Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 15 сабақ.
№15 сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырып: Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
- Жүру жаттығуларын орындау;
- Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
- Жылдамдыққа жүгіру;
- Тынысты қалыпқа келтіру
Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Сабақтың негізгі бөлімінде
«Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары»
Мақсаты: арнайы тапсырмалар арқылы қозғалмалы ойындардағы негізгі дағдыларды жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу.
Сипаттама: «Күзетшілер мен барлаушылар» немесе «Екі лагерь» ойынындағы жылдам жүгіру, серіктесіне көмек көрсету, қозғалыс дағдыларын дамыту үшін арнайы ойындар ойнайды.
Мұғалім әрекеті:
- оқушыларға бірнеше тапсырмалар ұсынады;
- сыныпты командаларға бөледі, оқушылармен бірлесіп ойын шартын нақтылайды;
- ойын кезінде жарақаттануды болдырмау мақсатында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді;
- ойын барысында жетістіктер мен кемшіліктерді айтып отырады;
Келесідей сұрақтар қою арқылы білімді бекітеді:
- Сіздер командадағы жұмыс дағдыларын қалай жақсарта аласыздар?
Оқушы әрекеті:
«Күзетшілер мен барлаушылар» немесе «Екі лагерь» ойынының мазмұны.
Дайындық.
Әзірлік. Ойыншылар екі тең командаға бөлінеді - «күзетшілер» және «барлаушылар» болып, олар алаңның қарама - қарсы екі жағынан бірінен - бірі 10-20 м. арақашықтықта сапқа тұрады. Алаң ортасынан командалардан бірдей арақашықтықта шеңбер сызылады. Оған доп немесе басқа нәрсе қойылады.
Ойынды баяндау. Барлаушылар командасы допты алып кетуі керек, ал күзетшілер командасы оны күзетуі қажет. Жетекшінің белгісі бойынша күзетшілер және барлаушылар командасынан бір ойыншыдан алаңның ортасына шығуы тиіс. Барлаушылар командасы допты алып кетуге тырысады, ал күзетшілер командасы оны бермеу керек. Егер барлаушы шекарасына жеткенше ұстай алмаса, онда өзі екінші команда құрамына кіруі қажет. Күзетші мен барлаушылардың барлыгы ойнап шыққанша ойын жалғаса береді. Ойыннын соңында қай команда көп тұтқын ұстайды, сол жеңімпаз болады. Екінші қайтара ойнаған кезде екі команда рөльдерін алмастырады. Осы ойынды күрделі түрде де өткізуге болады. Мысалы, ойыншыларды қаз қатар санап және тақ санды ойыншыларды «барлаушылар» деп, ал жұп санды ойыншыларды «күзетшілер» деп белуге болады.
Ережесі:
1. Алаңнын ортасына тек жетекшінің белгісі бойынша шығуы керек.
2. Қашып бара жатқан ойыншыны шекараға жетпей ұстауы керек. 3. Егер қашып бара жатқан адам допты шекарага жеткенше түсіріп алса, онда сол тұтқындалған болып есептеледі.
4. Егер барлаушьі допқа ұмтылып, бірақ оны ала алмаса, онда допты алып немесе барлаушыны ұстап алып тұтқын ретінде есептеуге болады.
Дискрипторлар:
- ойын ережесін мұқият түсініп алу;
- ережемен ойнау;
- қауіпсіздікті сақтау және мұғалімді мұқият тыңдау.
Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір оқушының ойын кезіндегі икемділік дағдыларының көлемін бақылап, бғалайды.
Қорытынды бөлімде:
Сабақтан алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізу.
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушыларға «кері байланыс карталарын» толтырып қалдыруды тапсырады.
ҚОРЫТЫНДЫ: Жалпы, қандай қимыл-қозғалыс ойыны болмасын, барлық ойындар оқушыға бағытталуы керек. Бала организмі қимыл-қозғалыссыз тұра алмайды. Ол жүгіруге, ойнауға, қозғалуға бейім тұрады. Сол себепті, қандай ойын болмасын, ережесін, мақсатын түсіндіре отырып ойнатып, оқушы бойындағы дағдыларды қалыптастыру.
Оқушыларға қосымша ресурстар тарату. Жаттығу, ойын түрлеріне сілтеме беру.
https://erketai.org/bala-densauligi/balalarga-arnalgan-dene-jattigulari/
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?