Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары.


Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене

шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ № 11

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Іс-қимыл және спорттық ойындары.

Ортақ тақырып: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.4.1 Рухани -адамгершілік құндылықтар және патриоттық сезімді салыстыру.

 Сабақ мақсаттары

Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындардың көмегі арқылы қозғалыс дәлдігі, реакция жылдамдығы дамыту. Қозғалыс дәлдігін, зейін қою, реакция жылдамдығын дамыту.

 Бағалау критерийлері

Рухани -адамгершілік құндылықтар және патриоттық сезімдердің қасиеттерін анықтайды және мән береді.

 Тілдік мақсаттар

 

Пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін қолдану (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдаужәне пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері).

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Қозғалыс дене тәрбиесіндегі барлық меңгеру құралы ретінде байланысты дамыту және нығайтуға маңызды үлес қосады. Шынымен, қозғалыс тәжірибесі арқылы оқушылар қорашаған ортамен қарым-қатынасқа түседі және бұл арқылы танымдық түсінік пен тіл дамуы негізі болатын концептілерді қалыптастырады.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, жас өспірімдер физиологиясы.

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану.

Бастапқы білім

Бөлімда балалар іс-қимыл ойындарындағы күнделік қозғалыстар және комбинациялармен шығармашылығын танытып, спорттық ойындардың алуан түрімен танысады. Оқушылар жұппен, шағын топтарда және қолданыстағы дағдылары мен іс-қималдардың жүйелілігін дамыту үшін жеке жұмыс істейді, оларды сабақ кезінде көрсету үстінде орындайды және бағалайды.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Таңдап алынған қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық. «Үйшік» шеңберлерді белгілеу үшін бор немесе гимнастикалық шеңбер

Реакция жылдамдығы ойындарына интернет ресурс сілтемесі:

http://flaminguru.ru/pi83.html

Сабақтың ортасы

(Б, Ж, Тәж) «Командалық қуаласпақ».

Сынып екі командаға бөлінеді. Олардың біреуі реттік нөмірлері бойынша саналады және волейбол алаңынан тыс сызықтың бойынша біркелкі орналасады. Басқа команданың ойыншылары 3-4 шағын шеңбер салынған алаң шеңберінде еркін орналасады. Мұғалім нөмірді атайды, осы нөмірі бар бар ойыншы алаңды таңдайды және қарсылас ойыншыларды қуып жетуге тырысады. 10-15 секундтан кейін келесі нөмір айтылады. «Қуаласпақтан» қашып, ойыншылар қорғаныс шеңберлеріне кіре алады, онда бір ойыншыдан артық болмауы тиіс.

(Б, Ж, Тәж, Ф) «Соңғысын ал».

Оқушылар екі командаға бөлінеді және сөренің ортақ сызығында бағанға сапқа тұрады. Бағанның алдында 15 м қашықтықта қалашықтар, шоқпарлар, текшелер бір қатарға қойылған. Заттар саны екі командадағы жалпы қатысушылар санынан біреуі кем. Сигнал бойынша бағандардағы қатысушылар заттарға жүгіреді және шетінен бастап бір жағынан, біреуі оң жағынан, екіншісі сол жағынан алады. Артқа оралып, өз бағанын артынан айналып жүгіреді және өз бағанындаы келесі ойыншыға қолын тигізеді. Сол ойыншы затқа жүгіреді. Ойыншысы соңғы затты алған команда жеңіске жетеді.

Гимнастикалық заттар және ойын жүргізу үшін таңдап алынған заттар

Реакция жылдамдығы ойындарына интернет ресурс сілтемесі:

http://flaminguru.ru/detigr9-13.htm

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Оқушалардан бұл ойындарда қандай тәуекел бар екенін және қимыл-қозғалыстардың мағынасын сұрау.

Оқушылардың өз бетінше таңдаған тірек-қимыл дағдыларын бақылау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды, жаттығуларды сапалы орындау, жаттығуларды қайталатып орындату, басқа оқушыларға үлгі ретінде қолдану.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен, жұппен жұмыс істеуі, қателерін түзеу, орындалуға мән беру.

Сабақ, жаттығулар, тапсрмалар барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Жаттығуларды орындау барысында дұрыс тыныс алу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу