Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жолдады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардан Қазақстан халқына Үндеуін жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Үндеуде 5-ші сайланған Парламент Мәжілісі өкілеттілігін тарату және кезектен тыс Мәжіліс сайлауын өткізу жайы жөнінде баяндалды.
«Құрметті қазақстандықтар! Мен Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және жаңа сайлау тағайындау туралы ұсынысын жан-жақты талдап, қарадым. Бұл күндері менің атыма бастамаға қолдау көрсеткен көптеген хаттар мен жеделхаттар түсіп жатыр”, – деді Назарбаев.
“Бастаманы саяси партиялар, кәсіподақ, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпорындардың, мекемелер мен оқу орындарының еңбек ұжымдары құптады. Оған ардагерлер мен жастардың ұйымдары, бизнес пен шығармашылық, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ көптеген жеке азаматтар қолдау көрсетіп отыр. Оны өздеріңіз ақпарат құралдарынан көріп, естіп отырсыздар. Менің атыма түскен үндеулерде келтірілген барлық дәлел, дәйектемелер маған түсінікті. Ол – елдің қамы”, – деді Елбасы.
“Қазір біздің қоғамымыз баяғы 1991 жылғы мүлдем бейтаныс ахуалға тап болған кездегідей абдыраған адамдар тобы емес. 24 жылдан астам уақыттан бері қарай жұмысымызды істеп, тәуелсіздікті нығайтып келе жатырмыз. Ширек ғасырға жуық абыройлы жолмен жүріп келе жатқан елміз. Біз жасампаз еңбекке шыңдалып, табысты қалыптасып, әлемге сыйлы мемлекет құрған біртұтас халыққа айналдық”, – деп жалғастырды президент.
Елбасы депутаттардың бастамасы Қазақстан мен қазақстандықтардың тағдырына отаншылдық тұрғыда қамқорлық танытудың көрінісі деп санайтынын да атап өтті.
“Мәжілістің кезектен тыс сайлауы, оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттарының сайлауы бар және өңірлік мәслихаттардың кезекті сайлауы бар. Осы екеуін қосып өткізу деген – ол уақытты да, қаржыны да үнемдеу деген сөз. Меніңше дұрыс ойластырылып отырған мәселе”, – деп қорытындылады сөзін Назарбаев.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?