Қозғалыс үйлесіміне арналған іс-қимыл ойындары. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал.


Қалыптастырушы бағалау

Дене шынықтыру

3-сынып

1-тоқсан

Бөлім

Қозғалыс және спорт ойындар.

Бөлімше

Қозғалыс үйлесімділігіне, координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар.

Оқу мақсаты

3.1.3.1. Жаттығуларды орындау кезінде дене қасиеттерді анықтау және орындау.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну, қолдану.

Бағалау критерийі

Қозғалмалы жаттығуларды орындау кезінде дене қасиеттерін анықтайды, орындайды.

Тапсырма

Оқушылар шеңберге тұрады. Мұғалім бірінен соң бірін 2-3 допты шеңбердің ортасына домалатады. Доптар тоқтамауы және шеңбердің сыртына шықпауы тиіс, оларды аяқпен немесе қолмен итеруге болады. Егер оқушылар ойын шартын дұрыс орындаса, мұғалім қосымша доптарды енгізеді. Егер доп ортада тоқтап қалса, мұғалім оны алып тастайды. Шеңбердегі доп саны бойынша рекорд орнатуға тырысу керек.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Қозғалмалы жаттығуларды орындау кезінде дене қасиеттерін анықтайды, орындайды.

Оқушы

- қозғалмалы жаттығуларды орындайды;

- қозғалмалы ойындарда дене қасиеттерін анықтайды, маңызыдылығын айтады;

-тапсырма маңызыдылығын (допты лақтыру, қағып алу) анықтайды;

-тапсырмалар барысында әділ, айқын ойын міндеттерін орындайды;

-қатесіз тапсырманы орындауды (қозғалыс үйлесімділігі, допты тура лақтыруды) қолданады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу