Гимнастикалық жаттығулардағы реттілік. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 33 сабақ.
№33 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық
Тақырып: Гимнастикалық жаттығулардағы реттілік.
Гимнастикалық жаттығулардың әсері:
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына:
- Дене жаттығулары;
- Гимнастика;
- Ойын;
- Туризм;
- Спорт;
- Табиғи фарторлар жатады.
Дене жаттығулары – бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерінің жұмысын дамытады.
Ойын – оқушыларды жылдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Ойын барысында оқушылар белсенді, тапқыр, ұйымшыл болуға дағдыланады.
Туризм – оқушыларды төзімділікке, ұжымшылдыққа, еңбек сүйгіштіккке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт – оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және мральдік еріктік қасиетін дамытатын дене тәрбиесінің құралы.
Дене тәрбиесінде маңызды құралдардың бірі табиғи факторлар. Оларға күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау жатады. Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді.
Гимнастика – арнай жаттығулар жүйесінен тұратынадам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер.
Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш қуатының, сымбасттылығымен т.б адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығын дұрыс қалыптасуы. Жалпы, адамның адами болмысын қалыптастырады.
Сабақтың кіріспе бөлімінде Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
- Жүру жаттығуларын орындау;
- Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
- Жылдамдыққа жүгіру;
- Тынысты қалыпқа келтіру
Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Сабақтың негізгі бөлімінде
Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:
Тапсырма
Гимнастикалық жаттығулардан кешенді жаттығулар жиынтығын көрсету.
1. артқа аунау
2. жауырынға тұру
3. көпірге тұрып бір аяқ немесе бір қол көтеріп аударылып түсу
4. шпагатқа отыру (түрлі әдісте)
5. секіріп алға аунау
6. колесо жасау
7. жартылай сальто айналу
Осы жаттығуларды ұлдар және қыздар бірге орындап, көрсету қажет. Әр оқушы жекелей жұмыс жасап, кешенді жаттығулардың кем дегенде 4-5 түрін қосып көрсету.
Бағалау:
Қызыл түс - жаттығуды орындауда кемшіліктер бар;
Жасыл түс – жаттығуды орындалу техникасына сай көрсетеді
Әр оқушы неғұрлым жасыл түсті стикерге иелік етсе соғұрлым жоғары ұпайға ие болады.
Уақыт қалса, шағын топта гимнастикалық жаттығулардан эстафеталық ойын ойнату.
Сабақтың қорытынды бөлімінде
Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?