын болды… 4.Мен тапсырманы орындадым… 5.Мен түсіндім, келесіні… 6.Енді мен білемін… 7.Мен істейалдым… |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Әлсіз оқушылар үшін: Мықты оқушылар оларға топтарда жұмыс істеуі кезінде көмектеседі (топтарда жұмыс істеу кезінде, транспорттық жолдарының сызбалық суретті салған кезінде көмектеседі). Мықты оқушылар үшін: Әлсіз оқушыларға көмектесу керек көмектеседі (топтарда жұмыс істеу кезінде, транспорттық жолдарының сызбалық суретті салған кезінде көмектеседі). | (1) Тақырыпты меңгеруге үндеу барысында оқушыларда оқу құзыреттіліктерінің қалыптасуының деңгейіне қалыптастырушы бақылау. (2) Жұптық, топтық жұмыс барысында бағалау. |
| |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдерісақталдыма? Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен? |
| ||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?